ІІІ. Мойын–10. Бұқамойын, Қылмойынов, Қылқимойын, Бұзаутамақ, Кеңірдекович, Қылкеңірдек, Тайбұғақов, Шөпжелке, Желкебай.
ІV. Кеуде–20. Көкірек Кеудебаев, Жалаңтөс, Тауықтөс, Бауырбек, Бесқарын, Месқарын, Итқарын, Тасбауыр, Тасжүрек, Қарынбай, Қарынбөлеев, Сауқарын, Талақ, Жұлынбай, Ішекқарынұлы, Ұлтабар т.б.
V. Қол – 15. Қолдағышов, Жұдырықбеков, Бармақшал, Басбармақ, Тырнақшал, Белбармақов, Жезтырнақ, Саусақпаев, Сұқбек, Сояу, Шынашақ, Шапалақ, Шеңгелов, Бессаусақов.
VІ. Жамбас – 9. Біржамбас, Бөксегүл, Бұлаңқұйрық, Жамбассипарұлы, Жатырбай, Көтібар, Құйымшақ, Құйысқанбике, Тайкөт, т.б.
VІІ. Аяқ– 20. Шойтабанов, Ақтабанов, Тобан, Тобышақ, Майөкшенов, Ноқтабан, Желаяқ, Итаяқ, Көкаяқ, Қуаяқов, Қотанаяқ, Сәндіаяқ, Суаяқов, Талтаяқ, Бақай, Башай, Шотаяқ, Бибұт, Шибұт, Шиборбай, Ұлтан. Басқа байланысты – Тазша, бетке-Бедірейгенова, көзге–Адырақбаев, Ақима, Қылипа, Бадырақ, Соқыр; мұрынға – Тәмпіш, Таңқыгүл; ауызға – Жұтқанов, Жұттыбай; құлаққа – Саңырау, Кереңбаев; қолға–Шеңгелов; денеге – Айтыртық Тырдай Жалаңашов; шашқа Үрпек, Бұйра, Шүйкебик Шаштеңге, Шашбике, Қолаңшаш, Тұлымтай; бойға – Қортық, Мықыр, Пошым; аяққа –Айталтақ, Маймақ, Зыпберген т.б.
1.3.2.Зоофорлық (zooгр.“жануар”+onіm.атау) аттар (ЗА)–жан-жануар, аң-құс, құрт-құмырсқа атауларынан жасалған жалқы есімдер. [3,60]. Зооним–жан-жануар аттарыгиппоним (жылқы), киноним (ит), орнитоним (құс), инсектоним (жәндік) т.б деп жіктеуге болады. Біздің зерттеуімізде 100-ден астам ЗА кездесті. Қой атауымен келген ЗА: Қозыбақ, Қозытай, Қозыбағар, Қойбай, Қойбағар, Қойсұлу, Қойтеке, Қойшы, Қойболды, Қошқар, Торымбике, Ісекбай. Сигнификаттық (лат. sіgnіfіcatum - “таңбалаушы”) мағына ұғыммен, ойлаумен байланысты. Сигнификаттық мағына – жуастық, көнбістік, момындық.
Ешкі атауымен келген ЗА: Ақтуша, Ешкіайдар, Ешкібас, Ешкібағар, Ешкікөз, Ешкіауыз(ов), Текекөз, Тоқалешки(ева), Тышқақ (лақ), Шыбыш т.б. Сигнификаттық мағына: шыдамсыздық, жеңілтектік, күйгелектік, сабырсыздық.
Сиыр атауымен келген ЗА: Ауқау(ов), Бұзаубақ, Бұзаутамақ, Бұқабаев, Бұқамойын, Бөртебаева, Өгізхан, Сиырбағар, Сиырбаев, Танабике, Зеңгібаба. Мұндағы ассоциация – қыңырлық, надандық, топастық.
Гиппонимдерден жасалған ЗА: Ақбозов, Аткелтір, Бестібай, Дөненқырт, Жорғабай,Көкшолақ, Көкбайтал(ов), Мәстек, Құнанқырт, Нарбалақов, Саңлаққали, Саршолақ, Саяқбай, Пырақбаев, Тайбұғақов, Тайшабаров, Тайқара, Тайқасқа, Тайтері, Тайлыаяқ, Тайтұяқ, Тебеген, Тарпаңбай. Денотаттық (лат. denotatum – “белгіленуші”) мағына – албырттық, асаулық, шалкестік.
Түйе атауымен келген ЗА: Ақтайлақ, Атанбек, Бозтайлақ, Бошалақ, Бозінген, Бозымгүл, Боздақ, Бура, Жүзтайлақ, Қоспақ, Нарпатша, Наркескен, Нұқатан, Інгенбай, Ойсыл, Өркеш, Түйебағар. Түйеге тән денотаттық мағына – жуастық, адуындық, самарқаулық, жалқаулық.
Үй жануарлары аттарынан жасалған ЗА: Ақкүшік, Арсалаң, Барақ, Доңызқұл, Домбай, Есекбай, Күребай, Қызылтазы, Шошқа(евич), Тайқар.
Кинонимдерден жасалған ЗА: Барақ, Итаяқұлы, Иткүл, Итбай, Итқара, Итқұл, Итбас, Итемген, Иткөз, Иттұмсық, Итжеккен, Итуахи, Итбақбас, Күшікбала, Құмай, Тазыбайдың Қаншығы, Көпек, Төбет, Үрген, Құтпан.
Ит – “жеті қазынаның бірі”, адам секілді оның бойында жақсы да, жаман да мінез табылады. Жақсысы: сенімділік, шыдамдылық, табандылық, жаманы: сатқындық, жалтақтық, жарамсақтық. Ұлы Абай өзі жақтырмаған нәрсесін “ит” деп атаған. Шетелдік киногер Б.Бордо айтқан екен: “Адамдарды тани түскен сайын иттер туралы ойлаймын”. *Итуахи > ит + уа+хи дейтін одағай сөздердің бірігуінен жасалған. Итуахи деп аталуы кейіпкер атынан баяндалады: “Иттей боп дем алған екенсің. Иттің құлағына алтын сырға, мен өзі сөз арасында итті атамасам тұтығып, ақылымнан адасып қалатын секілдімін. Мұның бәрі – жүйкенің иттей боп жүдегені деген сөз”(О.Әубәкіров).
“Бұл қатынның шешесі итжерік күйінде ит жылы туыпты.Кіндігін Итбайдың кемпірі кесіп, Итемген шал атын Иткүл қойыпты”(С.Кенжеахметов)
Түз аңдары атауынан жасалған ЗА: Айдаһар, Аюбай, Аюкен, Балпақ, Борсық Бөрігүл, Бөлтірік, Бөкен Арыстанович, Жыланкөз, Елікханов, Ешкіемер, Киікгүл, Көкжал, Көжек, Қоянгүл, Қоян Қорықпасов, Қодыкен Сусликкөз, Қоңырқұлжа, Таутан ,Төкеш Түлкібаев, Түлкібике, Түлкібақ. Бұдан басқа су жыртқыштарынан – Киттей, Шортан, Жайынауыз, Жайынгүл, Бекіре, ұсақ балықтар – Лақа, Шабақ, қос мекенділерден – Айбақа, Бақа, Бақыш, Тістібақа, Шаянбек, Сары Шая, инсектонимдерден – Биттей, Бүрге, Сүлік, Сонашгүл, Сіркегүл, Таскене, Көбелек), Инелік, Заршыбын тәріздес зоонимдер бар.
Орнитонимдерден жасалған ЗА: Аққу, Әтеш, Бөдене Бұлдырықов, Бытпылдақ, Дуадақ, Жарғанат, Ителгиев, Кекілік, Көкекгүл, Күйкентаева, Қаршыға Бүркітов, Қораз Қоқиев, Қыран, Қырғигүл, Қызғышов, Қытқытбек, Құсбегин, Құсмұрын, Құрбек, Құзғынбай, Сауысқан Саққұлақов, Тауықбике, Тауықтөс, Тырнабай, Үкісарықыз, Үйрекович, Шүрегей, Шымшықбек. Қораз Қоқиев < қоқи қораз. “Ешкіммен тілдеспейді, амандаса қалсаң, бас-аяғыңды тексеріп шығып, оң қолының сұқ саусағымен көзілдірігін көтеріп жоғары қарап тұрып “с-с...” деген болымсыз дыбыс шығарады. Көзілдірігімен бірге көтерілген танауы біразға дейін делдиіп тұрып алды” (С.Жортанов)
1.3.3 Фитофорлық (өсімдік атауынан жасалған ЖқЕ-дер аттар) Ағаш: Ағашбай, Сандалбай, Тасеменов, Шыбық, Зәйтүн Бұтақ: Бұтағали, Жапақ, Қияқ Қамысов, Қамысбай, Қурай, Шілік, Шигүл, Шибұт, Шиборбай. Шөп: Адыраспанов, Ажырық, Бұзаубас, Ебелек, Запыран, Жантақ, Желбіржекен, Қалақай, Қаңбақтай, Миягүл, Нашабек, Шағыр, Шөңгебай, Усойқы. Дақыл: Арпабай, Тарыбай, Жүгерин, Күрішбек, Мақтажан, Уытбай. Бау бақша: Әңгелек, Бүлдірген, Бәдірең, Жаңғақ, Жуагүл, Көсік, Пістебек, Түйнекбай, Шиебайұлы, Шатырашұлы, Пәшек, Бошақ Гүл: Гүлдерай, Гүлбазар, Инегүл, Қызғалдақ, Сарғалдақ, Гүлжапырақ, Бәйшешек, Ләйлікөк, Сарыкүл, Шайкүл.
Фитонимдерден жасалған кейбір ФА-дың жасалым уәжін түсіндіре кетейік. Усойқы < усойқы - хош иісті ақ гүлі бар улы өсімдік, улылығына байланысты ащы, қыршаңқы тілді адамдарды усойқы деп атайды. Уытбай < уыт - арақ, бозаны ашыту үшін салатын құлмақ тәріздес дән, ащы дәм тілінің шақпа, уыты бар адам жөнінде уәж болып тұр. Ебелек < ебелек - құмды жерде өсетін бір жылдық өсімдік, шөптің ұшып жүретіндігі жеңілтек, ұшқалақ кейіпкердің жасалуына мотив болған. Мысалы, “елбең-елбең жүгірген, ебелек отқа семірген” деген содан шыққан. Қалақай < қалақай - тиген жерін дуылдатып, ащытатын өсімдік, тілі шақпа адамдарды “қалақай тілді” дейді. Қаңбақ < қаңбақ - шөлді жерде өсетін шар тәрізді, домалап, ұшып жүретін өсімдік. Жеңілтек адамдарды қаңбақ сияқты “қалбалаңдаған” дейді.
1.4 Кейіпкер аттарының лексикалық құрамы жағынан талдауымыз, яғни СЮП-тердің жасалуының қайнар көзі “жалқы есімдер ішінде көне атаулардан басқа едәуір орынды кірме және жасанды атаулар алады” [4, 6] деген пікірді дәлелдейді. Қазақ әдебиеті бойынша жиналған материалдың тілдік табиғатын тануда әдебиет – тіл – сатира үштігімен ұластырдық. “Әдебиеттен тілді бөле қарау “ала қойды бөле қырқу” тәрізді ғой. Бұл екеуі бірінсіз бірі күн көре алмас керек. Сондықтан да біз әдеби әсерді айтқанда, тілге тіреліп, ал тіл қорын зерттегенде, әдеби туындыларға сілтеп отырамыз” [5, 36].
1.4.1. Көне сөздерден жасалған СЮП-тер (90). Академик Р.Сыздықованың “архаизмдерді екі-үш топқа бөліп қарастыру керек” деген принципі бойынша, кейіпкер аттарын 1.мүлде қолданылмайтын (Білте, Мыршым, Сопықұл, Пырақбаев, Тәңірқұл), 2.қолданыстан шығып қалған, бірақ мағынасы түсінікті (Сайтанбек, Жебе, Пірімқұл, Жамбы, Жосын, Садақ), 3. қазіргі қолданыста бар, бірақ өзгеше мағынаға ие болған сөздерден жасалған кейіпкер аттары (Бақсы, Құдайқұл, Шатыраш, Шырбітпес, Молдабай) деп бөлдік. Теофорлық аттар қазақ бір нәрсеге табынғанда, сыйынғанда, жалбарынғанда аузына жалғыз құдайды алмайды, бұл қатарды “тәңірім”, “жаратқан ием”, “алла тағалам”, “пірім” тәріздес сөздер толықтырады. Зерттеу барысында Апырай, Берқұдай, Құдайқұлов, Әулиебайұлы, Тәңірқұлов, Пірбайұлы, Пірманов, Мұсылманов, Тақуаұлы, Бақсыбаев, Япыраевич тәріздес патронимдер кездесті.
1.4.2 Диалектілік негіздегі СЮП-тер (120) – диалектілік лексемалар мен форманттар негізінде туған жалқы есімдер. СЮП-тердің шамамен 5%-і тіліміздегі жергілікті құбылыс ретінде ұғынылып жүрген сөздердің қатысымен жасалған: Аппаз “жиырма тиын”, Алқынды “ сабынның қалдығы, Ауыш “ есінен ауысқан, Ауқатжан “тамақ, Әпкіш “иінағаш, Әбиіркүл “абырой, Әйдік “үлкен, Әуей көңілдес, Бозымгүл “түйе, Бақыраштай ыдыс, Бәдірең “қияр, Балқаймақ “тағам түрі, Бөстек “текемет, Дәлдүріш – “ақымақ, алаңғасар Долы “бұршақты жаңбыр, Далбай құлақшын, Доқ “бұйрық, Елпек “жұмсақ, Иісмай “крем, Кібіт “қойма, Көпек “еркек күшік, Кәржік “ мұрын, Кәубас “үлкен бас, Кекіре “арам шөп, Киеңкі “ауру, Қойтан “ақымақ, Құлжа” сақа, Қоспақ “ақымақ, Қақпыш” текпішек, Қырпық “тері, Қырт” мылжың, Қыпық “ бидай, Лақы “күлдіргіш, әзілкеш адам, Ләмбөк “мата, Пәшек “ шырмауық, Пістебек, Шөлмекбай “арақ, Тайқар екі жастағы ұрғашы есек. Сипанский < сипан+ский ауызекі тілде сипап кету “ұрлап кету” дегенді білдіреді, - ский орыстың аффиксін қосып сөйлеу жалпы халықтық сөйлеу тіліндегі ерекшелік болып табылады.
1.4.3 Шет тілден енген кірме сөздерден жасалған СЮП-тер (110).
Кейіпкер аттарын сөздік құрамы жағынан шығыс тілі (араб, парсы, иран), орыс тілі (грек, латын, француз, неміс, ағылшын т.б) және алтай тілдері арқылы енген сөздерден жасалғандығы анықталды. Түркі – Әпенде, татар – Башмачкин, Мәшура, Колбаса, өзбек –Тәшкенбай, Узбекулла, Ташматов. Башмачкин дейтін кейіпкердің аталуындағы башмак сөзі о баста орыс тіліне татар тілі арқылы өтіп, уақыт келе, түркі тіліне қайта оралып “башмақ” мағынасында жұмсалады.Монғол тілінен - Ойрат+хан, Cояу+бай< соео-азу тіс, Келеке< хэлгий –сақау, Дом+бай<дом –ем, бақсылық. Қытай тілінен – Әпелсин< appel+ Chіna –Қытай алмасы, Заң+ғой, Шай+кұяр, Шай+бике, Әтір+шай өсімдіктің кептірілген жапырағы, Сипаң, Шыныбек. Сипаң+бай сөзінің шығуы жөнінде жазушы Б.Қыдырбекұлы мынандай қызықты дерек келтіреді: “Сипаң - қазақ жеріне діндар болып келген қытайлықтың аты. Жүрген жерінде елді алдап, маймөңкелеп, жаманның өзін әдемілеп жіберуге бейім болған”. Сипаң сөзіндегі маймөңке коннатациясынан ЖқЕ Сипаңбай жасалған деуге негіз бар.
Араб тілінен енген сөздерден жасалған СЮП-тер (100).
Академик Р.Сыздықова “көп сөздердің түп-негізі араб-парсыныкі болғанымен, халық тіліне сіңіп, қазақ лексикасының байлығына әлдеқашан айналған” деп санайды [6,154]. “Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздігі (Е.Бекмұханбетов) және “Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері” (Л.Рүстемов) пайдаландық. Арақ, Әзәзіл, Әбілет, Әулиебайулы, Әліпби, Әлқисса, Бәрекелде, Бейберекет, Дүлей, Дұғай, Дұғакүл, Жалақор, Зәрубике, Зәреқұт, Зікір, Запыран, Ләм, Мим, Молдабай, Мұсылманұлы, Қыдыр, Нашабек, Надан, Натрибек, Пайдабек, Пәтуасыз, Пәлеқор, Пырак, Пірімқұл, Сайтан, Сауық, Сүндет, Сұрқия, Талак, Тәспиық, Таһуа, Тұмар, Тұмарбек, Хақымбар, Шарапбике, Шүкір, Ібіліс т.б.
Парсы тілінен енген сөздерден жасалған СЮП-тер (50): Барабдал, Бадал, Албасты, Әбігер, Әмпей, Бетпақ, Дырау, Жадыгөй, Дуанбек, Зәре, Зікір, Қалжа, Далбаса, Алуа, Орамалова, Дардана, Гүлдария, Меймангүл, Мұнтаз, Жорабай, Найсап, Кебіс, Пәлек, Орамалова, Бетперде, Шілдебай, Шарбақбай т.б.
Орыс тілі арқылы енген СЮП-тер саны (120), сөздердің шығу тегін анықтау үшін “Краткий этимологический словарь русского языка” және В.И.Дальдің “Толковый словарь русского языка” сөздіктері қолданылды.
Славян тілінен - Сорокбай < сорокъ - қап, көйлек; Сусликкөз < сусьлъ < сусати - ысылдау; Көржік < коржик тәтті нан; Сөлке+бай < целковый < целый -бүтін сом; Айболит < ай, болит< Айболит - аң дәрігері (К.Чуковский); Самогон < дәнді дақылдардан, жасалатын ішімдік; Мұжықбай < мужик < қара шекпен; Пожарский <пожаръ-ыстық; Латыннан - Бетонбет betumen - битум, Виноқұл <вино < vіnum- ветвь, Спиртбай < спирт < spіrіtus - дем, дем алу, Насеком < Дефицитұлы<дефицит-тапшылық, Актішілов < асtus , Алиментшин < alіmentum - асырау-бағу, Папиросбек < papyrus – қағаз; Кереует < krabbtіon, Металті, ГазоваПародияғали
, Паразитович
Понетек< фонетика phone - дыбыс ; Неміс тілінен - Рәпира < рапира - сайыс қылыш, Вагонбек < wagen -арба, Князов < kunіng - ру басы, Долларбек < taler -ақша өлшемі; Поляк тілінен - Бөтелке <бутылка < botelka < лат. buttіs- кеспек; Итальян - Кәмпит < confetto< лат. confectum - дайындалған дәрі, Тенорбек < tenore- еркектің биік даусы, Cонета <сонет- лирикалық өлең, Шарлатан < сіarlare - алдаушы, көз бояушы; Француз тілінен - Ботинка< ботинка, Коньяк <коньяк, Шампан+гүл, < vіn de Champagne < Шампань -провинцияның аты, Скелетбай < скелет, Панфлетхан < панфлет; Испан тілінен - sіgarro игарет < Сигаретин; Ағылшын - Футболбай < foof - аяқ, ball – доп.
*Иванқұл, Ивангүл, Иван Ішуді біз үйрендік, Иван менен Бористан (Н.Төлепбергенұлы). Иван аты- тұтас бір ұлттың бейнесінің өкілі ассоциациялық образ түрінде алынған. Иван – прецедентті атау. Қазақ сықақшыларының өзге елдің күлкілі персонаждарын алуы сол аттардың халық арасында тым танымал болуынан ба дейміз. Иван - бүкіл Азия, Түркі жұртында Дунайдан Кубаньға, Оралдан Амурға дейінгі аралықта орыс деген ұғымды білдіреді. Иван - орыс халқының алаңғасар, аңқау, ақымақ, әпенді кейіпкері әрі сүйікті ұлттық бейнесі. Иван - орыс сөзі болып көрінгенімен, түп негізі - Иоанн көне еврей тіліндегі құдайдың сыйы дегенді білдіреді. Иван аты Европаға да кең тараған: Иоганн (неміс), Жан (француз), Джон (ағылшын), Юхан (фин), Ян (поляк), Иванэ (грузин).
Біраз СЮП-тер дыбыстық жағынан өзгеріске түскендігі байқалады: ботинка Бәтіңкеқызы, Егор Жәгөр, кореец Кәрісбай, кровать Кереует, купец Көпесбай поезд Пойызбек, сумка Сөмкебай, совет Сәбетбай, спирт Спіртқали, артист Әртісбай, целковый Сөлкебай, монпансье Мәмпәси, бутылка Бөтелке, конфета Кәмпит, Москва Мәскеубай, мужик Мұжықбай, генерал Жандаралин, рапира Рәпира, завод Зауытбек, коржик Көржік, фонетика Понетекэ.
Әдеби кейіпкерге ат беруді ұлы еңбек деп қарау керек, өйткені көркем шығармада кездейсоқ аттардың болуы мүмкін емес. Жазушы Л.Успенский: “Егер Л.Толстойдың басына өзінің геройларының фамилияларын айталық, Ростовтың фамилиясын Перепенияға өзгертер ойы келсе, “Соғыс пен бейбітшіліктің” мықты ғимараты теңселген болар еді” деген сөзін тек ғана жеңіл әзілге құрылған деп санауға болмас. Шынында, Ростов, Облонский немесе Иртеньевке Перепения, Чичиков немесе Плюшкин секілді фамилияларды беру бейнелеп айтқанда, миға сыймас дүниелер ғой. В.Гоголь өз кейіпкерлерін Башмаков, Башмакеевич, Башмачкин деп өзгерткен.
ІІ тарау “Кейіпкер аттарының лексика-грамматикалық құрылымы” деп аталады. Бұл тарауда СЮП-дің морфологиялық-синтаксистік тәсілмен жасалған, гендерлік негізді, антоним және синоним мағынасындағы, қос сөз түріндегі, сөйлем типтес, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер құрамындағы аттар сөз етіледі.
2.1 Морфологиялық-синтаксистік жолмен жасалған СЮП-тер түбір тұлғалы, туынды тұлғалы, біріккен тұлғалы болып келеді.
1. Аппозитив аттар: Зат.е + зат.е: Ақыл+қалта, Әтір+шай, Бал+қаймақ, Бетон+бет, Дәу+пері, Есек+тас, Жорға+гүл, Метал+тіс, Күл+бет, Қыз+бала, Қыл+мойын, Сері+жігіт, Су+мұрын, Тас+маңдай, Теке+көз, Ит+аяқ, Қырық+сақина Шөп+желке Квалитатив аттар: Зат.е + сын.е: Кек+ала, Күкірт+сары, Ұйқы+сары, Үкі+сары, Мес+қара, Тас+қара, Қабан+қара, Ши+қара, Шот+қара, Ми+сыз, Май+лы, т.б. Зат.е + етістік: Ат+келтір, Бас+имес, Бас+бұзар, Бой+бермес, Дым+білмес, Жамбас+сипар, Қыз+тумас, Май+басар, Май+жеген, Мөр+басар, Пұл+жеген, Тай+жұтқан, Тас+жарған, Теңге+жұтқан, Той+болсын, Ұл+емес, Ұл+табар, Ұл+шығар, Шай+құяр, Тай+шабар(ов) т.б.
2. Сын.е + сын.е: Асау+қара, Дәу+қара, Шала+қызу, Арам+қара, Семіз+қара, Қара+ала, Шой+қара т.б. Сын.е + зат.е: Ақ+долы, Ақ+балдақ, Ақ+кемпір, Ақ+қу, Ақ+сом, Ақ+туша, Ақ+тайлақ, Ақ+көз, Ақ+жем, Ақ+тайлақ, Ала+бас, Арзан+гүл, Аш+гүл, Әрлі+гүл, Бейпіл+ауыз, Жыртық+гүл, Көк+аяз, Көк+қасқа, Көк+ми, Көк+долы, Көк+тиын, Көк+шақа, Көк+жал, Көк+байтал, Көк+аяқ, Көк+қас(ов), Күрең+көз, Қара+қатын, Қара+бұқа, Қара+кемік, Қара+шаруа, Қара+бет, Қолаң+шаш, Қоңыр+құлжа, Қызыл+тазы, Майлы+жігіт, Майлы+тон, Сәнді+гүл, Сойдақ+тіс, Сұр+сұлу, .Сын.е + үстеу: Егеу+әлі, Тыртық+әлі.
3. Сан.е + сан.е: Қырық+бес, Елу+бес+бай, Отыз+бір+бай, Сан.е + зат.е: Бес+бике, Бес+қара, Бес+тиын, Бес+балуан, Бесті+айғыр, Бес+қарын, Бір+ай, Бір+жамбас, Жалғыз+гүл, Жүз+тайлақ, Қырық+қабат, Қос+орай, Жалғыз+бике, Мың+жылқы, Мың+жігіт, Үш+кемпір, Төрт+қара,
4. Есімдік + зат.е. Есімдіктің тілімізде атқаратын қызметі орасан болғанмен, сан жағынан айтарлықтай көп емес. Дегенмен аз да болса кездеседі; сілтеу: Анау+бай, Мынау мырза, Анау+бек, Мынау+бек, Мынау+гүл, Сол+зада; белгісіз мәнді: Пәленше Түгеншиев, Пәленбаев, Әлдекім, Бірдеңкеев, Бірдібірге Шағыстырғанова; сұрау мәнді: Кімов < кім?, Қайзада < қай? өздік: Өзге, Өзден, Өзгегүл, Өздебай; болымсыз мәнді: Ешкім Жоққұлов, Ештеңе Ешкімбілмесов, Ештеңе Айтпайтынов, Іштеңкей Іштеңкеевич.
Императив аттар: етістік+зат.е: Азына+гүл, Бөсер+бай, Жөнде+гүл, Көнген+бас, Күлмес+жан, Қаңғы+бике, Қопар+гүл, Қойқой+бек, Қысқар+бек, Қайра+ғали, Сипа+гүл, Зытты+ғали; есімше: ған: Жұт+қан, Түрт+кен, Ұм+тыл+ған, Үр+ген, Көр+ген, Кез+ер+ген, Мас+ыл+ған, Той+ған, Асап Күйсе+генович, Той+ган+гүл Семір+геновна, Тілепал+ған Көсем+болған, Ғашық+болған+ұлы; -ар: Ал+да+р, Жет+ер, Қу+ан+ар, Бөс+ір, Қосып+айтар; -с: Ес+кер+ме+с, Дес+бер+ме+с, Ел+еме+с, Күл+ме+с, Той+ма+с, Жалық+па+с, Қи+мас, Қап+па+с, Тап+тыр+ма+с; -ты: Әлім+жетті, Алды+жытты, бұйрық райлы: Кой+бақ, Ұрда+жық, Кел+кел, Көңіл+жықпас, Кой+кой, Іліп+тарт, Жалтарма, Түлкі+бақ, Қой+болды, Жандай+шап, Барып+кел, Бар+бол, Жоқ+бол, Жөнде+гүл.
в) етістік + сын.е: Де+гіш
6. Үстеуден туындаған СЮП-тер аз: Әлі+бала, Әлі+қыз, Әлі+тірі, Егеу+әлі, Екеу+әлі, Нақ+тан, Бірді+бірге , Нағыз.
7. Еліктеу сөздер – дыбыстық жағынан, яғни дауыс ырғағына қарай одағай сөздер сияқты құбылып, түрленіп отырады. Академик Ш.Сарыбаев дыбыстық құрамын шартты белгілермен таңбалап, дауыстыны –V, дауыссызды – C, сонар дыбысты – L деп бөлген, осы үлгі бойынша топтастырдық:
І CVLC – тырқ Тырқай, шіңк Шіңкей, қоңқ Қоңқай, дыңқ Дыңқыш
ІІ CVLVL – бұлаң Бұлаңбай, жымың Жымыңғайша, жалаң Жалаңгүл
ІІІ CVC – жып Жыпбике, Қытқытбек, пыш Пышпыл, күп Күпілдек т.б.
ІV CVLCVL – даңғыр Даңғырбай, шүлдір Шүлдір, сылдыр Сылдыргүл т.б.
V CVCCLV – бұлтаң Бұлтаңбек, сыпсың Сыпсыңгүл, қылтың Қылтың т.б.
VІ CVCVL – дедек дедек, шошаң шошаң, сусыл сусыл т.б.
VІІ CVL – даң даңғой, дал далбай, бұл бұлдыр т.б.
.жүріс-тұрыс: Алшаңбай, Алаңбай, Бұлтаңбек, Дікдік, Дікілдековна, Дедекбай, Дыңқыш, Еңкіш, Жыпбике, Зырбике, Зыпбике, Зырдай, Қисаңбай, Қалтқұлт Еткенов, Қисайғановқ, Лыпбике, Майпаң, Митың, Салпаңбаев т.б.
.сөйлеу: Әкіреңбай, Бұлдыр, Быдық, Діңгірбай, Дүңкілдек, Жыпылдақ, Зузула, Күпілдек, Қомпылдақ, Лепірбай, Міңгір, Міңкілдек, Міңкей, Өкірешбай, Пышпыл, Сақылдақ, Тақылдақ, Шүлдір, Шіңкей, Ыңыранбай, Ызбаркүл, т.б.
.көңіл-күй: Бұрқан Балқанович ашулану, Жымыңғайша қуану, Дүңкілдек (дөрекі), Күлімкөз, Күлдір, Күлегеш күлу, Күңкілдек ренжу, Сұңқибек жылау, Сыпылықгүл, күлу, Шытырлақ ашулану, Сықылықгүл күлу, Әңкі, Тәңкі ашулану, Шақар ызалану.
.мінез: Аңғалақ аңқау, Даңғой даукес, Былжыр, ынжық, Даңғырбай ақкөңіл, Болбыр бос, Елпекбай жұмсақ, Шайпаугүл долы, Қылтың, Сылтың жеңілтек, Жалтақ қорқақ, Жайнаң көңілді, Дәлду ерке.
.пішін: Мыржық ұсқынсыз, Іркілдек семіз, Маймақ қисық аяқ, Мыртық тапал, Адыраңбай дөрекі, Ыржалақ күлегеш, Қомпылдақ мақтаншақ, Суқылдақ өтірікші, Судырбай суайт, Суайтбек алдампаз, Шақшақай ызақор, Шыңқетпе жылауық, Шіңкілдек мазасыз, Ыңқылдақ жанаяр, Селтеңбай қыдырымпаз,
.ән-күй: Әридаш әри - әри, Әләулай әл -әу -лай, Гәкку гәк-гәк, гәк -ку, гәк-гәк, Бипыл бип- ыл, бип -ыл, Әупілдек әуп-әуп, Дәйдім дәй-дім, дәй-дім-ай, Тамтарам там-тарам -тарам, Діңгірбай -діңгір – діңгір (домбыраның дыбысы), Тыңқыбай тыңқ – тыңқ (домбыра шерту)т.б.
Одағайлардан жасалған СЮП-тер: көңіл-күй одағайлары: Алақай (қуану), Апырай (таңырқау), Әупірім (қиналу), Әлеуләй (әндету), Ахахау Одағаев (қатты қуану), Уау (ұнатпау), Әлди (еркелету), Бәрекелді (көтермелеу), Итуахи (таңқалу), Мейлі Бәрібір+ович (селқостық таныту), Ойбай+қызы (шошынғанда), Обал+ай (мүсіркеу), Ұят+ай (ұялу), Ай+қап (өкіну) хайуанаттарды шақыру, жекіру, тыйым салу мәнінде Айтақ (итті қосақтау), Ауқау (сиырды шақыру), Ләпірләй (ләп-қазды шақыру), Мияужан, Піштән (піш-мысыққа жекіру), Мыршым (мысыққа жекіру), ишарат одағайлары адамға тікелей бағытталатындықтан, мағыналарында экспрессиялық мән күштірек болады. Ахахау Одағаев < ах+ах+ау < ах'таңдану, опық жеу', ахау өлең айтқанда дауысты көтеріп шырқау үшін айтылатын сөз. А+ха+ха – күлудің бір түрі, осыдан аха+хау ырду-дырду, ойын-сауық, сауық-сайран дейтін ұғым қалыптасқан. Одағай сөзі кейде тұрпайы, анайы, өрескел дегенді білдіріп, тұтастай алғанда Ахахау Одағаев – ерсі, дөрекі, өрескел, оғаш істермен ерекшеленген кейіпкер аты. Айдабол, Ұрдажық, Бәрекелді сияқты СЮП-тер - ұлттық ерекшелікті білдіретін одағайлар.
9. Шылау сөздерден жасалған СЮП-тер: -ай – Обал+ай, Ұят+й, Елім+ай; -екеш – кемсіту, қомсыну, мұқату реңктерін білдіреді: Сом+екеш, Құл+еке; -да – Айдабол < ай+да+бол, Ұрдажық' дөрекі, дөкір, төбелесқұмар < ұр+да+жық < ұр сабау, соғу, түйгіштеу, жық құлату, сұлату, алып ұру, жеңу. Айдабол атын жіктесек, айда, бол деген императив тұлғалы сөз шығады. Ұятай – көп балалы ана Ақкүміс әже Кенжебек, Кенжегүлден кейін туған баланы “ел-жұрттан ұят болды, осы да жетер, қызалақтың атын ұятай қойыңдар”дейді (Ш.Смаханұлы).
Достарыңызбен бөлісу: |