Орта ғасырлар кезіндегі Орталық Азия жерінде қала өмірі мен сауданың. сәулет өнері мен қолөнердің, мәдениет пен ғылымның дамуы



бет3/3
Дата04.10.2022
өлшемі0.84 Mb.
#461872
1   2   3
слайд рухани

Ислам сәулет өнерлері


Ескерткіштер
Айша бибі кесенесі
Бабаджа хатун
Арыстан баб кесенесі
Қожа Ахмед Яссауи кесенесі
Гөрі Әмір

Гөрі Әмір кесенесі

Гөр әмір кесенесі (өзGo'ri Amir; парсы тілінен. گورِ امیر – «Әміре қабірі») — Самарқантағы Әмір Темір мазары (XV ғ.), Орта Азия архитектурасының ескерткіші. Әмір Темірдің бұйрығымен 1403—04 жылы Мұхаммед Сұлтан медресесінің оңтүстігін ала салынған. Гөр әмірдің ішкі жағы шаршыланып келген, әр қабырғасында терең текшелері (ниша) бар. Сырт көрінісі — сегіз қырлы. Негізгі кабырғаның үстіне үлкен барабан орнатқан. Араб жазуларымен, ою-өрнекпен әсемделген бұл барабанның үстінен алып күмбез орнаған. Күмбез бедерлері геометриялық өрнекпен безендірілген.

Мазардьщ ішкі өрнектері бояуларының байлығымен, ағаштағы, темірдегі оюларыньщ нақыштылығымен (есік, терезе) көз тартады. Гөр әмір мазарында Әмір Темірдің, оның екі үлы Шаһрух пен Мираншаһтың және немересі Үлықбектің қабірлері бар.

Қожа Ахмед Яссауи кесенесі

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі - ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Түркістан қаласында орналасқан. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Яссауи қабірінің басына тұрғызылған. Көптеген жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауда Әмір Темір тікелей өзі қатысып, негізгі өлшемдерді анықтаған көрінеді. Кесене - үлкен порталды-күмбезді мемориалдық құрылыс. Архитектуралық жергілікті дәстүрді жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа негіз етіп алынған. Кесене оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Ені - 46,5 м, ұзындығы - 65 м. Күйдірілген шаршы кірпіштен өрілген. Кесене жобасының ерекшелігі - онда Орталық Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдері қолданылған. Ескерткіште күмбезді, аркалы элементтер мол. Сәулетші-шеберлер тек аркалы күмбезді жүйенің өзіне сан түрлі әдістерді қолданған. Кесенеде аса үлкен портал (ені - 50 метрге жуық, порталдық арканың ұзындығы - 18,2 метр), бірнеше күмбез, 35 бөлме бар. Ғимараттың биіктігі 37,5 м. Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы - 1,8-2 м, қазандық қабырғаларының қалыңдығы - 3 м. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мешіт, медіресе қызметін де атқарған. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құран Кәрім сүрелері мен аяттары жазылған. Жазулар көгілдір қышпен өрнектелген. Жазулардан «Алла», «Мұхаммед», «О, жарылқаушы», «Билік Аллада», «Алла менің әміршім», «һижраның 800 жылы» деген сөздерді оқуға болады


Қарахан кесенесі
Айша бибі кесенесі
Қожа Ахмед Яссауи кесенесі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет