Основы недропользования методические указания


) Құрылтайшылардың мекен жайы



бет2/2
Дата07.07.2016
өлшемі380.5 Kb.
#181991
түріМетодические указания
1   2

10) Құрылтайшылардың мекен жайы


Негізгі әдебиет: 16 [5-30]
Тапсырма 4. Заңды тұлғаның Жарғысын құрастыру.

Әдістемелік ұсыныстар:

Әдетте заңды тұлғаның типтік жарғысы төмендегідей бөлімдерден құрастырылып, осылай жасақталынады.


Құрылтайшылар жиналысында


бекітілген хаттама №

______________200 ж



Жарғы
Атауы

  1. Жалпы ережесі

1.1 Мақсаты, аты көрсетілген ұйымдық-құқықтың формасы

    1. Заңды тұлғаның іс-әрекетінің (қызметінің) заңдық негізі

    2. Қызмет деңгейі (әлемдік, республикалық, жергілікті)

    3. Мүлітік құқы мен міндеті, құқықтық қабілеті

    4. Заңды тұлғаның жеке балансы, мөрі, штампы, бланксы бар

    5. Байланысы, одағы және т.б. қатынастар

    6. Заңды тұлғаның толық ресми атауы

    7. Қысқартылған ресми атауы

    8. Орналасқан жері




  1. Қызметінің түрі, мақсаты, заты

2.1 Қызметінің мақсаты

    1. Қызметінің түрлері

    2. Жарғылық мақсатына жету үшін




  1. Қордың меншігі

3.1 Заңды тұлға меншік иесі бола алады

    1. Құрылтайшылар жарғылық қор құрады

    2. Құрылтайшының салымы бола алады

    3. Резервтік қамсыздандыру және т.б. қорлар құрылады




  1. Табыс пен шығысты бөлу

4.1 Табысты бөлу тәртібі

    1. Табыстың құралуы

    2. Табыстың бөлігін өндірісті дамытуға және жалпы қажетке қолдану

    3. Құрылтайшы заңды тұлғаның міндеттері мен шығысын өтеудегі жауапкершілігі

    4. Заңды тұлғаның шығынын өтеу механизмі




  1. Заңды тұлғаның құқығы




  1. Құрылтайшылардың құқығы мен міндеттер




  1. Заңды тұлғаның жарғылық қордағы үлесінің басқаға өтуі




  1. Заңды тұлғаны басқару

8.1 Басқару органдары: құрылу тәртібі мен құзіреттілігі

    1. Жоғарғы орган және оның құзіреттлігі

    2. Атқарушы орган және оның функционалдық міндеттері мен өкілеттілігі




  1. Еңбегі және оның төленімі

9.1 Заңдылық негізі

    1. Ұйымдастырылуы құрылымы, жұмысшылар саны, олардың біліктілігі

    2. Еңбек ақысы

    3. Жұмысшыларды қабылдау мен босату




  1. Қаржылық қызметі мен есеп беруі

10.1 Бухгалтерлік есептерді жургізу тәртібі мен ұсынуы

    1. Ревизиялық органдарды құрастыру, ревизияны жургізудің тәртібі мен мерзімі

    2. Ревизия қортындысын қарау

    3. Ревизиялық комиссия мүшелерінің құқығы мен міндеттері

11 Қызметті қайта құру және тоқтату

11.1 Қызметті тоқтатудың негіздемесі

11.2 Қызметті тоқтату тәртібі

11.3 Қайта құру

11.4 Жойылды



Құрылтайшылардың жалпы жиналысының


хаттамасы №

Алматы қаласы _________200 ж

Қатынасқандар:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Күн тәртібі:
1. _________________________________________________________

құру туралы мәселені шешу

1.1 Жарғыны талқылау және бекіту


    1. Құрылтайшылар шартын талқылау мен бекіту

2. Құрылтайшылар:__________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________

2.1 ________________________________________________________

әрбір құрылтайшының жарғылық қорда қосатын үлесі

3. Жарғы мен құрылтайшылардың шартында аталған құқығымен _____________________________________ болып

(президенті, директоры)


аты жөні

саналсын.


Құрылтайшылар:

1.

2.



3.

Негізгі әдебиет: 17 [50-60]

Қосымша әдебиет: 15
Тапсырма 5. Қазақстандағы және шет мемлекеттердегі жер қойнауын зерттеудің сатылығы туралы интернет жүйесі мен әдебиет материалдарымен танысу. Оны практика жүзінде қолдануға даярлану.

Әдістемелік ұсыныстар:

Оқу әдістемелік кешенде берілген №3 дәрістің материалдарын ұғып меңгеру, осындағы 7 және 8 кестелерді қағазға көшіріп толықтыру. 13 пен 14 нұсқаулық материалдармен танысу.



Негізгі әдебиет: 17 [50-60]

Қосымша әдебиет: 15
Тапсырма 6. «Мемлекеттік сараптауға берілетін қатты қазба байлықтардың қорын есептеу материалдарына қойылатын талаптар жайлы нұсқаумен» танысу.

Әдістемелік ұсыныстар:

Бұл нұсқау 13.08. 2004 жылдан бері өз күшіне енді және Қазақстан аумағындағы барлық жер қойнауын пайдаланушыларға міндетті болып табылады.

Кенорынының, аймақтың және техногенді минералды нысаналардың қорын есептеу үшін бұрын зерттелген кенорынында қазіргі күннің экономикалық жағдайларын ескеріп немесе жаңа кеноры үшін жасалған бағалау кондициялары қолданады.

Ұсынылатын есептеу материалдары есеп беру мәтінінен, кестелік және графикалық қосымшалардан және алдын-ала сараптауға қажетті қорларды есептеу материалдарынан тұруы қажет.

Мәтіндік бөлім белгілі кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім келесі тараулар тұруы тиіс:

- географа-экономикалық жағдайлары;

- кенорын аймағының геологиясының қысқаша сипаттамасы;

- кенорынның геологиялық құрылысының ерекшеліктері;

- жүргізілген геологиялық жұмыстардың әдістемесі;

- кеннің технологиялық қасиеттері мен заттық құрамы;

- кенорынды игерудің гидрогеологиялық жағдайлары;

- кенорынды игерудің экологиялық жағдайлары;

- пайдалы қазбалардың қорын есептеу.

Есептің берудің тараулары қысқаша түрде сипатталуы керек және ұсынылатын, нұсқауда ашылатын көптеген сұрақтар толық ашылып конспектіленуі тиіс.



Негізгі әдебиет: 14

Қосымша әдебиет: 8
Тапсырма 7 Контракт аумағы жайлы жалпы мағлұматтар және жобалық геологиялық бөлініс ауданының қысқаша геологиялық сипаттамасы студенттің жеке тапсырмасы бойынша конспект жасау.

Әдістемелік ұсыныстар:

Курстық жобаға берілген тақырып негізінде ауданның топографиялық пен әкімшілік карталарындағы орыны, номенклатурасын анықтап, 1:1000 000 масштабты картадан мәліметтерді алып белгіленген тәртіп бойынша ауданның сипаттамасын жазу керек.


Негізгі әдебиет: 7 [109-128]

Қосымша әдебиет: 8, 15
Тапсырма 8. Контракт аумағына арналған геологиялық бөлініс жобасын құрастыруды аяқтау.

Әдістемелік ұсыныстар:

Геологиялық бөлініс алу үшін берілген өтінімде болу керек:

- сұранып тұрған аумақтың қысқаша геологиялық сипаттамасы;

- шеткі нүктелердің географиялық координаттары және геологиялық бөліністің жалпы ауданы;

- геологиялық бөліністің қажетті масштабтағы картограммасы.

Осы талаптарға сәйкес бойынша, топографиялық негіз бойынша, алдынғы СРСП-ның материалдарын пайдалана отырып, 1:200 000 масштабты сұраныс аумағының геологиялық бөлініс картограммасын жасау және соған түсініктемелік мәтін жазу.



Негізгі әдебиет: 16 [5-11]

Қосымша әдебиеттер: 8, 15
Тапсырма 9. Нақты перспективті нысана бойынша барлауға және игеру немесе барлаумен игеруді қатар жүргізуге жобасының мәтінін жазуды жалғастыру және аяқтау.

Әдістемелік ұсыныстар:

2001 жылғы 31 шілдеде Қазақстан республикасы үкіметінің қаулысы бойынша №1015 Қазақстан республикасының жер қойнауын пайдаланудың модельдік контракттысы бекітілген. (9.08.02ж №889 өзгертулермен).

Екі жақтық келісім шарт модельдік контракт негізінде жүргізіледі.Контрактының міндетті шартына мыналар жатады:

- контракт аймағының белгіленуі;

- контракттың қолдану мерзімі;

- контракт аймағының немесе оның бөлігінің қайтарылу шарты.

- Міндетті түрде Қазақстанда шығарылатын өнімдер мен материалдарды пайдалану және белгілі бір стандартқа және талапқа сәйкес ҚР-ң кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін қажет ету.

- жер қойнауын пайдаланушының салықтық және міндетті төлемінің көлемі;

- екі жақтың келіспеушілігін шешу реттілігі;

- контрактінің күшіне енуі жер қойнауын пайдалану және басқа келісім шартты мемлекеттік тіркеуден кейін орындалады.

Контракт қазіргі заңнамамен сәйкес болуы керек.

Негізгі әдебиет: 7 [109-129]

Қосымша әдебиеттер: 8, 15
Тапсырма 10. Контрактінің жұмыс бағдарламасының моделін және жеке тапсырма бойынша жұмыстың жылдық бағдарламасын жасау.

Әдістемелік ұсыныстар:

Контрактінің жұмыс бағдарламасын жасаған кезде кенорынын игерудің бірыңғай технологиялық тізбегінің жеке блоктарын сонау іздеу-бағалу жұмыстарынан бастап барлау арқылы қорды есептеу игеру құрылысына шейінгі, минералдық шикізатты алу мен оны сату сатыларын көрсету керек тек осы циклдің соңында ғана минералдық-шикізатты сатудан алынатын табыс шығады әрбір этаптың өзіндік ерекшелігі бар, оларды жекелей ұтымды қолдану өнімнің өзіндік құнын айқындайды. Мұны түсіну үшін №4-5 дәрістермен тыңғылықты танысу қажет, сонан кейін ғана кенорынды зерттеу мен игерудің жалпы сұлбасын ұсынамыз. Геологиялық барлау мен өндірудің стандартты кешені қосымшаларда берілген.



Негізгі әдебиет: 17

Қосымша әдебиет: 15
Тапсырма 11.Жерггілікті тұрғындармен қызметкерлердің қауіпсіздігін, жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізудің экологиялық негіздемесіне, қоршаған орта мен жер қойнауын қорғау мәселеріне арналған «Жер қойнауы мен жерқойнауын пайдалану» заңында келтірілген. 6 және 7 тарауларды конспектілеу.

Әдістемелік ұсыныстар:

Бұл материал 10-шы дәрісте көрсетілген, сондықтан онымен мұқият танысып, конспектілеу қажет. Қосымша үкіметтің табиғатты қорғау мәселелері бойынша қаулылармен танысу ұсынылады.



Негізгі әдебиеттер: 3

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 5, 6.
Тапсырма 12. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның 8 тарауын конспектілеу. Жер қойнауының мемлекеттік фонды. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері мен құқықтары. Жер қойнауы жайлы ақпаратқа жеке меншіктік құқығы.

Әдістемелік ұсыныстар:

Бұл мәселелер 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61 беттерде қаралған, сондықтан оларды оқып, бөлек-бөлек конспектілеу қажет.



Негізгі әдебиет: 3

Қосымша әдебиеттер: 8, 9, 10.
Тапсырма 13. «Мұнай туралы», «Бағалы тастармен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы», «Лицензиялау туралы» заңдармен жұмысты істеу.

Әдістемелік ұсыныстар:

Бұл мәселелерге 12 және 13 дәрістер арналған. Бірақта, бұл мұнай газ, сулы және басқа сфераларында жерқойнауын пайдалану операцияларын жүргізу үшін жеткіліксіз. Мұнда кәсіптік білім және шеберлік және де менеджментті дағды болу өте қажет.



Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6.
Тапсырма 14. Жер қойнауын Мемлекеттік геологиялық зерттеудің республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша ұсынылған конкурстық құжаттарынан қажетті көшірме жасау.

Әдістемелік ұсыныстар:

7 дәріс материалдары мен кафедра ұсынған конкурстық құжаттарды пайдалану.


Тапсырма 15. Контрактының қаржылық – экономикалық моделін құрастыруды аяқтау.

Әдістемелік ұсыныстар:

Контрактының қаржылық – экономикалық моделін жасауда міндеттелінеді:

1) жұмыстын бар циклің жеке кезеңдерге бөліп, барлау мен өндіруде жеке бөлу;

2) барлау кезеңіне жұмыстын календарлық планын жасау (14 кесте, 10 [24] сәйкес)

3) сервистық геологиялық қызметтер каталогін пайдаланып, барлау жұмыстарын жүргізуге кететін шығынды есептеу, кесте құрастыру (положение 10 кестеге сәйкес);

4) өндіру кезеңі өзіндік шығынымен жеке жобаланады. Бұл модель толығымен қосымшм түрінде келтіріледі.



Негізгі әдебиет: 10 [24], 10 [25]
Өзіндік білімін тексеретін тестілік сұрақтар

1. Жер қойнауын пайдалану нысанасына не жатады?

А. Литосфера

В. Жер бетінің қисықты бөліктері

С. Жер қыртысының заттық құрамы

Д. Кенорындары

Е. Таужыныстарының қасиеттері
2. Минералдық шикізатқа не жатады?

А. Пайдалы қазбалар

В. Жер қойнауынан алынған пайдалы қазбалар

С. Жер қойнауындағы пайдалы қазбалар

Д. Мұнай мен газ

Е. Қатты пайдалы қазбалар


3. Геологиялық бөлініс дегеніміз не?

А. Өндіру аумағының картограммасы

В. Барлау аумағының картограммасы

С. Барлауға берілген контрактының қосымшасы

Д. Өндіруге берілген контрактының қосымшасы

Е. Геологиялық зерттеулер аумағының картограммасы


4. Тау-кен бөлінісі дегеніміз не?

А. Өндіру аумағының картограммасы

В. Барлау аумағының картограммасы

С. Барлауға берілген контрактының қосымшасы

Д. Өндіруге берілген контрактының қосымшасы

Е. Геологиялық зерттеулер аумағының картограммасы


5. Болжамдық ресурс дегеніміз не?

А. Жер қойнауындағы барланған пайдалы қазбалар мөлшері

В. Бағаланған пайдалы қазбалар мөлшері

С. Жер қойнауындағы бағаланған пайдалы қазбалар мөлшері

Д. Өндірілген пайдалы қазбалар мөлшері

Е. Барланған және өндірілген пайдалы қазбалар мөлшері


6. Пайдалы қазбаның қоры дегеніміз не?

А. Жер қойнауындағы барланған пайдалы қазбалар мөлшері

В. Бағаланған пайдалы қазбалар мөлшері

С. Жер қойнауындағы бағаланған пайдалы қазбалар мөлшері

Д. Өндірілген пайдалы қазбалар мөлшері

Е. Барланған және өндірілген пайдалы қазбалар мөлшері


7. Моделдік контракт дегеніміз не?

А. Контракт үлгісі

В. ҚР үкметі бекіткен типтік контракт

С. Контрактінің моделі

Д. Арнайы нысананың барлау контрактісі

Е. Арнайы нысананың өндіру контрактісі


8. Жер қойнауын пайдалану контрактісі дегеніміз не?

А. Контракт үлгісі

В. ҚР Үкіметі бекіткен типтік контракт

С. Контракт моделі

Д. Белгілі бір нысананы барлауға және (немесе) өндіруге берілген контракт

Е. Жобалық контракт


9. Геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру көздері

А. Мемлекеттік қаржыландыру

В. Жер қойнауын пайдаланушылар қаржысы

С. Бюджет

Д. Шетелдік инвесторлар

Е. Өнімнің өзіндік құны


10. Геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы

А. Қорды есептеу

В. Кенорынның болашағын бағалау

С. Геологиялық карталар комплектісі

Д. Болжамдық ресурстарды бағалау

Е. Ауданның болашағын бағалау


11. Аймақтық жер қойнауын зертеудің қорытындысына жатады:

А. Қорды есептеу

В. Кенорынның болашағын бағалау

С. Геологиялық карталар комплектісі

Д. Болжамдық ресурстарды бағалау

Е. Ауданның болашағын бағалау


12. Жер бетімен байланысы бар горизонталды тау-кен қазындысын не деп атаймыз:

А. Ор


В. Шурф

С. Квершлаг

Д. Штрек

Е. Штольня


13. Жер бетімен байланысы жоқ, кен денесін бойлай жүргізілетін жерастындағы горизонталды тау-кен қазындысы?

А. Ор


В. Шурф

С. Квершлаг

Д. Штрек

Е. Штольня


14. Жер бетімен байланысы жоқ жер астылық горизонталды көлденеңді тау-кен қазындысы.

А. Ор


В. Шурф

С. Квершлаг

Д. Штрек

Е. Штольня


15. Жер бетімен байланысы жоқ, квершлагтан кенді денесі арқылы төмен бағытталған тау-кен қазындысы

А. Гезенк

В. Шурф

С. Квершлаг



Д. Штрек

Е. Штольня


16. Құдық тәріздесті жер бетіндегі тау-кен қазындысы;

А. Ор


В. Шурф

С. Квершлаг

Д. Штрек

Е. Штольня

17. Жер бетілік сызықты созылған тау-кен қазындысы:

А. Ор


В. Шурф

С. Шахта


Д. Штрек

Е. Штольня


18. Жер бетімен байланысы жоқ, кен денесін қиып өтетін горизонталдық тау-кен қазындысы

А. Гезенк

В. Шурф

С. Квершлаг



Д. Штрек

Е. Орт
19. Сервитут дегеніміз не?

А. Жер қойнауын пайдалану

В. Жер қойнауын шектеулі пайдалану

С. Пайдалы қазбаны өндіру

Д. Кенорынын барлау

Е. Шикізатты өңдеу
20. «Үштік унцияның» мәні:

А. 0,160 м3

В. 0,2 г

С. 31,103 г

Д. 30,5 см

Е. 36 г
21. Баррель неге тең?

А. 0,160 м3

В. 0,2 г


С. 31,103 г

Д. 30,5 см

Е. 36 г
22. Карат неге тең?

А. 0,160 м3

В. 0,2 г

С. 31,103 г

Д. 30,5 см

Е. 36 г


23. Қатты пайдалы қазба байлықтарды барлауда қолданылатын негізгі бұрғылау әдісі?

А. Колонкалы

В. Канатты-ұрғылау

С. Роторлы- турбиналық

Д. Шнекті

Е. Канатты-ұрғылау мен роторлы турбиналық


24. Мұнай-газ кенорындарын барлауда қолданылатын негізгі бұрғылау әдісі?

А. Колонкалы

В. Канатты-ұрғылау

С. Роторлы- турбиналық

Д. Шпекті

Е. Канатты-ұрғылау мен роторлы турбиналық


25. Шашыранды кенорындарды барлауда қолданылатын негізгі бұрғылау әдісі?

А. Колонкалы

В. Канатты-ұрғылау

С. Роторлы- турбиналық

Д. Шпекті

Е. Канатты-ұрғылау мен роторлы турбиналы


26. Барлауға берілетін контрактының максималдық ұзақтылығы?

А. 6 жыл


В. 8 жыл

С. 10 жыл

Д. 2 жыл

Е. 4 жыл
27. Қатардағы кенорынын өндіруге жасалынған контракт мерзімі?

А. 40 жыл

В. 45 жыл

С. 35 жыл

Д. 20 жыл

Е. 25 жыл
28. Ірі кенорынын өндіруге берілетін контрактының ең жоғарғы мерзімі?

А. 40 жыл

В. 45 жыл

С. 35 жыл

Д. 20 жыл

Е. 25 жыл


29. Қатардағы кенорынды барлау мен өндіруге берілетін контрактының ең жоғарғы мерзімі:

А. 55 жыл

В. 45 жыл

С. 35 жыл

Д. 20 жыл

Е. 25 жыл


30. Ірі кенорынды барлау мен өндіруге берілетін контрактының ең жоғарғы мерзімі:

А. 55 жыл

В. 45 жыл

С. 35 жыл

Д. 20 жыл

Е. 25 жыл


Тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары


Сұрақ №


Дұрыс жауабы

Сұрақ №


Дұрыс жауабы

Сұрақ №


Дұрыс жауабы

Сұрақ №


Дұрыс жауабы

Сұрақ №


Дұрыс жауабы

1

D

7

B

13

D

19

B

25

B

2

B

8

D

14

C

20

C

26

C

3

C

9

B

15

A

21

A

27

E

4

D

10

A

16

B

22

B

28

B

5

C

11

C

17

A

23

A

29

C

6

A

12

E

18

E

24

C

30

A


Курстың бақылау сұрақтары
1. Жер қойнауын пайдалану операцияларына не жатады?

2. Минералдық шикізат дегеніміз не?

3. Жер қойнауын пайдалану нысаналарына не жатады?

4. Ұтымды жер қойнауын пайдалану дегеніміз не?

5. Жер қойнауын пайдаланудың ресурстық факторы немен байланысты?

6. Жер қойнауын пайдаланудың технологиялық факторы немен байланысты?

7. Жер қойнауын пайдаланудың экологиялық факторы немен байланысты?

8. Еліміздің ұлттық қауіпсіздігін сақтаудағы минералдық-шикізат комплексінің ролі қандай?

9. Қауіпсіз жер қойнауын пайдалану дегеніміз не?

10. Жер қойнауын пайдаланудың жағымды практикасы дегеніміз не?

11. Азаматтық құқықты реттейтін қатынастарға не жатады?

12. Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтық қатынасы принциптерін атаңыз?

13. ҚР азаматтық құқықтық қатынастар көздерін атаңыз?

14. Заңды тұлғалар түрлері мен формаларын атаңыз?

15. Минералдық-шикізат комплексі өндірісінің ұйымдастыру формасын атаңы?

16. Мекеменің құрылтайшы құжаттарын атаңыз?

17. Заңды тұлғаны тіркеуге қажетті құжаттарды атаңыз?

18. Қандай жағдайда заңды тұлға қайтадан тіркеуден өтуі қажет?

19. Жер қойнауын зерттеудің Қазақстанда, Ресейде және БҰҰ қабылданған этаптары мен сатылары сұлбасын атаңыз?

20. Геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру көздері

21. Барлау торларының жиілігі немен байланысты?

22. Геологиялық барлаудың техникалық құралдарына не жатады?

23. Қатты пайдалы қазба байлықтардың қоры қалай есептеледі?

24. Геологиялық барлаудың сатылығының мәнділігі неде?

25. Мұнай, газ бен жерасты суларының қорын есептеудің ерекшеліктері неде?

26. Пайдалы қазба қоры дегеніміз не?

27. Пайдалы қазбаның болжамдық қоры дегеніміз не?

28. Қорды жекеленген категорияларға бөлудің негізгі себебі неде?

29. Кенорынның геологиялық құрылысының күрделілігі немен байланысты?

30. Геологиялық құрылысының күрделігіне байланысты кенорындар қалай бөлінеді?

31. Қорды есептеудің сараптамасы қалай және не үшін жүргізіледі?

32. Сарапшылар қорды есептеу сараптамасын жүргізгенде қандай мәселелерді міндетті түрде қарастыруы тиіс?

33. Кенорынның өнеркәсіптік игеру экономикасының факторлары қалай анықталады?

34. Минералдық шикізаттың кондициясы дегеніміз не?

35. Негізгі кондиция көрсеткіштері түрлері мен оларды бөлу принциптері

36. Жер қойнауын ұтымды пайдаланудың негізгі принциптерін атаңыз?

37. Жер қойнауын пайдалану операцияларының қайсысы мемлекеттік геологиялық зерттеулерге жатады?

38. Геологиялық бөлініс дегеніміз не?

39. Тау-кен бөлініс дегеніміз не?

40. Моделдік контракт дегеніміз не?

41. Контракт дегеніміз не?

42. Жер қойнауы дегеніміз не?

43. «Жалпы таралған пайдалы қазбалар» түсінігіне не кіреді?

44. «Кенорынын игерудің оңды практикасы» терминінің түсінігі?

45. Сервитут дегеніміз не?

46. Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану заңы қандай принциптерге негізделген?

47. Қазақстанның жер қойнауы кімнің жекеменшігі?

48. Қазақстанның минералдық шикізат пен техногендік түзілімдер кімнің жекеменшілігінде?

49. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізудегі жариялылық қалай іске асырылады?

50. ҚР үкіметінің жер қойнауын пайдаланудағы құзіреттілігі?

51. Құзіретті органның функциялары?

52. Жергілікті атқарушы органдардың құзіреттіне не жатады?

53. Жер қойнауын пайдалану құқығы түрлерін атаңыз?

54. Жер қойнауын пайдаланушы құқығының түрлерін атаңыз?

55. Жер қойнауын пайдалану құқығын басқаға берудің жолдарын атаңыз?

56. Жер қойнауын пайдалану құқығын кепілдікке беру қалай іске асырылады?

57. Барлау, өндіру және барлау мен өндіруді бірлесе қатар жүргізу құқықтарын берудің тәртіптері

58. Инвистициялық бағдарламалар конкурсын өткізудің жағдайлары

59. Жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғаудың негізгі міндеттері

60. Жер қойнауын қорғау саласының талаптары

61.Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде жергілікті тұрғындар мен жұмысшылар қауіпсіздігі қалай сақталады?

62. Жер қойнауының Мемлекеттік қорына не кіреді?

63.Жер қойнауының Мемлекеттік қоры қалай жасалынады?

64. Жер қойнауын Мемлекеттік сараптау қалай іске асырылады?

65. Жер қойнауын пайдалану құқығы

66. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері

67. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізудің жағдайлары

68. Жер қойнауы туралы ақпараттарға жекеменшіктік құқығы

69. Жер қойнауын пайдаланушының контрактілік міндеттерін орындалуын қалай бақылап тексеруге болады?

70. Заңды тұлғаларға салық салу

71. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері

72. Жер қойнауын пайдаланудың операцияларын жүргізу жариялылықты еместігі қалай қамтамасыз етіледі.

73. Кенорындарды барлау шығындары құрылымын атаңыз?

74. Кенорындарды өндіру шығындары құрылымын атаңыз?

75. Кенорындарды барлаудың техникалық құралдарына не жатады?

76. Жер беті тау-кен қазындыларын атаңыз?

77. Жерасты тау-кен қазындыларын атаңыз?

78. Штольня дегеніміз не?

79. Штрек дегеніміз не?

80. Квершлаг дегеніміз не?

81. Орт дегеніміз не?

82. Қатты пайдалы қазба кенорындарын барлауда қолданылатын барлау әдістері

83. Мұнай-газ кенорындарын барлауда қолданылатын барлау әдістері

84. Шашыранды (қорымды) барлауда қолданылатын барлау әдістері

85. Қатты пайдалы қазба байлығының қоры қандай өлшемдермен өлшенеді?

86. Асыл металдардың қоры қандай өлшемдермен өлшенеді?

87. Мұнай қоры қандай өлшемдермен өлшенеді?

88. Үштік унция неге тең?

89. «Барель» неге тең?

90. Карат неге тең?

91. Минералдық шикізат сапасы қандай параметрлермен сипатталады?

92. Кенорындарды игерудің экологиялық жағдайын қандай көрсеткіштер айқындайды?

93.Қандай жерасты құрылысына жер қойнауын пайдалану контрактысы қажет?

94. Барлау контрактысының ең жоғарғы мерзімі?

95. Қатардағы кенорынын игеруге жасалынатын контракттың ең жоғарғы мерзімі

96. Ірі кенорынын игеруге жасалынатын контракттың ең жоғарғы мерзімі?

97. Контракт қандай жағдайда жарамсыз болады?

98. Контракт қандай жағдайда тоқталады?

99. Табиғи және қосымша газды пайдалану дегеніміз не?

100. Қазақстан жер қойнауындағы табиғи мұнай кімнің меншігі болып табылады?

101. Қатардағы кенорынын барлау мен өндіруге жасалынатын контрактының ең жоғарғы мерзімі?
Глоссарий
Жағалаулық сызық- су нысанасының ең жоғарғы тасуы нәтижесінде пайда болатын жаға сызығы жоғарғы технология

Жағалау сызығы- сутасуы жоғарғы шегіне жеткендегі пайда болатын су нысанасының толысу сызығы.

Геологиялық бөлініс-барлауға, барлау мен өндіруді қатар жүргізуге жасалынған контрактінің бөлінбес қосымшасы. Жер қойнауының бөлікшесінің сұлбалық және сипаттамалық мазмұны көрсетіліп жерқойнауын пайдаланушының жұмыс жүргізу бөлікшесін айқындайды.

Товар, жұмыс пен қызмет сатып алудың жылдық бағдарламасы-жер қойнауын пайдаланушының жоспарлаған товарлар, жұмыстар мен қызметтер номенклатурасы мен көлемі, оның ішінде қазақстандықтардың сатып алудың әдістері мен мерзімі.

Жұмыстардың жылдық бағдарламасы-жер қойнауын пайдаланушының календарлық жылда тау-кен жұмыстарын, барлау мен өндіруде дамытуға бағытталған жұмыс жоспары мен қаржылық шығыны.



Тау-кен бөлінісі –Жер қойнауын пайдаланушыға өндіруге барлау мен өндірумен байланысты емес рұқсат беретін бөлікшенің сызбалық және сипаттамалық құжаты. Құжат контрактінің бөлінбес бөлшегі болып табылады

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу –жер қойнауы мониторингі жер қойнауының бөлікшесінің, Қазақстан республикасының барлық аумағының немесе жеке бөліктерінің геологиялық құрылысын, ондағыпайдалы қазбалардың болашағын іздеу және іздеу мен бағалау арқылы анықтау. Мемлекеттік геологиялық карта жасақтау негізінде жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін жасақтау жұмыстары (операциялары).

Теңізді ластау –жеке және заңды тұлғалар заң жүзінде теңізде немесе оның жағалауында жұмыс жүргізген кездегі материалдар әр түрлі заттар, энергия газ, тербелістің сәулелер мен өрістердің адамзат денсаулығына теңіз организмдері мен экожүйесіне кері әсерін тигізуі.

Тарихи шығындар- контракт аумағында жүргізілген геологиялық зерттеулер, кенорында іздеу мен барлауға жұмсалған үкіпеттің бұрынғы шығындары.

Ликвидациялық фонд (жоюлу қоры) –ҚР жер қойнауын пайдалануға байланысты операцияларды кері әсерін жоюға жер қойнауын пайдаланушының қоры.

Жер асты сулары-Жер қойнауында орналасқан пайдалы қазба байлықтың бір түрі

Минералдық шикізатты өңдеу-минералдық шикізаттан пайдалы қазба құрамбөлшектерін алу жұмыстары.

Іздеу жұмыстары-кенге болашағы бар бөлікшелер мен кенбілінімдерін ашу мен контурлау болжамдық қорлар мен кендерді алдын –ала геолого-экономикалық бағалау мен кезекті геологиялық –барлау жұмыстарын негіздеуге бағытталған геологиялық барлау жұмыстарының сатысы.

Іздеу-бағалау ұмыстары-айқындалған болашағы бар нысанасының жалпы ресурсын оның өнеркәсіптік маңызын анықтап өндірудің технико-экономикалық қажетілігін негіздеуге бағытталған геологиялық барлау жұмыстарының сатысы.

Кенорынды өндірудің оқтайлы практикасы- жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізудің жалпы-халықаралық практикасының үнемді, қауіпсіз және экономикалық тиімді деген түрі.



Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу –жер қойнауы жай-күйінің мониторингіне, жер қойнауы учаскелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жекелеген бөліктерінің және тұтастай бүкіл аумағының геологиялық құрылымын зерттеуге , оларда пайдалы қазбалардың бөлу перспективаларын іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу арқылы анықтауға, жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін құрайтын мемлекеттік геологиялық карталар жасауға байланысты жұмыстар.

Өндіру –минералдық шикізатты уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығаруға, сондай-ақ техногенді минералдық түзілімдерден алуға байланысты жұмыстардың бүкіл кешені.

Құзіретті орган-Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және келісім шарттар жасаумен оларды орындауға байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан әрекет жасайтын мемлекеттік орган;

Келісім-шарт –құзіретті орган мен жеке немесе заңды тұлғаның арасында барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру жүргізуге не барлауға және өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған келісім шарт жасасқан кезде Қазақстан Республикасының қолданыста болған заң актілеріне сәйкес жасалған шарт; Кенорыны-пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) табиғи шоғырланған жер қойнауының бөлігі;

Минералдық шикізат-жер қойнауының (таужынысы, кен шикізаты және басқалар) жер үстіне шығарылған, құрамында пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) бар бөлігі;

Моделдік келісім-шарт-келісім шарттардың жекелеген түрлерінің ерекшеліктері, жер қойнауын пайдалану жөніндегі жекелеген операцияларды жүргізу көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін және келісім шарттар жасау кезінде үлгі ретінде пайдаланылатын келісім-шарт;

Жер қойнауы-топырақ қабатынан, ол жоқ болса жер бетінен және теңіздердің, кө­лдердің, өзендердің және басқа да су айдындарының түбінен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогрессті ескере отырып жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке созылған жер қыртысының бөлігі;

Жер қойнауын пайдаланушы-осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығын иеленуші жеке немесе заңды тұлға;

Пайдалы қазбалар-жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ күйінде кездесетін (соның ішінде шипалы балшық) материалдық өнірісте қолдануға жарамды табиғи минералдық түзілім;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет