Осындай бақытты сәтті радиодан тараған суық хабар бұзып жібереді



Дата02.02.2024
өлшемі18.26 Kb.
#490535
Бауыржан қойылым


Жаздың жаймашуақ күні. Әңгіме - дүкен құрып жүрген ауыл тұрғындары және көңіл көтеріп ән айтып отырған жігіттер қыздар бейнеленеді. Армандары мен мақсаттарын, болашақтарын бірге байланыстырған жастар көше бойлап, қыдырып жүр.
Жігіт: – Ауылдағы анамды тастап арман қуып, оқуға бара алмадым. Еңбекке де үйреніп қалдық. Бір бірімізге бауыр басып та қалдық, институтқа бірге тапсырсақ қайтеді?
Қыз; –... не дерімді де білмеймін, менің де өмір бойы сенің жаныңда болғым келеді. Бірақ, ойлануым керек.
(Осындай бақытты сәтті радиодан тараған суық хабар бұзып жібереді).
Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Бүгін, 22 маусым күні таңғы сағат төртте неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлекеттік шекарсына басып кірді..» (жастардың үрейі ұшып, жүгіргендері бейнеленеді). Жұрт абыр – сабыр , жылап – сықтау, абыржу. Іштерінен біреу қайрат беріп, қуаттандырып, жалынды сөз сөйлейді.
Бауыржан: – Әй, халқым ұнжырғаларың түспесін фашистік Германия бізге соқтығысқан екен, олар біздің жерде ажал табады. Фашистерді өздерінің шыққан індерінде(апандарында) тұншықтырамыз.
Қасиетті соғыс. сөзі В. Лебедев Кумач пен композитор А. Александров. әні жаңғырады.
\тарихи деректер айтылып жатқанда таспадан оқ атулар естіліп турады\
Ұлы Отан соғысының басталуы
Шіркеу іші.Өрттен кейін жұрт осында жиналған. Карта бетін жермен салыстырып алу үшін мен қасындағы жігіттермен Бауыржан шіркеуге қарай бұрылады. Шіркеудің іші лық толған адам. Кемпір-шал, әйелдер, жас балалар, бір-біріне ығысып өздерінің жүктерінің үстінде отыр. Бір бұрышта үш аяққа ілінген шәйнектен бу шығады. Оның астындағы отқа қолын жылытқалы барған жас балалар бірін-бірі итермелеп, қолдарын әлсіз жалынға қарай созады. Бауыржан кіреберістегі бос бұрышта картасын қарап тұрады. Болжап,салыстырып болған соң, картасын бүктеп сыртқа бет ала бергенінде шіркеу төрінен:
Әйел: — Тұра тұр! Тоқтай тұр, командир!
(Бауыржан дағдарып қалады. Отырған кісілердің тізелерінен, қаптарынан аттап, әйел қолын сермеп)
Әйел: — Тоқта! Тоқтай тур, балам!
Бауыржан қайсымызды «балам» деп шатастырып келеді екен дегендей, бір-біріне қарайды. Басында тоқыма жүн орамалы бар, үстінде тозған сең-сең жағалы кең сары тон, аяғында қос жамаулы киіз ұлтанды үлкен етікті егде тартқан әйел маған жақындап келіп, бетіме жасаураған көзімен күле тесіліп қарап тұр.
Әйел:— Шынымен сенбісің, ей! — жеңіннен тартып қалады, сенер - сенбесін
білмегендей, тағы да тесіле қарап,
Әйел: — сенбісің? — деді де, жақындап қарсы алдына тұра қалып:
Әйел: — Құдайға шүкір,— деп ауыр күрсінді.
Әйел: — Демек, сен тірі екенсің ғой, балам!
Бауыржан:— Әзірше тірімін, шешей... Сіз мені кіммен шатастырып тұрсыз, шешей?
Әйел: — Жоқ. Сен мені әлі танымай тұрсың ғой, ә, — Бауыржанның бетіне тағы да қарады.
Әйел: — Есіңде ме? Мен сені шапалақпен...
Бауыржан: — Есімде, шешей, есімде! — күліп жібереді.
Бауыржан: — Енді таныдым.
Әйел: — Енді таныдың ғой, ә?
Бауыржан:— Таныдым, шешей, таныдым.
Әйел:Кешір мені, қарағым, егер кешіре білсең.
Бауыржан:— Мені де кешіріңіз, шешей. Менің бұйрығым бойынша өрт салынды емес пе?
Әйел: — Үйлері құрсын, дүниесі де құрсын! Сендерден қалғанын немістер тонап, өртеп кетті. Бәрінен де амандық артық екен, балам. Амандығың жақсы, шырағым!
Бауыржан:— Рахмет, шешей. Атыңыз кім?
Әйел: — Мені жұрт Вика апай дейді.
Бауыржан:— Толығынан ше?
Әйел: — Виктория Александровна.
Бауыржан қоштасуға ыңғайланады.
Әйел: — Жоқ, мен сені шығарып, өз қолымнан аттандырам.( Ол орамалын тартып, тонының түймелерін салып, маған жол берді. Сыртқа шығарып салды.)
Әйел: — Қош бол, балам! Жаратқан жар болсын! — (деп айқайлады әйел.Бауыржан бұрылып қараса, Вика апай соңынан қолын бұлғап тұр екен...)

Қорытынды бөлім. Ұлы жеңіс әні.


Келген қонақтарға оқушылар гүл шоқтарын ұсынады.
Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталады. Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтар есінде мәңгі сақталады!
Көрініс. (Қуаныштан жылап та, күліп те тұрған халықтардың көңіл - күйлері бейнеленеді)
Оқушылардың орындауында «День победы» әні орындалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет