құқықтарын iске асыру мен қорғаудың кепiлдiктерi
1. Сарапшының экологиялық сараптама жүргiзумен байланысты қызметiне мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалар мен лауазымды адамдардың араласуына тыйым салынады, бұған сарапшының Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын бұзған реттерi кiрмейдi.
2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысының бұзылған құқығы, соның iшiнде материалдық шығындары мен моральдық жағынан шеккен залалы сот және әкiмшiлiк тәртiбiмен қорғалуға тиiс, ал бұл жолсыздыққа кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi.
22-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық
кеңестерi
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның мемлекеттiк экологиялық сараптама бөлiмшелерi мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жанынан кеңесшi органдар болып табылатын және сол органдар туралы ережелерге сәйкес жұмыс iстейтiн сарапшылық кеңестерi құрылады.
2. Орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының сарапшылық кеңестерi туралы ережелердi, олардың құрамдарын тиiсiнше қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiгi әзiрлеп, бекiтедi.
3. Сарапшылық кеңестерге табиғат қорғау органдарының лауазымды адамдары, ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң, жоғары оқу орындарының ғалымдары, бiлiктiлiгi жоғары практик-мамандар мен жұртшылық өкiлдерi мүше бола алады.
Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
23-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық
кеңестерiнiң өкiлеттiгi
1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерiнiң қарауына:
1) экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң, қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтырудың күрделi проблемаларын талқылау;
2) экологиялық жағынан қауiптiлiгi жоғары объектiлер жөнiнде тиiстi экологиялық сараптаманың қорытындыларын қарау;
3) экологиялық сараптаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу жатады.
2. Экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңесi ол туралы ережеде көзделген өзге мiндеттердi де жүзеге асырады.
24-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама рәсiмi
1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама рәсiмi бiрiздi сатылардан тұрады, олардың барысында сарапшылық органдар сараптама объектiлерiн зерттеп, бағалайды және негiздi, объективтi сараптамалық қорытынды дайындайды.
2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама рәсiмi:
1) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi тiркеудi;
2) сараптамаға берiлген қажеттi материалдардың, реквизиттердiң болуын және толымдылығын, соның iшiнде жоспарланып отырған шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн бағалауды және олардың Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және нормативтiк талаптарға сәйкес келуiн анықтауды тексеру болып табылатын алдын ала сараптаманы;
3) сараптаманың қажеттi деңгейiн, материалдардың талдап өңделуiн, жоспарланып отырған не жүзеге асырылатын қызметтiң экологиялық қауiптiлiк дәрежесiне салыстырмалы талдау жасау мен iшiнара баға берудi, сараптама объектiлерiн iске асыру негiздерiнiң жеткiлiктi және анық болуын көздейтiн сараптаманың негiзгi сатысын;
4) жекелеген сараптамалық бағасы мен экологиялық сараптаманың нәтижелерiн қорытуды, материалдардың келiсiлгенi немесе олардың қабылданбай тасталғаны туралы тұжырымдары бар сараптамалық қорытынды әзiрлеудi қоса алғанда, сараптаманың қорытынды сатысын қамтиды.
3. Сарапшы орган:
1) осы Заңның 15-бабында аталған құжаттарды тапсырысшы табыс етпеген;
2) қоршаған ортаға тигiзген әсерге берiлген баға немесе экологиялық зардаптар туралы мәлiмдеме белгiленген талаптарға сай келмесе немесе қате деректер болған, ол деректерсiз объективтi шешiм қабылдау мүмкiн болмайтын жағдайда объектiге мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге өтiнiмдi қабылдамай тастауға құқылы.
25-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудiң
Достарыңызбен бөлісу: |