Экологиялық проблемаларды шешу жолдары
Қазіргі кезенде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарымөқатынастың күрделене түскені белгілі. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын күшейтті. Әсіресе хх ғасырдың екінші жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. ”Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз” деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізетін әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан – табиғи өзгеріс пен жел су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті.
Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми – техникалық өрлеумен тікелей байланысты
Адамзаттың өмір сүру жағдайларының жақсаруы, ғылыми– техникалық өрлеу табиғат пен қоғам арасындағы “алмасусыз” іске асу мүмкін емес. Бұл “алмасу” сөз жоқ табиғатқа зиян келтіреді. Ал, бұл өз кезегінде адамның денсаулығына, жер бетіндегі тіршілік дүниесіне келетін зиянға ұласады. Мәселе – осы зиянды болдырмау , мүмкіндігінше азайта білуде , табиғаттың өз тіршілігін сақтап, қалпына келтіруіне жағдай жасауда болып отыр. Экология туралы ғылымның көмегі де осы жерге керек.
Бізде материалдық өндіріске баға берудің екі өлшемі (әлеуметтік, эконмикалық) қалыптасқан. Ал, қазіргі өмір осы өлшемге экологияны да қосуды қажет етіп отыр. Әрбір салынатын өндіріс орнын әлеуметтік,экономикалық жағынан дәлелдеумен қатар, оның экологиялық жағдайларын қоса ескеріп негіздесе, бұл салада – қазір орын алып отырған
қателікке жол берілмес еді. Осылардың салдарынан Қазақстан қазір экологиялық жағдайы ауыр өлкенің біріне айналып отыр.
Экология қазіргі кезде адамзатты толғандырып отырған аса маңызды проблемаға айналды.Табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғамды, тіршілікті жойып жіберуге болатының көптеген елдер ттұсіне бастады. Біздің өмір сүріп отырған дәуірде техникалық құралмен қаруланған адамның жер шарын аз уақытта айналып өтуі де, құрта салуда оп – оңай. Сондықтан әлем халықтары ел тағдырларын экологиямен байланыстырып, экологиялық апатқа қарсы тұруы қажет. Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да республикада шешуін күтіп тұрған мәселе. Сырт қарағанда, оңай көрінгенмен, бұл мәселені шешудің күрделілігін де түсінуге болады. Ол үшін адамның менталитетін, оның моральдық, этикалық дағдыларын өзгерту керек, табиғат пен адамның арасында жаңа көзқарас қалыптастыру қажет.
Бізде бүгінгі экологиялық дағдарысқа ғылыми – техникалық өрлеу кінәлі, қазіргі даму жағдайларында ол болмай тұрмайды деген бір жақты пікір қалыптасқан. Ғылым жетістіктері табиғатқа зиян келтіруге арналмаған ғой. Сонымен бірге ол қоршаған ортаны қорғаудың да ,қалпына келтірудің де тәсілдерін ашты. Табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін немесе қалдықсыз технологияны өндіріске енгізу, өндірісті сумен қамтамасыз етудің қайтымды және тұйық айналымдарын қолдану, жылу мен энергияның дәстүрлі көздерін табиғи көздерімен алмастыру, топырақты табиғи тыңайту мен ондағы ылғалдың жиналуын, атмосферадағы газдың тепе – теңдігін сақтауды қамтамасыз ететін орман алқаптарын сақтау және қалпына келтіру – міне, экологиялық дағдарыстың бетін қайтаруға ғылымның берер ақыл- кеңесі осылар. Ғылыми- техникалық өрлеудің қазіргі деңгейі, қуатты компьютердегі талдаудың жүйелілік әдістері үлкен жобалардың моделін алдын ала талдауға мүмкіндік береді. Жобаны іс жүзінде асырмас бұрын оның табиғатқа тигізетін залалында есептеп, болдырмаудың жолдарын іздестіру қажет.
Табиғи компоненттері өзара үйлесіммен құралған. Оның даму жолының өзіңдік заңдылығы бар. Қазіргі экологиялық дағдарыстың түпкі себебі осы заңдылықты білмеуде , түсінбеуде, оған жөнсіз араласуда жатыр. Осыдан табиғаттың зат және энергия алмасу жүйесі бұзылады.Сондықтан әрбір қоғам мүшесі табиғат құбылыстары заңдылықтарымен аздап болса да таныс болуы керек . Экологиялық сауатсыздықты жою - үкіметіміздің халық арасында жүргізетін негізгі міндетіне айналуы тиіс.
Қоршаған орта мен табиғатты тиімді пайдалана отырып , оны сақтау үшін келеңсіз әрекеттерді жасамау осы кездегі ең басты бағыты болуы тиіс. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында , ірі өндіріс орындпрында, ғалымдардың ғылыми жұмыстарында табиғаттың байлығын адамның игілігіне тиімді жаратуды қарастыру керек. Табиғаттың байлығын адамның қажеттілігіне жаратудың орнына жаппай үлкен қауіп төндіретін ядролық, экологиялық, биологиялық қарулардың сыналуы, сол сияқты адамның күнделікті өмірде ормандары отау, аң мен құстарды есепсіз аулау, адамның ақыл ойын аздыратын арақ пен есірткінің таралуы экологиялық апаттың індеті болып табылады. Адамдар “табиғат-өз үйің” дегенді қайталаудан жалықпайды. Өкінішке орай, бұған сену қиын. Құстардың өз ұяларын бұзбайтындары сияқты адамдар да өз ошағына деген қамқорлық таныту керек шығар. Іс жүзінде бәрі керісінше болуда. Табиғатқа деген , оның байлығын шашып және барлық айналадағыны қиратып, бағындырған елдегі жаулап алушы сияқты қарайды. Табиғатқа деген тұтынушылық көзқарас – тұтқынында отырып орнына ештеме бермей ,бәрін алуға тырысамыз. Табиғат бізсіз өмір сүре алады.Ал біз одан тыс өмір сүре алмаймыз. Осы қарапайым ғана шыңдықты түсінетін уақыт әлдеқашан жетті.
Қорыта келгенде, қазіргі экологиялық дағдарыстар мен тоқыраулардың түпкі тамыры адам баласының табиғаттың қарапайым даму , зат және энергия алмасу заңдарын ,оның теориялық негіздерін білмеуі. Яғни , экология ғылымының негіздерін оқып үйренбеуі болса керек.
Сондықтан да,Елбасының Қазақстан Респулбликасының тұрақты дамуының сара жолын көрсеткен “2030”бағдарламасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруеліміздегі қалыптасқан экологиялық сауатсыздықты жою, болашағы жарқын елдің экологиялық санасы мен ойлау қабілеті жоғары мәдениетті ұрпақты тәрбиелеуді талап етуі осының айғағы болып табылады.
Шаруашылық әрекеттерінің қоршаған табиғи ортада зиянды әсерін болғызбауға арналған алдын ала жасалатын болжамдар жан – жақты ғылыми бағытталған барлық қабылданатын заңдардан көрініс алуы тиіс. Осы экологиялық болжамның ең негізгі мақсаты қоғамды құрушы адамға экологияның тигізетін әсерін анықтап одан айықтыру жолдарын табу. Кезкелген экологиялық мәселелерді шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердің барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы.
Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде тмбиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек.
Табиғат адамның тіршілік ететін ортасы,сондықтан ол оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады.Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды .
Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді.Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе – теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көріністері адамның күш – қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі – адам денсаулығына әсері.
Өнеркәсіпті қалаларда және оған көршілес орналасқан елді мекендерде ауаның әр түрлі газдармен ластануы нәтижесінде халық арасында тыныс жолдары ауруларының саны артуда. Мысалы, Алматы тәрізді ірі қалаларда автокөліктерден шыққан улы газдың молаюы байқалады.
Көптеген елді мекндерде орталық су құбырлары жүйесінің болмауына байланысты тұрғындар асқазан, ішек ауруларына ұшырайды. Тұрғын халықты сапалы ауыз суымен қамтамасыз етуді жақсартпаған жағдайда өндіріс қалдықтарымен, әр түрлі тыңайтқыш, пестицидтермен ластанған өзен суын пайдалну қауіпті. Соның нәтижесінде әр түрлі ауру туғызатын бактериялар көбейіп , сары ауру сияқты дертке шалдықтырады.
Адам денсаулығына ядролық жарылыстардың да тигізетін зиянды әсері көп. Мысалы, космодромға көршілес аудандарда, ядролық полигон төңірегінде тұратын халық қатерлі ісік, қанның азаюы, ақ қан ауруларымен көп ауырады.
Сонымен, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар медицинамен тығыз байланысты. Сондықтан елімізде аурулардың аумаққа таралу заңдылықтарын зерттейтін медициналық география ғылымын дамытудың маңызы зор. Бұл ғылым саласы адам денсаулығына қоршаған ортаның табиғат жағдайларының әсер етуін зерттейді. Адам – табиғат қарым қатынасы өте күрделі. Бір жағынан адам табиғат қорларын тұтынушы болса,
екінші жағынан, өзі өзгерткен ортада өмір сүріп, ондағы кері өзгерістердің зардабын тартушы ретінде саналады. Бұдан адам қоғамның табиғаттан тыс өмір сүре алмайтыны белгілі болады.
Адамдардың тіршілік етуіне қолайлы және қолайсыз аудандардың болуы жергілікті табиғат жағдайларымен байланысты. Жаздың жылы, қыстың қоңыржай болуы және т.б. жағдайлар қолайлы болса, құрғақ құмды шөлдер мен биік таулар, қатал қыс, аптапты жаз қолайсыз әсер етеді. Дегенмен табиғат жағдайларынан басқа адам әрекетінен болған табиғи ортаның өзгерістері де адам тіршілігіне әсер етеді. Бұл соңғы экологиялық жағдайларғабайланысты. Мысалы, өнеркәсіпті қалаларға орталықтандырылған су құбырлар жүйесінің болуына байланысты ауыз судың сапасы жақсы.
Дүниежүзі аумағын аумағын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады:
экологиялық жағдайы нашар аудандар
экологиялық жағдайы орташа аудандар
экологиялық жағдайы салыстырмалы жақсы аудандар.
Экологиялық жағдайы нашар аудандарға мұнай–газ өндірілетін және металлургия, көмір кен орындары, өнеркәсіптік қалалар, Арал маңы, ядролық полигон аймағы кіреді.
Экологиялық аудандардың екінші тобына ауыл шаруашылығы дамыған аудандар жатады. Мұндағы табиғат өзгерістері су жер қорларының дұрыс пайдаланылмауы нәтижесінде болған.
Экологиялық жағдайы басқалармен салыстырғанда біршама қолайлы аудандарға табиғат ландшафтары аз өзгеріске ұшыраған, негізінен орманды дала мен таулы аймақтар жатады.
Табиғаттың әсемдігін, көркемдігін, денсаулыққа пайдасын ақын – жазушылар сазгерлер халықтың әдет ғұрпына арқау етіп жырлаған. Обьективті экологиялық сараптаудың қажеттілігі жайлы әңгімелер тек жақсы тілектер ғана болып қала береді. Іске еш қатысы жоқ, жаңа өндіріс пен оның табиғи ортаға әсепін жан–жақты бағалайтын мамандар сараптауды жүргізуге жіберілмейді.
Мамандар арасында да экономистер мен экологтарды қосып алғанда,экологиялық проблемаларға деген ортақ түсінік жоқ. Бір ғана әрекеттің нәтижелерін бағалау кезінде қарама- қайшы, бір–бірін жоққа шығаратын пікірлер көп. Көбінесе техникалық–экономикалық көрсеткіштерді талдау мен талқылау әдетке айналып, ал бағдарламаның немесе жобаның экологияға қатысты жағын анықтауға аса тілек жоқ.
Біздіңше техниканың өркениетті басты бағыт жасауда өте артық кетіп, адамзат болмасының басқа да маңыздылығы бұдан да кем емес жақтарын ұмытып кеттік. Табиғаттың үйлесімді құралған дүние екендігін және онда жүріп жатқан процестерге араласуға болмайтындығын түсінудің басым болуы дұрыс болар еді. Алайда мұндай іс жүргізудің тиімсіздігі бұрыннан және бәріне аян. Мұнда жаза беруден басқа ештеме жоқ. Түрлі қоршаған орта жағдайларының салыстырмалы құндылығын ескеретін обьективтік экономикалық көрсеткіштер, бұған дейінгі ұрпақтардың атқарған жұмыстары мен жұмсаған шығындарын ескере отырып жаңаша төлем жүйесін анықтау керек. Әлгі күнге дейін материалдық өндіріс сапасы мен нәтижелерінің обьективті баға үшін өте жеткіліксіз екі жақты өлшемі қолдануда. Бұның орнында көрсеткіштер мен факторлардың үш жақты жүйесіне көшу керек еді. Кез-келген өндірістің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын табиғат пен оның ресурстары енді бұдан былай өндіріс процесіне және басқару әдісіне сапсына баға беру шеңберінен тыс қала алмайды.
Экологиялық жағдайдың нашарлауына жаңа жобалар мен бағдарламаларды экологиялық сараптау және модельдеуден сапасынан төмендігі қосалқы әсер етуде. Керекті зерттеулерді жобалардың жүзеге асуына мүдделі салалардың мамандары жүргізетіні кері әсерін тигізуде. Яғни қажеттілік кімге керек, сараптауды сол жүргізеді, сапаны сол анықтап, болашақ дағдарыстарға жол ашып береді. Бұлардың да өздерінің ақталатын жерлері бар: олар құрылыс құнын арзандату,салыну мерзімін қысқарту т.б. Бұл үшін бірінші кезекте құрылыс тізімінен лас суларды, атмосфералық қалдықтарды тазалайтын және басқа да табиғатты қорғауға байланысты обьектілерді алып тастайды.
Сонымен, қоршаған ортаны қорғау, табиғи байлықтарды ұлғайту және сақтау. Оларды тұрақты әрі тиімді пайдаланумен қатар қоршаған ортаны өндіріс қалдықтарынан, өндірістен шыққан шайынды сулардан, улы химикаттар мен басқадай түрлі қалдықтармен ластануға жол бермеуге қоғам болып бір адамдай жұмылып қызмет жасау керек.
Екіншіден, осы мақсатқа бағытталған мемлекеттік нормативтік –құқықтық актілер мен заңдар, халықаралық, мемлекетаралық келісімдер, конвенциялар,шарттардың кешенді жиынтығы және басқа да құжаттар жахандағы табиғи қоршаған ортаны келешек пен болашақ ұрпақтарға сақтау проблемасын шешуге көзделіп отырғанына толық көзімізді жеткіздік деуге болатын сияқты.
Мемлекеттік заңдар мен халықаралық келісімдерге сәйкес, қазіргі және болашақ ұрпақтардың пайдасы үшін, қоршаған ортада түрлі табиғат қорғау шараларын жүргізуде оқушылар мен жастар, әрбір көкірегі ояу ”елім менің – жерім менің”-деген адам ат салысу керек!
Ендігі біздің мақсатымыз, мектеп түлектері мен жастарымызды алдында тұрған көп мәселелердің бірі,қоршаған ортаны қорғау, агроэкология, жерлестіру мен жерге орналастыру, орман және су шаруашылықтары бойынша инженерлер дайындау, агрономдарды дайындап–агрохимия, гидрохимия, топырақтану, орманды және ауыл шаруашылық дақылдарын қорғау т.б. салалар бойынша оқытып, кәсіптендіріп,терең әрі жан- жақты білім беру. Экологиялық мәдениеттерін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |