81
Сурет салуды бастамас бұрын алдымен нұсқаны жан-жағынан қарап
түйсіну қажет. Адам басын алдынан (фас) салмай тұрып, оның жанынан
(профиль) дұрыс зер сала қарау керек. Бастың төрттен үш бұрылысы
жағдайында құлақтың орналасуын белгілеп, тіпті көрінбей тұрған екінші
құлақтың да пішінін алдын-ала елестетпей, мұрынның тасасында қалған
көз қияғын да толық көрмей суретті бастауға болмайды.
Конструкция немесе құрылысы деп сурет бөліктерінің өзара байла-
нысы мен орналасуын түсінуіміз керек. Алғашында геометриялық дене-
лер мен заттарды, сонан соң пішіні жағынан бұларға жақын суреттерді
салып, жайлап күрделі композицияларға ауысса конструкция заңдылық-
тарын жете біле түседі. Жаттығу кезінде суретші конструкциясының си-
патын анықтап, салынып жатқан нұсқаның ерекшелігін түсінеді. Әсірксе
жас суретшіге адам денесінің құрылысын салу қызықты да, күрделі үде-
ріс. Нұсқаны дұрыс бейнелеу үшін пластикалық анатомияны білу қажет
болады.
Сурет салу барысында заттардың сәйкестіктерін
сезу басты эле-
менттердің бірі. Сәйкестік сақтау, салып отырған сурет бөліктерінің көле-
мін бір-біріне сәйкестендіріп алу деген сөз. Сәйкестік сурет масштабын
сақтай отырып, қағазға салып отырған затты нұсқадан көлемдірек етіп
көрсетуге мүмкіндік береді.
Сәйкестік еш бұзылмауы тиіс. Бұзылған жағдайда сурет бөліктері
бір-біріне
сәйкес келмей, зат ұқсастығы жойылып, нұсқанын сипаты
өзгереді.
Портрет салуда немесе белгілі бір үлкен тақырыпта композициялық
шығарма жазуда адам анатомиясын жетік білу өте қажет. Ол суретшіге
адам денесінің құрылысы жайында ең қажетті мәліметтер береді.
Суретшінің назарының адамның кейпі мен қозғалысын байқап, ұға білуге
осы кейіпке тән ерекше белгілерді екінші дәрежелі детальдардан айыр
білуге көмектеседі.
Сурет салушы бастың суретін салуға
кіріспес бұрын алдымен бас
сүйек қорабының құрылысына, бұлшық еттердің орналасуының анато-
миялық заңдылығына назар аударып, беттің схемасын зерттеуі тиіс.
Мұны білу басты дұрыс бейнелеу үшін ғана емес, сонымен бірге адам-
ның мінезін, сезімдері мен қуаныш, күйінішін де беру үшін қажет.
Сәйкестік жөніндегі әңгімеге қайта оралсақ, заңдылықтарды ескер-
ген
жағдайда, мысалы берілген нұсқаның көзі қаншалықты бір-бірінен
алшақ немесе жақын екендігін анықтау оңайға түседі. Ересек адамның
бас сүйегі (иектен төбеге дейін) тұтас тұлғаның шамамен 1/7–1/8 биіктігін
құрайды. Сондықтан өзіміз белгілеген тік сызықтың кесіндісін сегіз
бастың өлшеміне тең етіп, сегіз бөлікке бөлеміз.
1.
Бастың жоғарғы нүктесінен иекке дейін;
2.
Иектен бастап төс сүйегінің ұшына дейін;
3.
Төс сүйектің ұшынан кіндікке дейін:
4.
Кіндіктен шап айырығына дейін;
82
5.
Шап айырығынан жамбас сүйекке дейін;
6.
Жамбас сүйектің ортаңғы бөлігінен тізенің төменгі жағына дейін;
7.
Тізенің төменгі жағынана балтырдың төменгі жағына дейін,
8.
Балтырдың төменгі жағынан табанға дейін.
Бас пен кеуде адам бойының жартысы болып табылады.
Иықтың
ені екі бастың биәктігіне тең. Бірақ бұл сәйкестік ауытқи да береді, көбі-
несе кем болып та шығады. Адам суретінің жарық пен көлеңкесін айыр-
ғанда ең әуелі оның жалпы аумағын негізгі штрих сызықтармен белгілеп
алып, сонан кейін ғана адам денесінің мүшелерін түгелдей біржола анық-
тауға кірісу керек.
Сегіз бастың өлшемін бойы ұзын адамдарға, бойы аласа адамдар-
ға жеті бас өлшемі көлемінде қолданады.
Отырған адамды суретке салу қиынырақ, өйткені адам мүшелері
қалыптағыдан өзгереді. Сондықтан отырған адамның тұлғасын ең әуелі
оңайлау көріністе салып дағдыланған дұрыс. Біршама жаттыққаннан
кейін қимыл-қозғалысты адам бейнесін салуға көшу керек.
Сурет салушының бейнеленетін нысанының жарық түсіп тұрған
жағы жарық деп, екінші, қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады. Жарық
көзінен сәулелер түспейтін жақтарында меншікті көлеңке пайда болады.
Қойылған
заттан екінші бір заттың, яғни жазықтықтың бетіне түскен кө-
леңкені құлай түскен көлеңке деп атаймыз. Бұл көлеңке әрқашанда де-
ненің көленкесінен қоюға болады.
Жарықтан көлеңкеге ауысар жерін жартылай жарық немесе шала
көлеңке дейміз.
Дененің шет жағында (көлеңке жағында) басқа денеге түскен жа-
рықтың әсер етуінен пайда болатын әлсіз жарықты – рефлекс дейді.
Көру нүктесі – деп сурет салушының затты суретке салып отырған
орнын атайды. Егер студент бір орнынан қозғалмай отырып, немесе тү-
регеліп тұрып сурет салатын болса, онда қарау нүктесінің деңгейі де
соған сәйкес не жоғары, не төмен болады. Мәселен, сурет салушы оңға
немесе солға қарай орнын өзгертсе, соған байланысты оның қарау нүк-
тесі де өзгеріп қоймай, салынып жатқан сурет те өзгеруі қажет.
Перспектива – сөзі (латын сөзінен шыққан) арғы бергі жақты көруді
білдіреді. Перспектива – бақылаушыдан түрлі қашықтағы заттарды бей-
нелеуді сызықтық құру заңдарын зерттейтін ғылым.
Сондықтан әдетте
сызықтық песпектива туралы айтады. Сондай – ақ осы заңдар бойынша
құрылған бейненің өзін де перспектива деп айтады. Сызықтық перспек-
тивадан басқа, ауа перспективасы деген бар.
Жарық пен көлеңкенің кереғарлық дәрежесі, заттың көлемдігі, оның
нұсқасының айқындығы, түстік бояуы, өңі ол сурет салушыдан алыстаған
сайын күрт өзгеріп отырады. Қашықтау дәрежесіне қарай олардың қара–
қошқыл және бозғылт жерлерінің кереғарлығы барған сайын біртіндеп
жұмсарады, заттар неғұрылым жайпақтана түскендей болады да, ақы-
рында көкжиекте зорға ажыратылатын силуэттерден тұратын бір реңкті
83
мұнарға айналады. Сонымен бір мезгілде олардың түс бояуы да өзге-
реді. Осы құбылыс ауа перспективасы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: