экологиялық сараптама органдары басшылары
тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi
1. Экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу кезiнде сараптама органдарының басшылары тәуелсiз болады және осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес iс-қимыл жасайды.
2. Сараптама органдары басшыларының тәуелсiздiгi олар туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган бекiтетiн ережелермен де қамтамасыз етiледi, бұл ережелер:
1) оларды тағайындау және босату тәртiбiн;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелердi қамтиды.
19-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық
комиссиясы
1. Сарапшылық комиссиясын мемлекеттiк немесе қоғамдық экологиялық сараптама тағайындауға, оған бастамашылық етуге және оны жүргiзуге құқығы бар орган нақты объектiге экологиялық сараптама жүргiзу үшiн құрады. Сарапшылық комиссиясының құрамында сарапшылық зерттеу бағыттары бойынша топтар құрылады.
2. Сарапшылық комиссиясы жұмысының нәтижелерi сарапшылық комиссиясының жиынтық қорытындысы түрiнде баяндалады. Сарапшылық комиссиясының құрылымын, мазмұнын, қорытындысын iске асыру мен оған шағым жасау тәртiбiн экологиялық сараптама жүргiзудi ұйымдастырушы сарапшылық орган белгiлейдi, сарапшылық комиссиясының нақты жұмыс тәртiбiн де сол бекiтедi.
3. Сарапшылық комиссиясының Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өзiн құрған орган беретiн құқықтары мен мiндеттерi болады.
20-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшысы
1. Экологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi арнаулы бiлiмi және жеткiлiктi тәжiрибесi бар, экологиялық сараптама жүргiзуге белгiленген тәртiппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы тартқан адам мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшысы болып табылады.
2. Штаттан тыс сарапшылардың сараптама жұмыстарын жүргiзуi мен оларға ақы төлеуге байланысты қатынастарды қоспағанда, экологиялық сараптама жасалуға тиiстi құжаттама тапсырысшысының өкiлi немесе мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсiн әзiрлеушi, сондай-ақ тапсырысшымен немесе әзiрлеушiмен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған заңды және жеке тұлғалар мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшысы бола алмайды.
3. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшысы өзi жасаған сараптама үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.
4. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысының:
1) осы Заңның 15-бабына сәйкес сараптама жасалатын объектiге жан-жақты және объективтi баға беру үшiн маңызы бар қосымша материалдарды табыс етудi талап етуге;
2) экологиялық сараптама жүргiзуге бiлiктiлiгi жоғары мамандарды қосымша тартуға;
3) сараптама жұмысын, әдiснамасын ұйымдастыруды жетiлдiру, оны жүзеге асырудың тәртiбi мен принциптерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсi жөнiнде мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысына қоса берiлетiн ерекше пiкiр қалыптастыруға құқығы бар.
5. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшысы:
1) экологиялық сараптаманың кешендi, объективтi, сапалы жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге;
2) экологиялық сараптама туралы заңдардың, өзге де заң актiлерiнiң талаптарын сақтауға;
3) сараптаманы қолданылып жүрген стандарттар, нормалар мен ережелер негiзiнде жүргiзуге;
4) экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың белгiленген мерзiмi мен тәртiбiн сақтауға;
5) экологиялық сараптаманың дәлелдi қорытындыларын дайындап, оларды сараптама объектiсiн iске асыру туралы шешiм қабылдайтын органдарға және тапсырысшыларға дер кезiнде беруге;
6) сараптама жасалатын объектiлердi одан әрi қарауға қабылдамаған, не оларды негiздейтiн материалдар пысықтауға қайтарылған кезде экологиялық сараптаманың қорытындысын объективтi бағалап, дәлелдi түрде негiздеуге;
7) материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге және өзiнiң құпия құжаттарға қатысты әрекеттерiн олардың иесiмен келiсуге, өзiне сенiп тапсырылған мәлiметтердiң жария етiлуiне жол бермеуге мiндеттi.
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
21-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысының
Достарыңызбен бөлісу: |