Пәнді үйрету міндеттері:
«Атомдық және ядролық физика» курсын оқып-үйрену нәтижесінде
студенттер:
Білу керек:
- негізгі физикалық құбылыстар мен олардың ерекшеліктерін;
- оларды бақылау және тәжірибелік зерттеу әдістерін;
- атом ядролары мен элементар бөлшектердің қасиеттерін анықтаудың
басты әдістерін;
- негізгі заңдар мен олардың математикалық өрнектерін;
- субатомдық
құбылыстардың
маңызды
ғылыми
техникалық
қолдануларын.
Істей алулары керек:
- кванттық физиканың заңдары мен принциптерін, физиканың нақты
есептерін шығару үшін қолдана білу;
- атомдар мен молекулаларды зерттеу үшін қолданылатын негізгі құралдар,
приборлармен жұмыс істей білу, қарапайым жұмыстарын жүргізіп, оны шеше
білу, алынған нәтижелерді өңдеп, талдап және бағалай білу;
- құбылыстардың математикалық модельдерін құрып және бұл үшін тиісті
математикалық аппаратты, есептеу математикасы әдістерін қоса қолдана білу.
- бөлімнің негізгі міндеттерін дұрыс, сапалы және санды тұжырымдау;
- физикалық шамалардың мөлшерлерін бағалау;
- кванттық ұғымдар мен релятивтік түсініктерді талдау;
- атомдық ядролар мен элементар бөлшектердің қасиеттері мен ядролық
нұрлардың затпен әсерлесуін қарастыруда сапалы пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |