Экологиялық әртүрлілік – түрдің даралары таралған белгілі бір
аймақты қамтитын және биотикалық қауымдастықтың бір бөлігі
болуы керек. Осының арасындағы байланысты экологиялық
алуантүрлілікке жатқызуға болады.
Бұл түрге жататын популяциялар басқа түрлердің топтарымен
араласады, нәтижесінде биотикалық қауымдастықты құрайды. Өз
кзегінде биотикалық қауымдастық физикалық ортамен қарым-
қатынаста болады. Заттың үздіксіз ағымын қамтамасыз етеді,
нәтижесінде қорек заттың айналымы пайда болады. Оның энергия
көзі күн болып табылады. Биотикалық қауымдастық физикалық және
мекен ету ортасымен экологиялық жүйені құрайды. Экожүйенің
құрылымы мен қызметі ретіндебарлық белсенді ағзалардың түрлері
кіреді. Физикалық орта менжәне өзара қарым қатынас орын алады.
Экожүйеніңнегізгі қасиетінің бірі динамизм. Бұл кезде бір
ағзаның орнына басқа бір ағзаның орын басуы мысал болады.
Ескірген ағаштардың құлауы қоңыздардың тіршілігіне байланысты
болады. Бірінші болыпағаштың тамырымен қоректенетін қоңыз-
дардың түрлері орналасады. Олардың тіршілігі барысында ағаштың
жоғары жағында мекен ететін қоңыздарға жағдай жасайды. Ағаштың
діңі шіріп соның нәтижесінде ағаштың ішкі жағында тіршілік ететін
130
қоңыздарға жағдай жасайды. Нәтижесінде қоңыздардың әсерінен 100-
150 жыл ішінде ағаш толығымен өңделіп шығады.