ІІ.Қоршаған ортаның сапасын бағалау
Қазіргі уақытта қоршаған ортаның сапасын реттеу оның күйін адекватты бағалаусыз мүмкін емес.Тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында қоршаған ортаның сапасын қадағалау қажет.Қоршаған ортаның сапасын ғылыми негізделген бағалауды тұрақты жүргізу үшін қоршаған ортаның сапасының стандарттары жете зерттелген.Стандарттар экологиялық және өндірістік-шаруашылық болып бөлінеді.
Экологиялық стандарттар қоршаған ортаға антропогендік әсердің шекті рауалы нормаларын бекітеді,олардан шамасы асатын болса,өсімдіктер және жануарлар үшін,адамның денсаулығына қауіпті жағдайлар түзіледі.
Берілген нормалар ластаушы заттектердің шекті рауалы концентрациялары (ШРК) және зиянды физикалық әсердің шекті рауалы деңгейлер (ШРД) түрінде бекітіледі.
Шекті рауалы концентрациялары (ШРК) – нақты компоненттің массасы немесе көлеміне қарай қатынастағы қоршаған ортадағы зиянды заттектің мөлшері,ол белгілі уақыт аралығында тұрақты қатынасу немесе әсер ету кезінде адамның денсаулығына ықпалын тигізбейді және оның ұрпағында қолайсыз салдарын тұғызбауы қажет.
ШРК-ны анықтау кезінде /2,3/ адам денсаулығына ластаушылардың ықпалының дәрежесі ғана емес,сонымен қатар жалпы табиғи қауымдастықтарға берілген ластаушылардың әсері ескертіледі.Ауа,су,топырақтағы заттектер үшін жыл сайын одан да көп ШРК бекітіледі.Қазіргі уақытта ауалы ортада 200 ластаушы заттектер, сулы ортада 600-ден астам ШРК жете зерттелді.
Шекті рауалы деңгейлер (ШРД) – ережеге сай зиянды физикалық әсер (шу және электромагниттік ластану) үшін бекітіледі.
Өндірістік-шаруашылық стандарттар өндірістік,коммуналды-тұрмыстық және басқа объектілердің жұмысының экологиялық қауіпсіз режимын анықтайды.Қоршаған ортаның сапасының стандарттарының берілген түріне сол немесе басқа территорияның нақты көздерімен (кәсіпорындармен)қоршаған ортаға ластаушы заттектердің шекті рауалы шығарындысы (ШРШ) және су қоймаларға шекті рауалы төгіндісі (ШРТ) жатады.
Биосфераға жыл сайын түсетін заттектердің жалпы мөлшері,минералды тыңайтқыштарды есепке алмағанда, 2 млн.тоннаға жуық.Осы заттектердің әр қайсысының бөлек қарастырылған концентрациясы шекті рауалыдан төмен болу мүмкін,бірақта олардың бірге әсер етуі ШРК астам болу мөлшердегі жағдайды түзеді.Бірқатар заттектерге синергетикалық эффект.Осындай құбылысты әсердің жинақтау (эффектісі) деп атайды.Осындай эффект зиянды заттектердің келесі қоспаларына тән қасиет: ацетон-фенол,күкіртті газ-фенол,күкіртті газ-күкірт сутегі және т.б.Әсердің жинақтау тиімділігі тән бірнеше заттектердің ауадағы қоспалары болған кезінде келесі шарт орындалу қажетті:
С1/ШРК1+С2/ШРК2+С3/ШРК3+......+Сn/ШРКn ≤ 1
мұндағы С1,С2,С3, ..., Сn – қоршаған ортадағы зиянды заттектердің нақты концентрациялары; ШРК1, ШРК2, ШРК3,...., ШРКn – қоршаған ортадағы осы зиянды заттектердің шекті рауалы концентрациялары.
Шығарындылар адам денсаулығына қауіпті болады, егерде есептеу кезінде жалпы жиынтығы бірден жоғары болса.
Қоршаған ортаның сапасын жақсарту бойынша шаралар әрбір кәсіпорында,әрбір қалада немесе тұрғындар кентінде жете зерттеледі.Оларды келесі топтарға біріктіруге болады: технологиялық, сәулетші-жоспарлық, инженерлы-ұйымдастырушы,құқықтық,экономикалық шаралар,(1-сурет).
Қоршаған ортаның сапасын жақсарту шаралары
|
Достарыңызбен бөлісу: |