131
биосфера мен экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуан-
түрліліктің үш үлкен бұтағы тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге
бөлінеді. Биоалуантүрліліктің әр деңгейі бөлімдерге бөлінеді. Бұл
бөлімдерде биоалуантүрлілік әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы
ерекше туындысы ескеріледі. Олардың арқасында көрсеткіші құрыла-
ды, қоршаған ортаға төзімділікті қамтамасыз етеді. Биоалуантүрлілік-
тің жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ландшафтар
орналасады. Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды. Біз
биоалуантүрлілік жайында сөз еткенде, ең біріншіден көптеген
жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтаржәне микроағзалар түрлерін
жатқызамыз. Кез келген түр дараларды құрады. Генетикалық жағы-
нан бір біріне өте жақын келеді. Олар еркін шағылысады және
өсімтал ұрпақ береді. Сол уақытта кейбір даралар түрлері басқа
даралар түрлерімен еркін шағылыса алмайды. Ғалымдар әрдайым
жаңа жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар
түрлерін сипаттап, жаңа түрлерін атауда. Біздің планетамыздағы
түрлердің нақты санын ешкім келтіріп бере алмайды. Алайда
жануарлардың түрлері өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың,
бактериялардың санынан әлдеқайда басым түседі.
Достарыңызбен бөлісу: