«Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік концертінің сценарийі



Дата08.04.2024
өлшемі32.74 Kb.
#497922
түріСценарий
НАУРЫЗ




«Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік концертінің сценарийі


1- жүргізуші: Қайырлы күн, қасиетті ел*

2-жүргізуші: Армысыздар, Ұлыстың ұлы күнін тойлауға жиналған барша қауым.
Халқымыздың ұлттық төл мерекесі Наурызбен тұспа-тұс келген он екі айдың сұлтаны Рамазан айында ұстаған оразаларыныз, берілген садақаларыныз қабыл болсын! Барша жанға Алланың нұры жаусын!
Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсылыққа жорытып келген Наурызға айына шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды бастаймыз!
«Наурыз келсе, құт келгені, халайық!»
Есік ашып, шашу шашайық,
Ел боп қарсы алайық
Шашуды жинап алайық!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай нөсер аспаны
Уау , теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!


Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі.
Алаштың баласына нәсіп болған,
Кұтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!деп алғашқы сөз кезегі
Алғашқы сөз кезегі _____________________________________________
1- жүргізуші:
Біздерде ән кешіміз жалғасады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы ШАРШАҒАНДЫ - дей келе алдарыңызда жақсы ән мен жақсы көңіл-күймен

Ән: «ЕЛ АМАН БОЛСЫН» орындаушы Булекбаева Гүлзира ханымды ортаға қошеметпен шақырамыз.
2- жүргізуші:
Өнердің қай саласы болса дағы,
Біздердің арамыздан табылады.
Бишілер жаңа бимен таң қалдырар,
Келесі биін тамашалап көрсек тағы - ӨЗБЕК БИ қошеметпене қарсы алайық.
1- жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Ән: «Шілде қана бесік той,тұсауксер сүндеттой » орындаушы Аю балабақшасыны қыздары
2- жүргізуші:
Бауырласқан тәнтіміз, Бұзылмаған салтымыз. Өзге ұлттай біздің де, Бар дәстүр мен салтымыз.ТҰСАУ КЕСЕР САЛТ-ДӘСТҮРІ көрініс


2 Жүр Қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарына көшсек. Ұлт ойындары — ата – бабамыздан бізге жеткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, соның бір түрі қол күрес ойыннан тұрады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, тапқырлықты, батылдықты, шапшандықты қажет етеді. Ондай болса, ортаға батылдар қыздарымыз шақырамыз.
Жүргізуші: Осымен Наурыз мейрамына дайындаған «Қош келдің, Әз Наурыз!» !!!» атты мерекелік іс-шарамыз өз мәресіне жетті . Бақ пен ырыстың, молшылық пен тоқшылықтың, ынтымақпен бірліктің күні, әр отбасына ақ мол болсын дей отыра , ынтымақ пен бірлік тілейміз. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет