Өсiмдiктер жарық жағдайларына бiркелкi бейiмделгмеген, яғни өсiмдiктiң жарыққа мұқтаждығына қарай З категорияға жiктеуге болады:
а) ашық, күн сәулесi жақсы түсетiн жерлерде өсетiн өсiмдiктер - гелиофиттер (бұлар шөл, дала, тундра, биiк таулардың басында өсетiн өсiмдiктер);
ә) күн сәулесi толық түсетiн жерлерде де, сондай-ақ көлеңкенi ұнататын өсiмдiктер - факультативтi гелиофиттер (шабындықта, орманның ашық алаңдарында өсетiн өсiмдiктер жатады). Мұндай өсiмдiктер жарықты әртүрлi кезеңде түрлiше қажет етедi;
б) табиғатта ашық жерлерде мүлде өсе алмайтын өсiмдiктер - скиофиттер немесе сциофиттер (орманды жерде өсетiн емен желайдары, бойқалақай, күзгi шырыншөп т.б. жатады).
Өсімдіктердің экологиялық факторларының таралуына сыртқы орта жағдайларының маңызы өте зор. Өсімдіктердің өсуіне су, ауа, күннің көзі қажет. Биожүйелер экологиясы құрамына кіретін өсімдіктерді
Өзіңді тексер
1. Ксерофиттер
А) орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін өсімдіктер
2. Гигрофиттер
Ә) топырақтағы және ауадағы ылғалдың тұрақты немесе уақытша жетіспеуіне бейімделген өсімдіктер
3. Мезофиттер
Б) көбінесе атмосфералық ылғал мол жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер