Қоршаған ортаның сапасын мемлекеттік реттеу Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Қоршаған ортаға әсер етуді басқару. Экологиялық мөлшерлеу негіздері


Экологиялық аудит түрлерi және оны жүргiзу үшiн негiздер



бет8/43
Дата21.01.2022
өлшемі157.93 Kb.
#454720
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43
ГОС РЕГУЛИР КАЗ

Экологиялық аудит түрлерi және оны жүргiзу үшiн негiздер

1 Мiндеттi аудит және бастамашылық аудит экологиялық аудиттiң түрлерi болып табылады.

2 Жеке және заңды тұлғаларға қатысты мiндеттi экологиялық аудит жүргiзуге:

1) жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметiнен қоршаған ортаға келтiрiлген, құжат бойынша расталған елеулi залал;

2) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушыны заңды тұлғаны қосу, бөлу және бөлiп шығару түрiнде қайта ұйымдастыру;

3) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы - заңды тұлғалардың банкроттыққа ұшырауы негiз болып табылады.

3 Бастамашылық экологиялық аудит бастамашының және экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның арасындағы экологиялық аудиттi жүргiзуге арналған шартта көзделген экологиялық аудиттiң нақты мiндеттерi, мерзiмдерi мен көлемi ескерiле отырып, аудиттелетiн субъектiнiң не оған қатысушының бастамасы бойынша жүргiзiледi. 

4 Мүдделi жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сақтандыру ұйымдары, инвесторлар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттiк органдар экологиялық аудитке тапсырыс берушiлер болуы мүмкiн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет