Өсімдік бөлімдерінің: балдырлар,мүктәрізділер,қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың ерекше белгілерін анықтау Жұмыс мақсаты: өсімдіктердің негізгі топтарының құрылысының ерекшеліктерін анықтау.
Құрал- жабдықтар: мүктәрізділер,қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың кеппе – өсімдіктері.
Жұмыс барысы Ұсынылған өсімдіктердің әрбір бөлімдерінің кеппеөсімдігін қарадық.
Өсімдіктердің әрбір бөлімдерінің мүшелерін анықтадық.
Қарастырылып отырған мүшелердің құрылысының ерекшелігіне назар аудардық.
Жасаған бақылау негізінде кестені дәптерге сызып толтырдық.
Қорытынды: Жоғары сатыдағы өсімдіктерге мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар, жабықтұқымдылар жатады. Кеппешөптерді пайдаланып осы аталған жоғары сатыдағы өсімдіктердің өкілдерімен танысып есте сақтадық.Гүлді өсімдіктердің шығуы және эволюциясы туралы жалпы қабылданған теориялар жоқ. Гүлді өсімдіктердің эволюциясы мен таралуында тозаңдырғыш жәндіктер зор рөл атқарады. Олардың эволюциясы тозаң мен шірінге бай гүлді өсімдіктердің пайда болуы едәуір қарқынды дамыды.
Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер класстарының белгілерін зерттеу Жұмыс мақсаты: нақты өсімдіктің қандай классқа жататынын анықтауды үйрену.
Құрал- жабдықтар: даражарнақты және қосжарнақты өкілдерінің ірі тұқымдарының жиынтығы мен кеппеөсімдік материалдары.
Жұмыс барысы Берілген өсімдіктердің тұқымдарын қарадық, олардың қабығын алып тастадық.
Берілген өсімдіктердің әрқайсысының кеппеөсімдігін қарадық.
Жапырақ, тамыр жүйесінің типі, жүйкелену типі сияқты құрылысын анықтадық ұлғайтқыш қоләйнектің көмегімен қарадық.
Қорытынды: қарастырған өсімдіктердің кеппешөптерін салыстырмалы түрде бақылай отырып, даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің тамыр жүйесінде, тұқымжарнағында, жапырағының жүйкеленуі мен гүлінің құрылысында, тіршілік формасында ерекшеліктер болатындығын байқадық.