«Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»



бет31/82
Дата01.11.2022
өлшемі0.66 Mb.
#463759
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82
Азия

Тақырып 14. Үндістан.
Мақсаты:
1 Ежелгі дүние мен Орта ғасырлар шегіндегі Үндістан.Кезеңдерге бөлу, саяси дамуы.

  1. Гуптар кезеңі.

  2. Эфталиттер шапқыншылығы.

  3. раджалар кезеңі.

Нарбадда өзені мен Виндхи тауларынан солтүстікке қарай жатқан жерлер Солтүстік Индия, ал олардан оңтүстікке қарай жатқан жерлер - Декан ("Дакхин" - Оңтүстік) деп бөлінеді. Бұл жерлерде көптеген тайпалар тұрды. Олардың тілдерінде біраз ерекшеліктер болды. Тайпалар дамудың әр түрлі сатысында болды: біреулері алғашқы қауымдық құрылыста болса, енді біреулері құл иеленушілік құрылыста, келесі біреулері - феодалдық қоғамға аяқ басқан еді.
Сөйтіп, жаңа дәуірде ірі жер иелері өз шаруашылықтарын прогрессивті негізде жүргізе бастады. Құлдар еңбегі тиімді болмады. Сондықтан жер иелері оларға өз шаруашылығын жүргізетін үлес бөліп берді. Ол үлес үшін құлдар жер иесіне жұмыс істеп беретін немесе өнімнің белгілі бір мөлшерін беретін. Сонымен, құлдық қоғамда қанаудың феодалдық қоғамға тән түрі кеңінен қолданыла бастады.
ІҮ ғасырда Солтүстік Индия Магадхялық ақсүйектердің қол астына бірікті. 320 жылы Магадхадағы өкімет билігі Гупта әулетінің өкілі Чандрагуптаның (320-340) қолына тиді. Оның баласы Самудрагуптаның (340-380) тұсында Гупттар билігі Батыс Бенгалиядан Пенджабка дейінгі аралықтағы солтүстік Индияға таралды.
Ұланғайыр Гупттар державасын басқару үшін күшті әкімшілік және әскери аппарат құрылды. Ондай аппарат тек астана Паталипутрада ғана емес, басқа маңызды қалалар мен елді мекендерде де құрылды. Ү ғасырдың ортасында халықтың салыққа деген наразылығы көтеріліске әкеп соқты. Державадан батыс облыстар бөлініп шығып, тәуелсіз мемлекетке айналды. 458 жылы гупттар өз державасын көшпелі гунн эфталиттер шабуылынан қорғап қалды. Бірақ Ү ғасырдың аяғына қарай, Будхагупта тұсында гунн-эфталиттер гупталарға қатты соққы беріп, батыстағы Мальва, Гуджарат, т.б. бірқатар облыстарды барып алды.
Гупттар тек Магадхты ғана ұстап қалды. Эфталиттер Шакала қаласын өз астанасына айналдырды. Эфталиттер езгісі елді ауыр күйзеліске ұшыратты. Ол езгі үнділіктерді көтеріліске шығарды. 528 жылы гупттар басшысы Баладитья Орталык Индиядағы Мандасордың басшысы Яшодхарманмен одақтаса отырып, эфталиттерді талқандады. Эфталиттер куылды. ІҮ ғасырда Магадхи жерінде құрылған Гупта империясы, оның билеушілері, жер аумағы жайлы айта келіп, Самудрагупта (340-380) тұсындағы Гупта мемлекетінің күшею кезеңіне тоқталуға болады, Гупта мемлекетінің жері Батыс Бенгалиядан Пенджабқа дейінгі СолтүстікҮндістан жерін алып жатты. Мемлекетті басқару үшін күшті әкімшілік және әскери аппарат жүйесі құрылды. Ү ғасырда феодалдық қатынас тереңдей түсті, салықтың көп болуы халық наразылығын туғызды. Ішкі бытыраңқылықтан әлсіреген Гупта мемлекетіне ғұн эфталиттері шабуыл жасап, көптеген аймақтарын басып алды. Эфталиттер езгісі, ішкі қайшылықтар елді ауыр күйзеліске ұшыратты. Бірақ бұл күрес Гупттар мемлекетін өте катты әлсіретті. Ішкі талас-тартыстар тоқтамады. Акыры, ҮІ ғасырдың аяғында Гупттар мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.
Гупттар державасы құлағаннан кейін Декан территориясында көптеген майда мемлекеттер құрылды. Олардың кейбіреулерінде бұрынғы ақсүйектер билігі сақталып қалды. Басқаларын төменгі сословие - шудра мен вайшилерден шыққандар немесе Индияға басып кірген тайпалар өкілдері басқарды. Деканның біраз князьдықтарында жергілікті әскери аристократиядан шыққан өкілдер билігі орнады.
Гуптар империясы құлаған соң Солтүстік Индия бірнеше ұсақ княздықтарға ыдырап кеткен еді. ҮІ ғасырда ішкі талас-тартыстан әлсіреп, құлаған Гупта мемлекетінің орнына ҮІІ ғасырда Харши (606-647) билік басына келіп, ірі мемлекет құрғаны жайлы сөз болады. Ганг өзенінің бойы, Шығыс Пенджаб және Бенгал шығанағына дейін билік жүргізген Харши өлгеннен кейін мемлекеттің бірнеше шағын кінәздіктерге бөлініп кеткен. X ғасырдың аяғында Индияның Солтүстік-батысында Вартхандар әулеті басқарған Тханесар князьдығы күшейе бастады. Тханесар князьдары өз елін батыс Пенджабтың жартылай көшпелі тайпаларынан табысты қорғай алды, сондай-ақ ұсақ князьдықтарды басып алып отырды. Бірақ Вардханның бұл вассалдары 606 жылы көтеріліске шықты. Сол 606 жылы таққа Харша вардхан отырды. Ол 647 жылға дейін патшалық құрды. Күшті армия жинап алып, Харша көтерілісшілерге қарсы аттанып, олардың тас-талқанын шығарды. Бірнеше жылдың ішінде ол Солтүстік Индия князьдықтарын бағындырды. Харша Ганг алқабын алып жатқан ұланғайыр мемлекет құрды. Оның шекарасы Шығыс Пенджабтан Бенгал шығанағына дейін созылып жатты. Харша мемлекеттің астанасын Канаудж қаласына (Солтүстікте, Ганга өзенінің бойында) көшірді.
620 жылы Харша Деканға жорық жасап, сәтсіздікке ұшырады Харша құрған империя берік болмады. Ол тек әскер күшімея ғана бір орталыққа бағынышты болып тұрды. Солтүстік Индиядағы Харша басып алған жерлерде жергілікті князьдар билігі сақталды. Олардың Харшаға тәуелділігі салық төлеуінде, шақырған кезінде әскерімен келіп, соғысқа қатысуда болды. Князьдар өздерінің адал берілгендігінің куәсі ретінде Харша сарайына өз отбасынан кепілдікке адам жіберіп отырды. Харшаның сыйлық грамоталары оның бағынышты князьдердің жеріне жоғарғы меншік иесі болып табылғандығын көрсетеді. Бағындырылған жерлерден алым-салық жинауды қамтамасыз ету үшін Харша ол облыстарға өз өкілдерін отырғызды. Харша сарай сановниктерінің штатын ұстады. Оларға қызметі үшін жер үлестіріп беріп отырды. ҮІІ-ХІІ ғасырларда Үнді жерінде феодалдық қатынастың тереңдей түсуі мүлік теңсіздігін күшейтті. Қытай мемлекетіндегідей Үндістанда да жер мемлекеттік меншікте болды. Үнді патшасы жерді 4 иелікке бөлді. Ірі феодалдық жерлер мұрагерлікке берілетін болды. Қауымдық жер «раджа жері» деп аталған. Патша дін қызметкерлеріне жерді молынан сыйлап отырған. Мысалы, ҮІІ ғасырда храм мен дін басыларына 1400 ауылды шаруаларымен сыйлаған. Бұл қарекеттен Үнді мемлекетінде дін басындағылар да ірі жер иеленушілерге айналғанын көреміз.
Харшаның мемлекетіндегі феодалдық сот өте қатал сот болды. Занды бүзушыларды өлім жазасына кесетін. Олардың мұрнын, қолын, құлағын кесіп алып, зынданға тастайтын. Сөйтіп, заң бұзушылар қорлықпен өлетін. Харша өлген соң көп ұзамай оның құрған державасы ыдырап кетті.
ҮІІІ ғасырдың басында арабтар Синдке басып кірді. Мұның нәтижесінде екі эмират құрылды; бірі - Синдтің оңтүстігінде, астанасы Мансура қаласы, екіншісі - солтүстікте, астанасы Мультане қаласы. Бенгалия территориясында ұзақ күрестен соң шудралар варнасына жатады деп есептелген Палдар тұқымы таққа отырды.
Солтүстік Индия территориясында әскери-аристократиялық кландарынан шыққан князьдар басқарған бірнеше князьдықтар құрылды. Тарихшылардың топшылауынша бұл Ү ғасырда гунн-эфталиттермен келіп, Солтүстік Индияның батысында орналасып қалған әскери-аристократиялық әулет. Сол әулеттің бір өкілі - гуджар тайпасы. Индияда орныққан бұл келімсектер жергілікті халықтың тілін, дінін, мәдениетін қабылдады. Олар ерекше раджпуттар кастасын құрады. Бұл кланның мүшелері дихандар мен колөнершілердің бейбіт еңбегін менсінбей, өздерін тек әскери істер үшін жаралғандар деп есептеді. Соқаға жақындаған раджпут басқа раджпуттардың күлкі мазағына ұшырайтын. Абыздар мен ақсүйектер ерекше кастаға жатты, елдегі саяси билік пен байлық осылардың қолында болды. Ал сарай қызметшілері мен кедейленген шаруалар төменгі кастаға жатты. Жоғарғы кастаға жататын адамдардың маңдайында қара дөңгелек мең белгісі болған.
ҮІІІ ғасырда раджастхан территориясында құрылған ұсақ князьдықтар ішінде раджпуттық Пратихар басқарған князьдық күшейе бастады. IX ғасырдың басында Пратихарлар Джамна алқабына басып кіріп, Канауджді бағындырды. Сонан соң өз билігін бүкіл Ганга-Джамиа өзендерінңн алқабына таратты. Өздерінің шығысқа қарай жорықтарында пратихарлар Бенгалияны билеуші Палдармен қақтығысты. Олардың арасындағы соғыс ұзаққа созылып, халықтың тұрмыс жағдайын нашарлатып жіберді.
Үнді жерінде шаруашылықтың және сауданың өсуі қалалардың көбеюіне әкелді. Шығыс елдерінің бәріне тән нәрсе – ортағасырлық қалалардың көп болуы . Олар тек қана сауданыңғана емес, қолөнер мен мәдениеттің де орталығы болды. Қолөнершілер піл сүйегінен қымбат бұйымдар жасады. Үнді шеберлерінің қолынан шыққан қару-жарақ, зергерлік бұйымдар, кілем, жұқа, әсем маталар жоғары бағаланды. Танджур, Пайтхан, Дели, Сурат қалаларында қолөнер мен сауда жақсы дамыды. Керуен жолдарының екі бағыты болды. Біріншісі Әмудария өзенімен Орта Азияға, Қазақстан арқылы Батыс Еуропа елдеріне, екіншісі Балан асуы арқылы Кандагар, Иранға шықты.
ІҮ – ҮІІ ғасырларда үндістанның мемлекеттік діні болған будда дінінің негізгі мистикалық қағидаларға құралған. Буддизм ілімі қазіргі кезде Қытай, Жапония, Монғолия және Бурят, Саха елдерінде кеңінен таралған.
ҮІІІ ғасырда Үндістанды арабтар жаулап алғаннан кейін ислам діні енгізілді. Қазіргі Үндістандағы көп дінділікті өмірден нақтылы мысалдар келтіру арқылы түсіндіру қажет. Мысалы, өлген адамның мәйітін өртеп, күлін Ганг өзеніне тастаса, ол адамның жаны о дүниеде жұмаққа барады деп сенген. Бұл дәстүр әлі күнге дейін бар.
Үндістандағы ғылым мен мәдениет жайлы әңгімені ортағасырлық Үндістанда математика, астрономия, медицина сияқты ғылымдардың жоғары деңгейде дамығандығын айтудан бастау керек. Үнді математигі Арьбхата пифагор теоремасын білген, синус, косинустар теориясын ашқан. Сонымен қатар ол аспан әлемін зерттеген. Медицина саласында өсімдіктерден әрі түрлі дәрілер жасаған, операция жасауды білген. Көз ауруларын емдеген.
Ү ғасырда өмір сүрген үнді жазушысы Калидасаның «Шакунтала» драмасы және идеалистік көзқарастағы үнді философтар дүниежүзілік әдебиеттің алтын қорына қосылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет