Тақырып15. Үндістан.
Мақсаты:
Үндістанды мұсылмандардың жаулауы.
Дели сұлтаны.
Оңтүстік Үндістан. Бахмани, Виджаянаир.
Дели сұлтандығының құрылуы. XII ғасырдың аяғында Солтүстік Үндістан жаулап алушылардың қолында қалды. 1175 жылы Гуридтер әулетінің өкілі Газни Шихаб-ад-дин Мухаммед Гури Газнавилер әулетін құлатып билікке келген соң Газнавилер әулетінің соңғы билеушісі тығылған Пенжабқа шабуыл жасады. Бұл облысты басып алған соң одан әрі шығысқа жылжи берді. 1192 жылы Тараин түбінде Аджимира мен Дели князі Притхви Раджей басқарып келе жатқан үнді княздарының одақтастар әскерін жеңіп, ол бүкіл Доабо (Джамна мен Ганга) арасына өз билігін орнатты. 1199-1200 жылдары ол Бихар мен Бенгалияны бағындырды. Жаулап алынған жерлер Гуридтер державасының мемлекеттік жерінің құрамына енгізіліп, оның жоғарғы егесі Мухаммед Гури болды. Ол бұл жерлерді әскербасыларға феодалдығ негізде берді. Оған Кутуб-ад-дин Айбекті басшы етіп қояды.
1206 жылы Мухаммед Гури қайтыс болады. Әскербасылар жаңа билеші Газнидің билігін мойндамады және олар Солтүстік Үндістан территориясында өздерінің жеке Газниге тәуелсіз, астанасының атымен аталатын Дели сұлтандығының негізін қалады. Бұл мемлекеттің басшысы болып алдыңғы намесник Кутуб-ад-дин Айбек тағайындалды.
Кутуб-ад-дин Айбек сұлтан болған соң Делиде 100 жылға жуық түрік гулямдарының билігі орнады. Айбек Делиде бірнеше ірі құрылыс жұмыстарын жүргізді. Мысалы: Лал Кот (Қызыл бекініс), “Кувват ул ислам” (Ислам күші).
Кутуб-ад-дин Айбектің негізгі әлеуметтік тірегі - әскері болды. Мемлекеттік дін ислам діні болып, жарияланды. XII ғасырдың аяғы мен XIIІ ғасырдың басында мүсылмандар саны артты. Айбек мыңдаған храмдарды жойып, орнына мұсылман мешіттерін тұрғызды. Мемлекеттік тілі – фарсы тілі болды.
1210 жылы Кутуб-ад-дин Айбек ат үстіндегі ойындарда (чауган) аттан құлап қайтыс болады. Түрік ақсүйектері Шамс-ад-дин Илтумышты (1210-1236 ж.ж.) отырғызады. Илтумыш түсында Дели сұлтандығының территориясы кеңейе түсті. 1225 жылы Дели сұлтандығына Бенгалия билеушілері алым-салық төлеп тұруға келісім берді. 1232 жылы Шамс-ад-дин Илтумыш Гвалиурды, 2 жылдан соң Бхилсу мен Уджжаинды бағындырды. Шамс-ад-диннің әскери жетістіктері ақсүйектердің бірігуіне және сұлтандықтың күшейуіне жағдай жасады.
Бұған осы кезде шығыс елдерінде басталған монғол шапқыншылығы да үлкен әсер етті. Илтумыш өлімінен соң оның жақындар мен әскери гулямдар арасында өзара күрес басталды.
Достарыңызбен бөлісу: |