Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бұйрығынаұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі
Құжаттарды педагогтер қағаз түрінде немесе электрондық форматтағы білім беру ұйымын электрондық жүйеге қосқан кезде толтырады. Электрондық форматта толтыру кезінде қағаз форматта талап етілмейді.
Орта білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі:
1.1. білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша (барлық пәндердің педагогтері):
орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сыныптарға арналған сынып журналы; орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12) сыныптарға арналған сынып журналы; орта білім беру ұйымдарына арналған мектепалды сыныптарының журналы; орта білім беру ұйымдарына арналған факультативтік сабақтардың немесе үйде оқыту журналы (қағаз түрінде немесе электрондық форматта);
орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспары электрондық форматта (word немесе pdf форматындағы электрондық түрде);
орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспары (word немесе pdf форматындағы электрондық түрде);
4) тәлімгер педагогтің жас маманмен жұмыс жоспары (тәлімгерлігі үшін қосымша ақы алатын педагог қағаз түрінде немесе электрондық форматта толтырады); білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді тәрбиелеу бойынша (сынып жетекшісінің функциясын атқаратын педагог):
тәрбие жұмысы жоспары (word немесе pdf форматындағы электрондық түрде);
орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сынып білім алушысының үлгерімі туралы табелі (орта білім беру ұйымдарының жұмысы электрондық жүйеге қосылмаған жағдайда, қағаз түрінде, электрондық жүйеге қосылған жағдайда оқу жылының соңында жүргізіледі);
4) орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12) сынып білім алушысының үлгерімі туралы табелі (орта білім беру ұйымдарының жұмысы электрондық жүйеге қосылмаған жағдайда, қағаз түрінде, электрондық жүйеге қосылған жағдайда оқу жылының соңында жүргізіледі); 1.3. білім беру қызметін ұйымдастыру бойынша (басшы, қызмет бағыттары бойынша басшының орынбасары (оқу жұмысы бойынша, тәрбие жұмысы бойынша, бейіндік оқыту бойынша, ақпараттық технологиялар жөніндегі):
басшы: