Қоршаған ортаның сапасын мемлекеттік реттеу Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Қоршаған ортаға әсер етуді басқару. Экологиялық мөлшерлеу негіздері



бет21/43
Дата21.01.2022
өлшемі157.93 Kb.
#454720
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
ГОС РЕГУЛИР КАЗ

Су  ресурстарды ластаушы көздер

Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын аландатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.

Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

•    биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар


•    химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер
•    физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар

Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

•    тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;

•    өнеркәсіп орындары;

•    ауыл шаруашылығын химияландыру:

•    халық шаруашылығының басқа да салалары.

Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық –түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді. Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Оның негізгі ластану көздері мыналар:

•    өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;

•    химиялық заттар және тыңайтқыштар;

•    тұрмыстық қалдықтар;

•    жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;

•    ірі құрылыс учаскелері;

•    күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.

•    Концентрациялардың шекті көрсеткіштері бойынша су сапасының гидрохимиялық  көрсеткіштері басты критерийлер болып табылады. Мұның үстіне ПДК  көрсеткіштері  әртүрлі болады: олар балық шаруашылығы, шаруашылық ауыз су және коммуналдық тұрмыстық су пайдаланатын су бөгендеріне арналған. Аталған шаруашылық обьектілерінің су сапасына қоятын  талаптары да  әртүрлі.

•    Өзендердің, көлдердің  және су қоймаларының  ластану  дәрежесі  көбінесе судың  ластану  индексінің (СЛИ) көрсеткіші  бойынша бағаланады. Ол судың құрамында  мынадай  зататрдың  болуын сипаттайды: оттегі, 5 тәулік ішінде  оттегіні  биохимиялық  пайдалану  бойынша анықталған органикалық  заттар  және  ПДК  дәрежесінен  біршама артып кеткен  заттар.

•    Ластану индексі осылайша әртүрлі су бөгендерінің  су сапасының жағдайын сипаттайды. Ол су бөгендерінің  ластану динамикасын  анықтауға, біріңғай көрсеткіштер бойынша әртүрлі су обьектілерінің ластану дәрежесін  анықтауға мүмкіндік береді. СЛИ көлемі бойынша жер беті сулары сапасының  критерийлері су сапасының  класын сипаттайды: өте тазадан бастап өте ластанғанға дейін. Жер беті суларының сапа класын анықтау үшін СЛИ көлемі көрсеткіші басты белгі болып табылады, ол су бөгендерін ластайтын заттардың ПДК дәрежесі бойынша  есептеледі.

•    Ауыз судың сапасын бақылау үшін зиянды заттардың шектеулі – рұқсат етілген мөлшері бекітілген, 1 литр суда зиянды заттар мына мөлшерден (мг/л)көп болмауы керек.



ДДТ

0,1

Қорғасын

0,1

Кадмий

0,01

Гексохлорен

0,02

Кольбат

1,0

Изопрен

0,05

Метанол

3,0

Карбофакс

0,1

Молибден

0,5

Керасин

0,1

Мышяк

0,5

Мұнай

0,1

Сынап

0,005

 

 

Ереже бойынша шектеулі – рұқсат етілген мөлшері қойылмаған зиянды заттары бар қалдық суларды өзенге, көлге, су қоймаларына жіберуге тыйым салынған.

Ластанған суды тазалау әдістері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет