Қосымша өндірістік б



бет4/4
Дата21.01.2024
өлшемі1.23 Mb.
#489558
1   2   3   4
13 апта жобалау[1]

Аспазшы-таратушы еңбегін ұйымдастыру. Жалпыға ортақ өзіне-өзі қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда (асхана, кафе) таратуда 4 разрядты аспазшылар жұмыс істейді. Өндірістік кәсіпорындағы, оқу орнындағы кәсіпорын асханаларында тағамдарды даярлаған аспазшы таратады.
Аспазшы-таратушылар негізгі және қосымша жұмыстарды орындайды. Негізгі жұмысы – өнімдерді порцияға бөлу, оны безендіру және тұтынушыға жөнелту, қосымша жұмысы – жұмыс орнын дайындау, дайын өнімді алу және т.б.
Таратушының жұмыс орнында сол жағында ас ыдыстары үйіліп немесе тәрелкелерге арналған сығу қондырғысымен арба қойылады. Дайын аспаздың өнімімен сөре-мармит таратушының оң жағында немесе алдында орналасу керек.

Тағамдарды жөнелту үшін арнайы тарату құралдары: сиымдылығы 0,5 және 0,25 л бірінші тағамдарды порцияға бөлуге арналған өлшемді қасықтар, 10, 20 және 30 г сиымдылықты қаймаққа арналған өлшемді қасық, 50, 75, 100 г сиымдылықты соустарға арналған қасық, 150, 200 г сиымдылықты макарон өнімдері, сусымалы және тұтқыр ботқаларға, картоп езбеге арналған қасық қолданылады. Дайын өнімдерді жөнелту үшін қалақшалар, қысқыштар, т.б. қолданылады. Тәтті тағамдарды жөнелту кезінде 0,2 л сиымдылықты ожаулар, кондитерлік қалақшалар мен қысқыштар, өлшемді қасықтар және т.б. қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет