Өрт бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы


Өрт қауіпсіздігі бойынша балабақша қызметкерлеріне арналған нұсқаулық



бет10/17
Дата03.01.2022
өлшемі64.27 Kb.
#450717
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Әкежан

Өрт қауіпсіздігі бойынша балабақша қызметкерлеріне арналған нұсқаулық.


I. Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары

1. Барлық жұмыскерлер жұмысқа өртке қарсы нұсқамадан өткеннен кейін ғана жіберілуге тиіс, жұмыстың қыр-сыры өзгерген жағдайда басшы белгілеген тәртіпте орын алуы мүмкін өрттің алдын алу мен сөндіру бойынша қосымша оқытудан өтуге тиіс.

2. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқамадан жарты жылда бір реттен сиретпей өту керек.

3. Жұмыскерлер өндірісте және тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, сондай-ақ өртке қарсы режимді сақтауға және қолдауға тиіс.

4. Өрт бола қалған жағдайда өрт сөндіру күзетіне хабарлап, адамдарды, мүліктерді құтқару және өртті ауыздықтау бойынша қажетті шаралар қабылдау керек.

5. Балабақшадағы әр қызметкердің бірінші кезектегі міндеті өрт кезінде тәрбиеленушілердің өмірін құтқару болып табылады.

6. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған лауазымдық тұлғалар мен азаматтар ҚР заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

7. Көшіру жолдары, шығу жолдары, дәліздер, тамбурлар мен сатылар қандай да бір заттармен және жабдықтармен қоршалмауға тиіс.

8. Баспалдақ алаңының, дәліздердің, тамбурлар мен холлдардың есіктерінің жақтаулары тығыз болуға және өздігінен жабылу құрылғысымен жабдықталуға әрі үнемі жарамды күйде болуға тиіс. Көшіру жолдарының барлық шығатын есіктері ғимараттан шығу бағыты бойынша ашылуға тиіс және балалар ғимаратта болған кезеңде оларды тек қана жеңіл ашылатын ілмектердің көмегімен іштен жабу керек.

9. Балабақшада:



  • дәлізді баспалдақ алаңымен қосатын ойықтардағы есік бөліктерін алып тастауға;

  • желіге қосылған электр құралдарын қараусыз қалдыруға;

  • ас әзірлеуге арналған электрлік су қайнатқыштарды, электр шайнектерді жатын бөлмесінде, ойын бөлмелерінде және балалар орналасқан басқа да үй-жайларда (арнайы жабдықталған үй-жайды қоспағанда) пайдалануға;

  • шатырдағы жайларда қойма, мұрағат орналастыруға, онда қандай да бір материалды сақтауға;

  • суықтан қатып қалған су өтетін жылыту құбырлары мен кәріз құбырларын ашық отта қыздыруға тыйым салынады.

10. Балабақша аумағы мен үй-жай толықтай таза болуға тиіс. Барлық жанатын қоқысты жүйелі түрде арнайы бөлінген учаскеге шығарып тастау керек.

11. Қыста жолдар, подъездер мен өрт сөндіру гидранттарының шатырлары жүйелі түрде қардан тазартылуға тиіс.

12. Балабақшада үй-жайдың кез келген қабатынан шығатын көшіру жолдарының саны кемінде екеу болуға тиіс.

13. Балабақшада дәнекерлеу және басқа да қауіпті жұмыс түрлерін жүргізуге тек қана меңгерушінің немесе оны ауыстыратын тұлғаның рұқсатымен ғана жол беріледі.

14. Шатырдағы жайды таза ұстау және құлыптап қою керек. Шатырдағы жайдың кілттері тәуліктің кез келген уақытында алуға қолжетімді болатындай белгілі бір орында сақталуға тиіс.

15. Түнгі кезекші персоналдың үй-жай мен балабақша аумағын тастап кетуге, темекі тартуға, ашық от қолдануға, қыздыру құралдарын пайдалануға, өзінің қызметтік міндеттемесін орындаудан басқаға алаңдауға құқығы жоқ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет