Орта білім беру үдерісіндегі заманауи технологиялар. Қашықтықтан оқыту технологиясы



бет1/2
Дата21.02.2024
өлшемі45.76 Kb.
#492723
  1   2
5 лекция тапсырмасымен01











Орта білім беру үдерісіндегі заманауи технологиялар. Қашықтықтан оқыту технологиясы

Педагогикалық технология» ұғымына ғылыми тұрғыдан берілген анықтамалар


Қашықтықтан оқыту – мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. Қашықтықтан оқытудың үш түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі – вебинар.`
Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. Мұнда мұғалім түсіндірмесін, көрсетілімдерін көру арқылы оқып үйренеді.
Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Мұнда оқушылар, студенттер, тыңдаушылар өздерінің ізденіс, ақпарат жинақтау, тапсырмаларын желі арқылы оқытушыларына жолдап отырады. Ал, оқытушы тарапынан кері байланыс жасалып жүргізіледі.
Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренингтер өткізу формасы.Қашықтықтан оқытусеминарлары оқу сабақтарының белсенді түрі болып табылады. Ол семинарларбейнеконференциялардың көмегімен жүргізіледі. Олар пікірталасқа оның дамуының кезкелген жерінде кіруіне мүмкіндік береді және бұдан бұрынғы айтылған сөздерді оқып, бірнеше қадам артқа қайта оралады. Оқытушы материалдың меңгерілуін пікірталасқа қатысушының белсенділік дәрежесі бойынша бағалай алады. Өзара іс-әрекет ету саны артады, ал оқытушы тең құқылы әріптес ретінде көрінеді.

В. Беспалько «педагогикалық технология дегеніміз – тəжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын əдіс-тəсілдер – оның құрамды бөлігі ғана, оқыту үдерісін жүзеге асырудың мазмұндық техникада педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі)», – деп түсіндіреді.
Б. Т. Лихачев «педагогикалық технология – бұл оқытудың формасын, əдісін, тəсілін, тəрбиенің құралын жинақтауды анықтайтын психологиялық-педагогикалық құрылғылардың жинағы», – деген анықтама берсе, Г. К. Селевко «педагогикалық технология» түсінігін 3 аспект бойынша қарастырады:

      • ғылыми: педагогикалық технология – жобаланған педагоги- калық үдерісті жəне оқытудың əдісі мен мазмұнын, мақсатын оқытатын, педагогикалық ғылымның бөлімі;

      • бейнелеулі іс-жүргізу: оқытудың жоспарланған нəтижесіне жету үшін əдістер мен құралдарды, мазмұны мен мақсатының жиынтығын бейнелейтін үдеріс;

      • нақтылы іс-жүргізу: технологиялық үдерістерді жүзеге асыру, педагогикалық, əдістемелік жəне тұлғалық құралдарды жинақтау.

Сонымен қатар, Б. Т. Лихачев: «педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді. Педагогикалық технологияның мəні – шығармашылық қабілеттің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу».
В. В. Воронов «педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт», – деп есептейді.
В. М. Шепель: «Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, əдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» – десе, М. Чошанов: «Технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі» – деп анықтама береді.
Педагогикалық технологияларға берілген басқа да анықтамалар бар, ол: оқыту үдерісін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-əрекеттің моделі (Монахов В. М.), барлық сабақ беру үдерісін жасаудың, қолданудың жəне анықтаудың жүйелі əдісі, білімді меңгерудегі техникалық жəне олардың өзара əрекеттерін ескеру, мазмұнын қорытындылау (ЮНЕСКО).
В. Н. Бордовская жəне А. А. Реанның көрсетуінше, педагогикалық технологиялар бұл білім беру үдерісіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс-əрекеттеріне, мақсат-мазмұн əдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады.

М. Құсайыновтың есебінше, педагогикалық технология əдеттегі түсініктерден басқа. Ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тəрбиелеудегі мақсаттары мен нəтижелерге жетумен сабақ беру үдерісі емес, ол кəсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің жəне өзара оқыту үдерісі, ол білім берудің мазмұны мен оқу жоспарларының бағдарламаларында ескерілген іс-əрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының əрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.


В. А. Сластенин бойынша педагогикалық технология деген: ол қатал ғылыми жоспарлау жəне дəлірек айтқанда, педагогикалық əрекеттің жетістігін қамтамасыз ететіндігін елестету.
Педагогикалық технология теориялық педагогика мен практика аралығында орын алып отыр. (В. Богомолов, Т. Ильин, А. Космодемьянская, М. Кларин, Ф. Янушевич сияқты ғалымдар осылай түсіндіреді.) Педагогикалық технология деп мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың жəне ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсат- тар қоюдың тұтас үдерісін айтамыз.
Сонымен, педагогикалық технология – оқыту үдерісін түгелдей қолдану жəне бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, білім берудің тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі əдісі ретінде түсіндіріледі. Жоғарыда аталған авторлардың пікірі бір-бірінен онша алшақтамағанымен, олар педагогикалық технологияның əртүрлі белгілеріне назар аударуды ұсынады. Қазіргі кезде оқытуда дəстүрлі жəне дəстүрлі емес жаңа, дамыта оқыту əдістері пайдаланылуда. Дəстүрлі əдістің негізін сыныптың сабақ жүйесі ретінде Я. А. Коменский салса, педагогикалық жаңа əдістер 50-60-шы жылдарда пайда болып, осы заманға Л. С. Выготский, М. Н. Скаткин, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. В. Занков тағы басқаларының идеялары жалғасты. М. Н. Скаткин: «Бастауыш сыныпта оқушыларға өз беттерімен танымдық міндеттерді шештіруді, сабақ мазмұнында берілетін материалдарды проблемалық мəселе ретінде ұсынуды құптайды. Сабақта берілетін білім мазмұнын жан-жақты ашу үшін оқушыларға тек соңғы нəтиже ғана айтылып қоймай, оның қалай жүзеге асатын жолдары түсіндірілуі тиіс» – дейді.
Ғалым дидактик В. В. Давыдов М. Н. Скаткиннің бастауыш сыныпта жаңа əдістердің енгізілуін мақұлдап, оқушылардың теориялық түсініктерін қалыптастыру мүмкіндігін, бала психикасын дамыта оқытудың тиімді шешімін табуды алға қояды. Осы тұжырымдарды мұғалімдердің озат тəжірибесімен ұштастыра отырып, қазіргі бастауыш сыныптарда білім мазмұны мен əдістерін жетілдіру мəселелері шешімін күтуде.
В. В. Давыдовтың пікірі бойынша, бастауыш сынып оқушыларына танымдық міндеттерді шештірудің жолын іздестіру арқылы шығармашылық тəжірибені меңгертуге болады. Соның нəтижесінде білім, білік жəне дүниеге деген көзқарас, қатынас қалыптасады. Осы жағдайда бастауыш сыныпта тəрбиелеу мен оқыту баланың жеке дара ерекшеліктерін дамытады. Ғалымдардың пікірінше, бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мəселелер: оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу əрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру.
В. В. Давыдов дамыта оқыту қағидасын бүтін жүйе ретінде қарастыруды ұсынады. Оқу қызметі оқу мақсаттары мен міндеттерінен, оқыту əдістерінен тұрады. Оқу əрекетіне оқу операциялары (ұғымдарды түсіндіру) оқуды игеру, бақылау, оқылатын материалдарды меңгеру дəрежесі, ал қабылдау əрекетіне дағдылар мен біліктер жатады. Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттарының негізгі ой- тұжырымдары төмендегіше сипатталады:

      • есте сақтауға негізделген оқып-білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

      • білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой əрекетінің динамикасының құрылым жүйесіне көшу;

      • оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жеке- леп саралап оқыту бағдарламасына өту.

Қазіргі кездегі Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сəйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің əр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға жəне тəжірибеге негізделген жаңа идеялар, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бар. Сондықтан əртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас жəне психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тəжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жəне басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.













Бақылау сұрақтары:


  1. «Қазіргі заманғы педагогикалық технология» пəнінің объектісі, пəні, мақсаты мен міндеттерін саралаңыз.

  2. «Технология» ұғымын түсіндіріңіз.

  3. «Педагогикалық технология» ұғымына берген педагог- ғалымдардың түрлі пікірлерін сипаттаңыз.

  4. «Педагогикалық технология» ұғымының мағынасын атаңыз.


Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

  1. «Технология» ұғымын зерттеген ғалымдар

    «Технология» ұғымы

    Сипаттамасы

    Педагогикалық түсіндірме сөздіктегі анықтамасы




    В. Даль анықтамасы




    В. П. Беспалько анықтамасы




    М. В. Кларкин анықтамасы




    Б. С. Блум анықтамасы




    т.б.






  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет