Өрттен қорғауда автоматтық жүйені таңдау.
Сумен өрт сөндіру қондырғылары біздің республикамызда да, шет елдерде де кеңінен таралған. Олар қарапайым құрылысымен және қызмет көрсету ыңғайлылығымен өте тиімді. Бұл қондырғыларды ұзақ уақыт эксплутациялау тәжірибесі көрсеткеніндей, олар өртке қарсы қорғаудың ең сенімді және тиімді техникалық құралдары болып табылады. Олар өрт сөндіретін автоматты қондырғыларымен жарақтандырылған нысандарда пайда болған өрттердің 96%-ын сөндіруде және оқшаулауда тиімді болып табылған.
Сумен өрт сөндіру қондырғылары әртүрлі салаларда қолданылады, олар мақта, лен, ағаш, маталар, пластмасса, резеңке, жанғыш және ұнтақ, заттар, өрт қауіпті сұйықтар бар заттар мен материалдарды қолданатын нысандарды пайдаланылады. Сонымен қатар, бұл қондырғылар технологиялық қондырғылар, кабельді құрылыстар, мәдениет ошақтарын (театрлар, мәдениет үйлерін,сауда үйлері және соған ұқсас құрылыстар) қорғауда да пайдаланылады. Жұмыс істеу принципіне байланысты сумен өрт сөндіру қондырғысы су шашатын түтікті және дренчерлі болып екіге бөлінеді.
Су шашатын түтікті қондырғылар жергілікті сөндіру кезінде қолданылады және бөлмеде тозаңдатылған сумен өрттерді оқшаулау үшін қолданылады. Нысанның температуралық жағдайына тәуелді олар үш түрге бөлінеді:
Сумен істейтін, барлық жүйе құбырлары жыл бойы сумен толып тұруы керек; ауа температурасы 50С төмен емес жылытылатын бөлмелерде қолданылады;
Ауамен істейтін, бақылау-жібергіш орталығына дейін құбырлар сумен толтырылуы керек, ал кезекші тәртіпте тұрған қалған жүйе барлық кезде қысылған ауамен толтырылған болуы керек;
тәуліктік орташа температурасы 80С төмен жылытылмайтынбөлмелерде, жылыту кезеңінің ұзақтылығы 240 күнге созылатын аудандарда қолданылады;
ауа-сумен істейтін, жыл мезгілдерінің жылы кезінде сумен, ал салқын кезінде – ауамен істейді.
Сондықтан өрт сөндіргіш құрал ретінде суды таңдаймыз, себебі бұл туралы негіздемелер жоғарыда қарастырылған. Бірақ әрбір зат (материал) үшін бірнеше өрт сөндіру құралы ұсынылатындықтан, қорғалатын нысанның өрт қаупін талдау есебінен, бөлменің микроклиматын, конструктивтілігін, көлемді-жоспарлау және коммуникативтік шешімдерін ескере отырыптаңдауды суға тоқтатамыз, өйткені бұл өрт сөндіру құралы ең тиімді болып есептеледі.
Өрт сөндіру әдісін таңдауды мүмкін болатын сипатпен, өрттің даму жылдамдығымен және алынған өрт сөндіру құралы есебінен жүргіземіз. Біздің жағдайымызда аудан бойынша сөндіру әдісі ең тиімді болып есептеледі.
Алынған сөндіру әдісі және өрт сөндіру құралының түрлеріне байланысты және өрттің дамуының мүмкін болатын жылдамдығын таңдай отырып сумен өрт сөндірудің су шашатын түтікті қондырғысын таңдаймыз. Қорғалатын бөлменің конструктивті ерекшеліктерін ескере отырып, қоздырғыш ретінде ИП 212-41М УС 02типті түтінді хабарлағышты таңдаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |