29
регламенттейді; жалпы орта білім беретін ұйымдарда білім алушылардың
дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді [47].
Орта білім берудің МЖМБС ол еліміздің экономикалық даму
қажеттіліктеріне,
оқушылардың
практикаға
бағытталған
дағдыларын
қалыптастыруға, функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Осыған
байланысты, білім беру нәтижелері үш аспектіде берілген, олар: тұлғалық,
жүйелі-әрекеттік және пәндік.
Типтік оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілді.
Бұл оқу бағдарламаларында төмендегі бағыттар бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілген:
1. Білім мазмұнын оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту,
білімдерін практикалық жағдаяттар мен әлеуметтік бейімделу барысында
тиімді қолдануға лайықтау. Осыған сәйкес практикалық, жобалау-зерттеу
жұмыстары мен эксперименталдық тапсырмалардың көлемін ұлғайту.
2. Қазақстандық компонентті кеңейту, еліміздегі индустриалдық-
инновациялық даму стратегиясы аясында оқушылардың жаңа өндірістер мен
технологияларды меңгеру қабілеттерін арттыру, экологиялық білімі мен
дүниетанымын кеңейту;
3. Білім берудің тәрбиелік әлеуетін күшейту және оқушыны ерте
әлеуметтендіру, қазіргі қоғамдық жағдаяттарға және көпмәдениетті ортаға
бейімдеу, коммуникативтік
құзіреттілігін дамыту;
4. Мектептің
жоғарғы
сатысында
тереңдетілген
бағдарлы
дифференциациялану арқылы саралап оқытуды күшейту, элективтік
курстарды енгізу, сол арқылы кәсіпалды дайындықты күшейту;
5. Білім аймақтары мен білім деңгейлері арасындағы сабақтастық пен
жүйелілікті арттыру, ескірген материалдарды заман талаптарына сай құнды
материалдармен алмастыру;
6. Гуманитарлық пәндер мен жаратылыстану-математикалық пәндер
жүктемелері арасындағы қарым-қатынасты оңтайландыру.
Бұл оқу бағдарламасы 12 жылдық білім беруге көшу алдындағы аралық
бағдарлама болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептің алпысыншы жылдардың аяғында
қалыптасқан физиканы оқытудың құрылымы қырық жылдан астам уақыт бойы
пайдаланылып келді. Оқытудың бірінші сатысында (7-8 сыныптар) физика пәні
бойынша неғұрлым өмірлік маңызды білімдер мен практикалық біліктерді
қалыптастыруды көздейтін пропедевтикалық (бастапқы) курстар оқытылды. Ал
оқытудың екінші сатысында (9-11 сыныптар) физиканың іргелі теориялары
негізінде құрылған жүйелі курстар оқытылды. 2013 жылғы Типтік оқу
бағдарламаларында теориялық мәліметтерді зерттеуге және
білім алушылардың
практикалық дағдысын қалыптастыруға арналған көрсетілім, практикалық және
лабораториялық жұмыстарды орындау және оқушылардың білімiн тексеруге
бөлінетін уақытың рационалды сәйкестігі қарастырылды.
Оқыту бағытына
тәуелсіз, физикаға және оның қолданбалы аспектілеріне қызығушылық
31
5-сыныпта оқытылатын «Жаратылыстану» пәнінен кейін 6 сыныпта үзіліп
барып 7-сыныпта «Физика» пәнін оқыту басталады.
Бүгінгі таңда ҚР жалпы білім беру мектептерінде білім беру үдерісі ҚР
БҒМ 2012 жылғы 8 қарашада №500 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспары негізінде
жүзеге асырылады.
Үлгілік оқу жоспары– орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартының құрамдас бөлігі болып табылатын, оқу пәндерінің тізбесі мен
көлемін регламенттейтін, оқу жүктемесінің инварианттық және вариативтік
компоненттерін белгілейтін және бастауыш, негізгі орта білім беру
деңгейлерінде оқыту тілін, жалпы орта білім беру деңгейінде оқыту тілі мен
бағытын сипаттайтын нормативтік құқықтық акт; білім беру ұйымдарының
қызметін қаржыландыру үшін негізгі құжат болып табылады [47].
Үлгілік оқу жоспарында «Физика» оқу пәнінің 7-9- сыныптардағы оқу
жүктемесінің көлемі :
7-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
8-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
9-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
Жалпы орта білім
екі қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика
бағыттары бойынша бейінді оқыту негізінде жүзеге асырылады, білім
мазмұнын саралау, кіріктіру және мамандыққа бағыттау негізінде әзірленген.
Кесте 1 – 10-11-сыныптарда физиканы оқытудағы сағат саны
Бағыты
ҚГБ
ЖМБ
Сыныптар
10
11
10
11
Апталық
сағат саны
1
1
3
3
оқу жылында
34
34
102
102
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
жаратылыстану-математикалық
және
қоғамдық-гуманитарлық
бағыттар
бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып, саралау, кіріктіру және білім беру
мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
Оқу пәнінің 7 –сыныптағы базалық білім мазмұнында «Физика – табиғат
туралы ғылым» бөліміне 9 сағат, «Заттың құрылысы»: бөліміне 5 сағат,
«Қозғалыс» бөліміне 10 сағат, «Денелердің өзара әрекеттесуі» бөліміне 12
сағат, «Қысым» бөліміне 17 сағат, «Жұмыс, қуат, энергия» бөліміне 12 сағат,
уақыт қорына 3 сағатат бөлінген.
8 –сыныптың базалық білім мазмұны
« Жылу құбылыстары (24 сағат)»,
Достарыңызбен бөлісу: