Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»


-тарау. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу тәртібі



бет17/22
Дата14.06.2016
өлшемі1.66 Mb.
#136063
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

4-тарау. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
      1674. Дәнекерлеу және ашық отты қолданумен байланысты басқа да отты жұмыстар осы бөлімнің ережелеріне сәйкес орындалады.
      1675. Дәнекерлеу және басқа да отты жұмыстар орындары:
      1) осы мақсаттарда арнайы жабдықталған цехтерде, шеберханаларда немесе ашық алаңдарда ұйымдастырылатын тұрақты;
      2) отты жұмыстар тікелей салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан ғимараттарда, тұрғын үйлерде және басқа да құрылыстарда, кәсіпорын аумақтарында жабдықты жөндеу немесе құрылыс құрылымдарын монтаждау мақсатында уақытша етіп қарастырылады.
      1676. Отты жұмыстарды тұрақты жүргізу орындарын 10 посттан (дәнекерлеу, кесетін шеберханалар) артық ұйымдастыру кезінде орталықтандырылған электрмен және газбен жабдықтау қарастырылады.
      1677. Дәнекерлеу шеберханасында 10 аспайтын дәнекерлеу посттары болған жағдайда әрбір пост үшін оттегі және жанғыш газы бар бір қосалқы баллоннан болуға болады. Қосалқы баллондар жанбайтын материалдардан жасалған қалқандармен қоршалады немесе шеберханаларға арнайы жапсарлас құрылыстарда сақталады.
      1678. Тұрақты дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылған үй-жайлардағы едендер жанбайтын материалдардан жасалады. Бөлшектерді алдын ала қыздырмастан дәнекерлеу жүргізілетін үй-жайларда жанбайтын негізде ағаш бөренелі едендер орнатуға болады.
      1679. Дәнекерлеу және басқа да отты жұмыстарды белгіленген тәртіппен техникалық минимумнан өткен және өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарын білуі бойынша сынақ тапсырған тұлғалар жүргізіеді.
      1680. Ашық алаңдар мен арнайы шеберханаларда отты жұмыстарды тұрақты жүргізу орындары кәсіпорын (ұйым) басшысының бұйрығымен анықталады.
      1681. Уақытша электрмен дәнекерлеу және басқа да отты жұмыстарды жүргізу орындары тек объект басшысының немесе оның міндеттерін атқарушы адамның жазбаша рұқсатымен (осы Қағидаларға 6-қосымша) ғана анықталады.
      1682. Құрылыс алаңдарында және өртке қауіпсіз орындарда жазбаша рұқсатты алмай-ақ отты жұмыстарды тек өрт-техникалық минимумы бағдарламасы мен осы Қағидалардың ережелерін игерген тиісті біліктілік мамандары ғана жүргізе алады. Жазбаша рұқсатты алмай-ақ отты жұмыстарды дербес жүргізуге жіберілген мамандардың тізімін объектінің басшысы бекітеді.
      1683. Уақытша (бір жолғы) отты жұмыстарды жүргізуге рұқсат тек жұмыс ауысымына ғана беріледі. Егер бірдей жұмысты жүргізу кезінде олар бірнеше ауысым немесе күн бойы жүргізілетін болса, объектінің әкімшілігінен қайта рұқсат алу қажет емес.
      Мұндай жағдайларда әрбір келесі жұмыс ауысымына көрсетілген жұмыс орындарын қайта тексергеннен кейін әкімшілік бұрын берілген рұқсатты растайды, ол жөнінде тиісті жазба жазады. Отты жұмыстардың жүргізілуін уақытылы бақылауды қамтамасыз ету мақсатында осы жұмыстарға рұқсат құрылыс әкімшілігінен объектінің салалық өртке қарсы қызметіне, ал ол жоқ жерлерде оларды жүргізген күннің қарсаңында ерікті өртке қарсы құралымдарға келіп түсуі тиіс.
      1684. Отты жұмыстарды жүргізу орындары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіш, құм салынған жәшік және күрек, суы бар шелек) қамтамасыз етіледі. Объектіде ішкі өртке қарсы су құбыры болған жағдайда отты жұмыстарды жүргізу орнына өрт крандарынан оқпандары бар өрт жеңдері төселеді. Отты жұмыстармен айланысатын барлық жұмысшылар алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуі қажет.
      1685. Отты жұмыстарды жүргізуге жауапты адам жұмыс орнында өрт сөндіру құралдарының болуын тексереді.
      1686. Отты жұмыстарды тұрақты жүргізуге арналған орындарды өрт қауіпті және жарылыс, өрт қауіпті үй-жайларда орналастыруға болмайды.
      1687. Отты жұмыстарды жүргізу қарастырылатын технологиялық жабдық:
      1) жарылыс, өрт қауіпті заттардан босату;
      2) қолданыстағы коммуникациялардан (отты жұмыстарды жүргізуге дайындық үшін қолданылатын коммуникациялардан басқа) ажырату;
      3) алдын ала тазалау, жуу, булау, желдету, жұту және флегматизациялау арқылы жарылыс, өрт қауіпсіз жай-күйіне келтіріледі.
      1688. Технологиялық жабдықтың ішін буландыру үшін берілетін су буының температурасы жанғыш будың (газдың) өздігінен тұтану температурасының 80 % тең етіп қабылданады.
      1689. Технологиялық жабдықтағы бу (газ) қосылымы олардың тұтану шегінен тыс немесе электр статистикалық қауіпсіз режимде болғанда ол жуу жүргізіледі.
      1690. Отты жұмыстар жүргізілетін үй-жайларды, сондай-ақ жабдық пен коммуникацияларды тазалау жарылыс қауіпті бу және тозаң-ауа қоспаларының түзілуіне және тұтану көздерінің түзілуін болдырмайтындай тәсілдермен жүргізіледі.
      1691. Металдың қызған бөліктерінің шектес үй-жайларға, көршілес қабаттарға түсуін болдырмау мақсатында барлық байқап тексеру, технологиялық және басқа да люктер (шағын люктер), желдеткіш, монтаждау және отты жұмыстар жүргізілетін үй-жайлардың далдаларындағы, қабырғалары мен қалқаларындағы басқа да ойықтар (тесіктер) жанбайтын материалдармен жабылады.
      1692. Отты жұмыстарды жүргізу орны осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген радиуста жанғыш заттар мен материалдардан тазартылаы.
      1693. Көрсетілген радиустер шегіндегі құрылыс құрылымдары, еден төсемдері, өңдеу және қаптау, сондай-ақ оқшаулағыш және жанғыш материалдардан жасалған жабдықтың бөлшектері оларға ұшқынның түсуінен металл экрандармен, асбест кенебімен немесе басқа да жанбайтын материалдармен және қажет болған жағдайда су құйып қорғалады.
      1694. Отты жұмыстар орындалатын үй-жайларда көрсетілген үй-жайларды басқа үй-жайлармен қосатын барлық есіктер, оның ішінде тамбур шлюздердің есіктері тығыз жабылады. Терезе жыл мезгіліне, үй-жайдағы температураға, отты жұмыстардың ұзақтығына, көлемі мен қауіптілік дәрежесіне байланысты мүмкіндігінше ашық болады.
      1695. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар буының, жанғыш газдардың жиналуы мүмкін үй-жайлар отты жұмысты жүргізбес бұрын желдетіледі.
      1696. Жанғыш материалдар қолданылған ғимараттар мен үй-жайларда, құрылымдарда дәнекерлеу және кесу жұмыстарын жүргізуге арналған орын жанбайтын материалдан жасалған тұтас қалқамен қоршалады. Бұл ретте қалқаның биіктігі кемінде 1,8 метр, ал қалқа мен еден арасындағы саңылау 0,5 метр етіп орындалады. Қыздырылған бөлшектердің ұшуын болдырмау үшін көрсетілген саңылауды ұяшық 1,0х1,0 миллиметрден аспайтын, жанбайтын материалдан жасалған тормен қоршалады.
      1697. Отты жұмыстарды бастамас бұрын және оларды жүргізу барысында көрсетілген жұмыстар жүргізілетін технологиялық жабдықтағы және қауіпті аймақтағы бу, газ, ауа ортасының жай-күйіне бақылау жүзеге асырылады.
      Егер қауіпті аймақта немесе технологиялық жабдықта жанғыш заттар құрамы жоғарылаған немесе флегматизатор қосылымы будың (газдың) шекті рұқсат етілген жарылысқа қауіпсіз қосылымдарының мәніне дейін төмендеген жағдайда отты жұмыстар дереу тоқтатылады.
      1698. Отты жұмыстар жүргізіліп жатқан жерлерде газдану мен тозаңдану себебінен өрттер мен жарылыстардың туындауына әкелуі мүмкін технологиялық жабдықтың люктері мен қақпақтарын ашуға, өнімдерді түсіруге, асыра тиеуге және құюға, оларды ашық люктер арқылы тиеуге, сондай-ақ өзге де операцияларды жүргізуге болмайды.
      1699. Жұмыстағы үзіліс кезінде, сондай-ақ жұмыс ауысымының соңында дәнекерлеу аппараты электр желісінен ажыратылады, шлангілер жанғыш сұйықтар мен газдардан ажыратылады және босатылады, ал дәнекерлеу лампаларындағы қысым толықтай шығарылады.
      1700. Жұмыс аяқталғаннан кейін барлық аппаратура мен жабдық арнайы бөлінген үй-жайға (орынға) жиналады.
      1701. Отты жұмыстарды жүргізу кезінде:
      1) аппаратура ақаулы болғанда жұмысқа кірісуге;
      2) жанғыш сырлармен (лактармен) жаңадан сырланған құрылымдар мен бұйымдарда отты жұмыстарды жүргізуге;
      3) майлардың, бензиннің, керосин мен өзге де жанғыш сұйықтықтардың іздері бар киім мен қолғаптарды пайдалануға;
      4) дәнекерлеу кабиналарында киімді, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар мен өзге де жанғыш материалдарды сақтауға;
      5) біліктілік куәлігі мен өрт қауіпсіздігі техникасы бойынша талоны жоқ оқушыларды, сондай-ақ жұмыскерлерді дербес жұмыс істеуге жіберуге;
      6) электр сымдарының сығылған, сұйытылған және ерітілген газдары бар баллондармен жанасуына жол беруге;
      7) жанғыш және улы заттармен толтырылған, сондай-ақ қысымы мен электр кернеуі бар аппараттар мен коммуникацияларда жұмыс істеуге;
      8) жабынға гидро оқшаулағыш пен бу оқшаулағышты орнатумен, жанғыш және жануы қиын жылытқыштары бар панелдерді монтаждаумен, едендердің төсемдерін жапсырумен және жанғыш лактарды, желімдерді, мастикалар мен өзге де жанғыш материалдарды пайдалана отырып, үй-жайларды қаптаумен қатар отты жұмыстарды жүргізуге;
      9) электр дәнекерлеушімен және газ дәнекерлеушімен (газ кескішпен) бір мезгілде жабық сыйымдылықтар мен үй-жайлардың ішінде жұмыс істеуіне болмайды.
      1702. Жанғыш және жануы қиын жылытқыштары бар жеңіл металл құрылымдарынан жасалған ғимараттардың элементтерінде отты жұмыстарды жүргізуге болмайды.
      1703. Салынып жатқан тоңазытқыштарда электрмен дәнекерлеу жұмыстарын тек жанғыш материалдардан босатылған жамылғы қабаттары жағылған (сылақ, бетон немесе армобетон кергіштері) және өртке қарсы белдіктері бар камералар мен бөліктерде ғана жүргізіледі.
      1704. Қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарын күрделі жөндеу және қайта жаңарту кезінде отты жұмыстарды жанатын құрылымдардың жануына қарсы және ұшқындардың ұшуына қарсы шаралар қабылданғаннан кейін орындау керек.
      1705. Өндірісті тоқтатпай күрделі жөндеу және қайта жаңарту кезінде және отты жұмыстарды жүргізу кезінде кәсіпорын әкімшілігі осы кезеңге өрт қауіпсіздігін күшейту жоспарын әзірлейді.
      1706. Өрт шығу қаупі едәуір орындарда, отты жұмыстардың көлемі көп болғанда, сондай-ақ биікте жұмыс істеу кезінде өрт сөндіру посттары (қызмет көрсетуші персонал, ерікті өртке қарсы құралым санынан) қойылады.
      Биікте жұмыс істейтін жұмысшылардың электрод тұқылдарын жинауға арналған металл қораптар қарастырылады.
      6 баллдан артық қатты жел тұрғанда биікте отты жұмыстарды істеуге болмайды.
      1707. Объект басшысы немесе өрт қауіпсіздігіне жауапты өзге лауазымды тұлға уақытша отты жұмыстарды аяқтағаннан кейін 3-5 сағат ішінде оларды жүргізу орындарын тексеруді қамтамасыз етеді.
2-параграф. Электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу тәртібі
      1708. Оқшаулағышы жоқ немесе оқшаулағышы зақымданған дәнекерлеу сымдарын пайдалануға, сондай-ақ стандартты емес қорғау аппараттарын қолдануға болмайды.
      1709. Дәнекерлеу сымдары престеу, дәнекерлеу, пісіру немесе арнаулы қысқыштардың көмегімен жалғастырылады. Электр сымдары электр ұстағышқа, дәнекерленетін бұйымға және дәнекерлеу аппаратына шайбалары бар бұрандамалармен бекітілген мыс кабель ұштықтарының көмегімен қосылады.
      1710. Дәнекерлеу аппаратына, бөлу қалқанынан және өзге де жабдыққа, сондай-ақ дәнекерлеу жұмыстары орындарына қосылған сымдар сенімді түрде оқшауланады және қажетті жерлерінде жоғары температураның әсерінен, механикалық зақымданудан немесе химиялық әсер етуден қорғалады.
      1711. Электрмен дәнекерлеу машиналарының кабельдері (сымдары) оттегі құбырларынан кемінде 0,5 метр, ацетилен және өзге жанғыш газдар құбырларынан кемінде 1,5 метр қашықтықта орналастырылады.
      Кейбір жағдайларда газ құбыры қорғағыш металл құбырға жалғанған жағдайда көрсетілген қашықтықтарды қысқартуға болады.
      1712. Дәнекерленетін бұйымды дәнекерлеу тогының көзімен қосатын кері өткізгіш ретінде егер олардың қимасы қыздыру шарты бойынша дәнекерлеу тогының қауіпсіз ағуын қамтамасыз ететін болса, кез келген пішіндегі болат немесе алюминий шиналары, дәнекерлеу плиталары қолданылады.
      1713. Кері өткізгіш ретінде пайдаланылатын кейбір элементтер өзара қосу бұрандаларының, струбциналардың немесе қысқыштардың көмегімен орындалады.
      1714. Жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті үй-жайлар мен құрылыстарда электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде кері өткізгіш дәнекерленетін бұйымнан бастап ток көзіне дейін тек оқшауланған сыммен орындалады, әрі ол оқшаулау сапасы бойынша электр ұстағышқа қосылатын тікелей сымнан кем болмауы қажет.
      1715. Кері өткізгіш ретінде ішкі теміржол жолдарын, жерге қосу немесе нөл сымына қосу желілерін, сондай-ақ ғимараттардың металл құрылымдарын, коммуникациялар мен технологиялық жабдықты пайдалануға жол берілмейді. Мұндай жағдайларда екі сымды қолдану арқылы дәнекерленеді.
      1716. Дәнекерлеу генераторлары мен трансформаторлар, сондай-ақ ашық ауада орнатылатын барлық қосалқы аспаптар мен аппараттар дымқыл тартуға қарсы оқшаулағышпен жабық күйде қолданылады және жанбайтын материалдардан жасалған шатырлардың астынан орнатылады.
      1717. Қолмен дәнекерлеуге арналған электр ұстағышының құрылымы электродтарды берік ұстауды және тез ауыстыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жұмыста уақытша үзіліс болғанда дәнекерленетін бөлшекке оның корпусының немесе ол кенет металл заттарға құлағанда қысқа тұйықталу мүмкіндігін болдырмайды. Электр ұстағыштың тұтқасы жанбайтын диэлектрлік және жылу оқшаулағыш материалдан қарастырылады.
      1718. Дәнекерлеу кезінде зауытта шығарылған, дәнекерлеу тогының номиналды шамасына сәйкес келетін электродтар қолданылады.
      Электродтарды ауыстыру кезінде олардың қалдықтары (тұқылдары) дәнекерлеу жұмыстары орындарында орнатылатын арнайы металл жәшіктерге орналастырылады.
      1719. Электрмен дәнекерлеу қондырғысы жұмыс істеу кезінде жерге қосылады. Негізгі электрмен дәнекерлеу жабдығын жерге қосудан басқа, дәнекерлеу қондырғыларында қысқыш тікелей бұйымға өтетін (кері өткізгіш) өткізгіш қосылатын дәнекерлеу трансформаторының екінші орамына қосылады.
      1720. Агрегат пен іске қосу тетігін тазалау күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Дәнекерлеу жабдығына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы алдын алу жөндеуі кестеге сәйкес жүргізіледі.
      1721. Атомды-сутекті дәнекерлеуге арналған қондырғыларда доғаны  қоректендіру бөлек трансформатордан жүргізіледі. Доғаны тікелей бөлу қорабынан кез келген түрдегі реттегіш арқылы қоректендіруге жол берілмейді.
      1722. Атомды-сутекті дәнекерлеу кезінде шілтерде тізбек үзілген жағдайда кернеуді автоматты ажырату және су беруді тоқтату қарастырылады.
      1723. Іске қосылған шілтерлерді қараусыз қалдыруға болмайды.
      1724. Жарылыс, өрт қауіпі аймақтарда электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде:
      1) тұрақты ток көздерін қоректендіру көздері немесе құрылымында импульсті генераторлары бар, доғаның қайталана қозуы кезінде электрод пен дәнекерленуші бұйым арасындағы кернеуді көтеретін («разряд» түріндегі ток көзі) ауыспалы токтың арнайы көздері қолданылады;
      2) П-II сыныптық өрт қауіпті аймақтарда тозаңнан тазарту үшін қол жеткізу қиын орындарды көбік түзгіштің екі пайыздық ерітіндісімен 1 м2 алаңға 1 литр ерітінді есебімен өңдеу ұсынылады;
      3) тігінен және төбедегі жағдайдан дәнекерлеуді диаметрі 4 миллиметрден аспайтын электродтармен орындалады. Бұл ретте дәнекерлеу тогының шамасын төменгі көлденең жағдайда дәнекерлеу кезіндегіден қарағанда 20% төмен етіп қарастырылады;
      4) электрмен дәнекерлеу қондырғысын іске қосу алдында электрод ұстағышта электродтың болмауы тексеріледі.
3-параграф. Газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу тәртібі
      1725. Тұрақты дәнекерлеу жұмыстарын құрылымдары жанбайтын материалдардан жасалған, ацетилен генераторлары, оттегі баллондары мен дәнекерлеу бекеттері үшін оқшауланған үй-жайлары бар, арнайы бөлінген дәнекерлеу шеберханаларында жүргізіледі. Ацетилен генераторларына арналған үй-жайлар желдеткішпен және жеңіл алынып тасталатын құрылымдармен қамтамасыз етіледі. Генераторларды жертөле үй-жайларына орнатуға болмайды.
      1726. Тасымал ацетилен генераторларын пайдалануға рұқсатты қарамағында осы генераторлар болатын объектінің әкімшілігі береді.
      1727. Тасымал ацетилен генераторлары ашық алаңдарда орнатылады. Оларды жақсы желдетілетін үй-жайларда уақытша қолдануға жол беріледі.
      Генераторларды жертөле үй-жайларында орнатуға жол берілмейді.
      1728. Ацетилен генераторларын отпен жұмыс істейтін жерден, сондай-ақ компрессорлармен және желдеткіштермен ауа жинау орнынан кемінде 10 метр қашықтықта қоршалады және орналастырылады.
      1729. Ацетилен генераторлары орнатылған жерлерге «Бөгде адамдарға кіруге болмайды - отқа қауіпті», «Темекі шегуге болмайды», «Отпен өтуге болмайды» - деген аншлагтар (плакаттар) ілінеді.
      1730. Жұмыс аяқталғаннан кейін жылжымалы генератордағы кальций карбиді шығарылуы қажет. Генератордан шығарылатын әк лайы осы мақсатқа лайықталған ыдысқа шығарылады және лай шұңқырына немесе арнайы бункерге ағызылады.
      1731. Ашық лай шұңқырлары шарбақтармен қоршалады, ал жабықтары жанбайтын жабындармен, сорғы желдеткішімен және лайды шығаруға арналған люктермен жабдықталады.
      1732. Лай сақтау орындарынан 10 метр кем радиуста темекі шегуге және ашық отты пайдалануға болмайды, ол жөнінде тиісті тыйым салу белгілері ілінеді.
      1733. Газ өткізу шлангілері аппаратураның, жанарғылардың, кескіштер мен редукторлардың қосқыш ниппельдеріне қамыттардың немесе ниппельдің ұзындығы бойымен кемінде екі жерінен жұмсақ күйдірілген (тоқылған) сымның көмегімен сенімді бекітіледі.
      Су ысырмалары ниппельдеріне шлангілер тығыз кигізіледі, бірақ бекітілмейді.
      1734. Кальций карбиді құрғақ, желдетілетін үй-жайларда сақталады.
      Кальций карбидін сақтауға арналған қоймаларды жертөле үй-жайлары мен су басатын төмен жерлерде орналастыруға болмайды.
      Механикаландырылған қоймаларда кальций карбиді барабандарын тігінен үш қабат етіп, ал механизациясы болмаған жағдайда көлденеңінен үш қатардан аспайтындай етіп және тігінен екі қатардан аспайтындай етіп сақталады. Барабандар қатарларының арасына қалыңдығы 40-50 миллиметр тақтай төселеді.
      Қатарлап төселген кальций карбиді барабандары арасындағы өту жолдарының ені кемінде 1,5 метр етіп қарастырылады.
      1735. Кальций карбидінің аралық қоймасы жоқ ацетилен қондырғыларының үй-жайларында бір мезгілде 200 килограммнан аспайтын кальций карбидін сақтауға болады, бұл жағдайда осы мөлшерден тек бір барабан ғана ашық күйде болуы мүмкін.
      1736. Кальций карбиді бар ашылған барабандар су өткізбейтін қақпақтармен қорғалады.
      1737. Кальций карбиді бар барабандарды сақтау және ашу орындарында темекі шегуге, ашық отты пайдалануға және ұшқын шығаратын құралдарды қолдануға болмайды.
      1738. Газы бар баллондарды сақтау мен тасымалдау олардың мойындарына сақтандыру қалпақтары бұралғанда ғана жүзеге асырылады. Баллондарды тасымалдау кезінде жұлқылау мен соғуға жол бермеу қажет. Баллондар дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу орындарына арнайы арбалармен, зембілдермен, шанамен жеткізіледі.
      1739. Газы бар баллондарды сақтау кезінде қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және пайдалану ережесіне сәйкес жүргізіледі.
      Газы бар баллондар оларды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде күн сәулесі мен басқа да жылу көздерінің әсерінен қорғалуы қажет.
      1740. Үй-жайларда орнатылатын баллондар жылу беру аспаптары мен пештерден кемінде 1,5 метр, ал ашық отты жылу көздерінен кемінде 10 метр қашықтықта орналастырылады.
      Жанарғылардан бастап (көлденеңінен) қайта іске қосатын рампалы (топтық) қондырғыларға дейінгі қашықтық кемінде 10 метр, ал оттегі немесе жанғыш газы жекелеген баллондарға дейін кемінде 5 метр етіп қарастырылады.
      Бір үй-жайда оттегі баллондары және жанғыш газдары бар баллондарды, сондай-ақ кальций карбидін, сырларды, бояулар мен майларды сақтауға жол берілмейді.
      1741. Дәнекерлеу шеберханасында бесеуден аспайтын оттегі және бес қосалқы ацетилен баллондары орналастырылады.
      Жұмыс орнында екеуден аспайтын жұмыс және қосалқы баллон ұстауға болады.
      1742. Оттегіден немесе жанғыш газдардан босаған баллондармен жұмыс істеу кезінде толық баллондармен жұмыс істейтіндей қауіпсіздік шаралары сақталады.
      1743. Газбен дәнекерлеу және газбен кесу жұмыстарын жүргізу кезінде:
      1) қатып қалған ацетилен генераторларын, құбырларды, бұрамаларды, редукторларды және дәнекерлеу қондырғыларының өзге де бөлшектерін ашық отпен немесе қызған заттармен жылытуға;
      2) оттегі баллондарының, редукторлардың және өзге де дәнекерлеу жабдығының әртүрлі майлармен, сондай-ақ май тиген киіммен және май сіңген шүберекпен жанасуына;
      3) бір су ысырмасынан екі дәнекерлеушінің жұмыс істеуіне;
      4) өте ірі түйіршікті кальций карбидін салуға немесе оны аппараттың шүмегіне темір шыбықтың және сымның көмегімен итеруге, сондай-ақ карбид тозаңымен жұмыс істеуге;
      5) кальций карбидін тиейтін дымқыл себеттерге немесе газ жинағышта су болған кезде тиеуге, сондай-ақ «су карбидке» генераторлары жұмыс істеген кезде көлемінің жартысынан артық карбид тиеуге;
      6) жанғыш газдарға арналған шлангіні оттегімен және жанғыш газдардың оттегі шлангісін үрлеуге, сондай-ақ жұмыс кезінде шлангілерді өзара ауыстыруға;
      7) ұзындығы 30 метрден артық, ал монтаждау кезінде 40 метрден артық шлангілерді пайдалануға;
      8) газ өткізу шлангілерін бұрауға, сындыруға немесе қысуға;
      9) газ жинағышта ацетилен болған жағдайда генераторды тасымалдауға;
      10) ацетилен генераторындағы газ қысымын әдейі жоғарылату немесе кальций карбидінің бір жолғы мөлшерін арттыру арқылы оның жұмысын жылдамдатуға;
      11) кальций карбиді бар барабандарды ашу үшін мыс аспапты, сондай-ақ ацетилен аппаратурасын дәнекерлеу үшін және ацетиленмен жанасуы мүмкін басқа да орындарда дәнекерлеу үшін мысты пайдалануға болмайды.
5-тарау. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізу тәртібі
1-параграф. Металл кесу тәртібі
      1744. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын орындау кезінде жұмыс орны электрмен дәнекерлеу жұмысы кезіндегідей ұйымдастырылады. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың төгілуіне жол бермеуге және дұрыс сақтауға, кесу режимін сақтауға және жанармайы бар бакты күтіп ұстауға ерекше назар аударылады.
      1745. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын жүргізу орындарында жанармай қоры ауысым қажеттілігінен аспайтын мөлшерде сақталады. Жанармай жарамды, сынбайтын, тығыз жабылатын, арнайы ыдыста, отпен байланысты жұмыстарды жүргізу орындарынан кемінде 10 метр қашықтықта сақталады.
      1746. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстары үшін бөгде қоспалары мен суы жоқ жанармай қолданылады. Кішкентай бакты оның көлемінен 3/4 артық жанармаймен толтыруға болмайды.
      1747. Кішкентай бак ақаусыз күйде ұсталады және герметикалы етіп жасалады. Кішкентай бакта манометр, сондай-ақ кішкентай бактағы қысымның 5 атмосферадан артық жоғарылауына жол бермейтін сақтандыру клапаны қарастырылады.
      10 атмосфералық қысымға сумен сыналмаған, жанғыш сұйықтық ағатын немесе ақаулы сорғышы бар кішкентай бактарды пайдалануға болмайды.
      1748. Бензинмен кесу жұмыстарын бастамас бұрын барлық бензинмен және керосинмен кесу арматурасының ақаусыздығы, ниппельдердегі шлангілер қосқыштарының тығыздығы, салмалы сомындар мен бастиектердегі бұрандалардың ақаусыздығы мұқият тексеріледі.
      1749. Кескіштің буландырғышын жұмыс орнында құйылған тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тұтату арқылы жылытуға болмайды.
      1750. Жанармайы бар кішкентай бак оттекті баллон мен ашық от көзінен кемінде 5 метр және жұмыс орнынан кемінде 3 метр қашықтықта болады. Бұл ретте кішкентай бак жұмыс істеген кезде жалын мен ұшқын түспейтіндей орналастырылады.
      1751. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын жүргізу кезінде:
      1) жанармайы бар бактағы ауа қысымының кескіштегі оттегінің жұмыс қысымынан артық болуына;
      2) шие түсіне дейін қатты қыздыруға, сондай-ақ кескішті жұмыс кезінде басымен жоғары қаратып тігінен іліп қоюға;
      3) кескішке оттегі немесе жанармай беретін шлангілерді қысуға, бұрауға немесе сындыруға;
      4) бензин немесе керосин бөлуге арналған оттегі шлангілерін кескіште пайдалануға болмайды.
2-параграф. Дәнекерлеу жұмыстары
      1752. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс орны жанғыш материалдардан тазартылады, ал кемінде 5 метр қашықтықтағы жанғыш материалдардан жасалған құрылымдар жанбайтын материалдардан жасалған экрандармен қорғалады немесе сумен бүркеледі.
      1753. Дәнекерлеу шамдары толықтай жарамдылықта ұсталады және нәтижелері мен тексерген датасын арнайы журналға енгізе отырып, кемінде айына бір рет олардың төзімділігі мен герметикалығы тексеріледі. Бұдан басқа, жылына кемінде бір рет гидравликалық бақылау сынағы жүргізіледі.
      1754. Әрбір дәнекер шамы зауыттың гидравликалық сынақ нәтижелері мен рұқсат етілген қысымы көрсетілген паспортпен қамтамасыз етіледі. Шамдар тиісті қысымда реттелген, серіппелі сақтандыру клапандарымен жарақталады.
      1755. Дәнекерлеу шамдарына осы мақсат үшін арнайы бөлінген орындарда жанармай толтырылады және жағылады. Шамдарды толтыру кезінде жанармайдың төгілуіне және ашық отты пайдалануға жол берілмейді.
      1756. Дәнекерлеу шамынан жалынның шығуын болдырмау үшін шамға құйылатын жанармай бөгде қоспалар мен судан тазартылады.
      1757. Дәнекерлеу шамының жарылуын болдырмау үшін:
      1) жанармай ретінде керосинмен жұмыс істейтін шамдар үшін бензин немесе бензиннің керосинмен қоспасын қолдануға;
      2) ауа толтыру кезінде шамның резервуарындағы қысымды паспортта көрсетілген, рұқсат етілген жұмыс қысымынан жоғарылатуға;
      3) шамға оның резервуарының көлемінен артық жанармай құюға;
      4) шам жанып тұрғанда немесе суымай тұрып, ауа винті мен отын құю тығынын ашуға;
      5) ашық оттың қасында шамды жөндеуге, сондай-ақ одан жанармайды ағызуға және оған құюға жол берілмейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет