172
кем түсірсе, олардың көктемгі және жазғы ұрпақтарынан қыстап
шығатын қуыршақтар пайда болады, ал сондай жұлдызқұрттарға
тәулігіне 15 сағаттан жарық түссе, көп кешікпей дамуы одан әрі жүре
береді де, бірнеше ұрпақ беріп үлгереді. Мұның бәрі күннің
ұзақтығының бунақденелілердің тіршілік әрекетіне қолайлы әсер
етуіне айқын дәлел бола алады. Мұндай жағдайлар құстар
тіршілігінде де анық байқалады. Қорыта айтқанда, күннің ұзақтығы
ағзаларда жүретін тіршілік әрекеттеріне ықпал етуші әсердің бірі
болып есептелінеді.
Көптеген өсімдіктер мен жануарлардың фотопериодизм
құбылысы тұқым қуалайтын қасиеттің бірі болып саналады. Бірақ та
фотопериодизм құбылысына сыртқы ортаның әсерлері ықпалын
тигізеді. Көбінесе оған белгілі бір уақыт аралығындағы темпера-
тураның өзгеріп отыруы әсер етеді.
Күнделікті тұрмыс қажеті үшін фотопериодизм құбылысын
білудің мәні зор. Соңғы жылдары халықты азық-түлікпен қамтамасыз
ету мақсатымен жабық жылыжайларда қияр, қызан, т. б. қолдан
өсіріліп, жасанды жарық көздері пайдаланылуда. Мұңдай жағдайлар
құс фабрикасыңда тауықтардың жұмыртқалағыштығының артуына
әсер етіп, арнайы фермаларда терісі бағалы аңдардың көбеюіне де
жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: