Оспанбеков ербол анарбекович



Pdf көрінісі
бет16/75
Дата03.01.2022
өлшемі1.98 Mb.
#450748
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75
dis ospanbekov e a (1)

Зерттеу кезеңдерi: 
Бiрiншi  кезеңде  (2013-2014  жж.)  зерттеу  жұмысының  тақырыбы 
анықталып,  зерттеу  мәселесіне  талдау  жасалды.  Зерттеудің  мақсаты,  нысаны, 
пәні,  болжамы  анықталды,  шешуге  қажетті  міндеттер  қойылды.  Таңдап 
алынған  тақырыптың  теориялық  және  әдіснамалық  негіздерін  зерттеу  жүзеге 
асырылды.  Педагогикалық-психологиялық,  ғылыми-әдiстемелiк  әдебиеттерге 
және көтерiлiп отырған мәселеге қатысты басқа да құжаттарға талдау жасалды. 
Алдыңғы  қатарлы  оқытушылар  мен  мектеп  мұғалімдерінің  сабақтарына 
қатынасып,  талдау  жүргізілді.  Мектеп  мұғалімдерінен,  білім  алушылардан 
сауалнамалар алынды. 
Екiншi кезеңде (2014-2015 жж.) педагогика, психология, физика және оны 
оқыту  әдістемесі  саласында,  болашақ  мұғалімдерді  даярлау  және  зерттеу 
тақырыбына  арналған  еңбектерді  оқып,  зерттеу,  талдау  және  жүйелеу 
жұмыстары  орындалды.  Жоғары  оқу  орындарында  «Атомдық  және  ядролық 
физика»  курсын  оқытуда  анимациялық  технологияны  пайдаланудың 
мүмкіндіктері  қарастырылды.  «Атомдық  және  ядролық  физика»  курсы 
бойынша электрондық оқыту құралдары, практикалық жұмыстар, тапсырмалар 
жүйесі дайындалып, оқу үдерісіне енгізілді. 
Үшiншi кезеңде (2015-2016 жж.) Педагогикалық жоғары оқу орындарында 
және  Алматы  қаласының  мектеп-гимназияларында  «Атомдық  және  ядролық 
физика» курсы бойынша жасалған оқыту әдістемесінің тиімділігі  тәжірибелік-
эксперименттік  жұмыс  барысында  тексеруден  өткiзiлiп,  алынған  мәліметтер 
математикалық  статистика  әдiсiмен  өңделдi;  теориялық  және  тәжiрибелiк 
тексеру  жұмыстарының  нәтижелерi  жалпыланып,  тұтас  зерттеу  бойынша 
қорытынды  жасалды.  Сондай-ақ  бұл  кезең  диссертацияны  талапқа  сай 
рәсімдеумен  аяқталды.  Диссертациялық    жұмыстың  қолжазба  нұсқасы 
дайындалып, талқылауға ұсынылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет