Қоршаған ортаның сапасын мемлекеттік реттеу Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Қоршаған ортаға әсер етуді басқару. Экологиялық мөлшерлеу негіздері


Орман ресурстарын экономикалық бағалау ерекшеліктері



бет27/43
Дата21.01.2022
өлшемі157.93 Kb.
#454720
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43
ГОС РЕГУЛИР КАЗ

2 Орман ресурстарын экономикалық бағалау ерекшеліктері

 Ормандарды экономикалық бағалауды қолдану жоспарлау және жобалау сатысының өзінде пайдалануға қайта жұмылдырылатын, сондай-ақ орман қорынан алынатын ормандарды пайдалану тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Ормандарды экономикалық бағалау күрделі салымдар нұсқаларын таңдау, өндірісті орналастыру, орман ресурстарын жақсы пайдалану бағыт-тарын, олардың пайдаланылу деңгейін анықтау кезінде анықтаушы роль атқару керек. Осы көзқарастан ормандарды меншікті экономикалық бағалау баға белгілеудің  қолданылып жүрген принциптеріне негізделу керек және күрделі салымдардың тиімділігін бағалау үшін пайдаланылатын көрсеткіштермен  салыстырылу  керек.

Орманды экономикалық бағалауды анықтау кезінде табиғи ресурстарды экономикалық бағалауға әр түрлі амалдардың бар болуынан туындаған, бірқатар қиындылықтар пайда болады. Бұдан басқа, орман құрауыштардың: ағаш және ағаш емес өсімдік текті шикізат  ресурстарының, жануарлар текті  ресурстардың және көп жақты пайдалы функциялардың сыртқы ортасын  білдіреді. Жеке құрауыштарды пайдаланудан болатын әсер әр түрлі және халық шаруашылығының әр түрлі сфераларында айқындалады. Олар уақыт бойынша олардың негізінде жатқан орман шаруашылығын жүргізуге жұмсал-ған шығындармен сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл уақыт факторын есепке алу қажеттілігін білдіреді. Орман ресурстары жаңартылатын ресурстарға жататын-дықтан, онда оларды пайдалану олардың жаңартылуына, күтіміне,  қорғалуына, сақталуына үнемі шығындар жұмсалуын талап етеді. Осыдан, орман ресурстарын экономикалық бағалау орманды жаңартуға қоғамдық қажетті шығындар бойынша жүргізілу керек. Сонымен бірге орманды бағалау ресурстардың барлық түрлерін пайдаланудан және пайдаланудың шектелмеген ұзақ мерзім ішіндегі пайдалылықтардан болатын әсерлер ретінде берілетін болады. Соңғысы ормандарды өсірудің ұзақ мерзімімен  байланысқан.

Өнім бірлігін алуға жұмсалған қоғамдық қажетті және жеке шығындар арасындағы айырмашылық дифференциалдық рентаны білдіреді, ол орман ресурстарының негізгі бағалаушы көрсеткіші болып табылады. Орман ресурстарының барлық түрлерін және орман пайдалылықтарын бағалау әдістері әлі жеткіліксіз әзірленген, сондықтан орманды экономикалық бағалау ықшамдалған түрде оның бір ресурсы – ағаш арқылы ғана өрнектеледі. Ағашты алу мақсатында орманды босатуды жүзеге асыру барысында, түбірі бар ағаштың құнын орманның сәйкес кесімді бағаларының сомасы түрінде түбір төлем бойынша өткізеді, оның негізгі құрама бөлігі дифференциалдық рента болып табылады. Түбір төлемнің маңызды функциялары есепке алу және бақылау, кесілетін орманнан барлық ағашты шығарудың толық әзірлеуді ынталандыру және орман дайындамаларының территориялық орналасуын  жетілдіру болып табылады.

Кесуге берілген орман кесу қорын әзірлегені үшін төленетін төлем, ең алдымен  орман  ресурстарын  қалпына келтіру  және  қорғау бойынша  орман шаруашылығы шараларының орнын толтыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет