Температура. Ағзалардың жер шарында таралуына ықпал
ететін әсердің бірі - температура. Кез келген ағзаның тіршілігі үшін
сыртқы ортаның және ағзаның өзінің ішкі температурасының маңызы
ерекше. Кейбір жануарлардың дене температурасының тұрақты
болуы, олардың түрлі экологиялық ортада тіршілік етуіне, әрі бейім-
делуіне жағдай жасайды. Сыртқы ортаның қолайсыз температуралық
жағдайында кейбір жануарлар ұйқыға кетеді.
Жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлардың басым көпшілігі
нөлден төменгі температурада белсенді тіршілігінен айырылып,
оларға қауіп төнеді. Сондай-ақ оларға орта жағдайының жоғары
температурасы да қолайсыз әсер етеді.Әрбір түр эволюциялық даму
167
барысыңда сыртқы ортаның белгілі бір температуралық жағдайына
бейімделеді, сондықтан да температураныңшектен тыс ауытқуы (не
ерекше артуы, не төтенше төмендеуі) ағза үшін зиянды болып
саналады. Ал дене температурасы тұрақсыз ағзалар үшін айналадағы
орта температурасының жоғарылауы зат алмасуына, өсуіне, дамуына,
т. б. тіршілік жағдайларына қолайлы әсер етеді.Құрлықтағы жылдық
температуралық жағдай тропиктік аймақтардан поляр шеңберіне
қарай бірте-бірте төмендей түседі. Осыған орай жер шарының кез
келген жерінде тәуліктік, маусымдық және жылдық температуралық
ауытқуды ажыратады. бейімделген, әрі олардық суды буландыратын
жапырақтарының пішіні де өзгерген.
Шөлді жерлерде тіршілік ететін жануарлар да (кейбір
сүткоректілер, жорғалаушылар және жәндіктер) су тапшылығына
төзімді келеді. Олар өздері қорек ететін азықтар құрамыңдағы суды
ғана пайдаланады. Мысалы, Қазақстанның шөлді жерлерінде өте
сирек кездесетін шағын денелі кеміруші қалқанқұлақ өзі жейтін
бунақденелілердің денесіндегі суды қанағат етеді. Ал жануарлардың
енді бір тобы өз денесіндегі тотығу реакциялары кезінде бөлінген
суды пайдаланады. Ондай жануарлардың денесінде май қоры мол
болады. Мысалы, түйе өркешіндегі май немесе шөлді жерде тіршілік
ететін кейбір кемірушілердің тері астындағы май қабаты су қорын
жинайды. Жазғы не қысқы ұйқыға кететін жануарлар денесіндегі май
қорынан бөлінетін суды пайдаланады.
Оқтын-оқтын қуаңшылық болып тұратын аймақтарда тіршілік
ететін өсімдіктер мен жануарлар ылғалдылықтың жетіспеушілігіне
түрліше бейімделген. Мысалы, құрғақшылық жерлерде өсетін кактус,
алоэ өсімдіктері ылғалды көбінесе жапырақтары мен сабақтарына
жинап, оны үнемдеп пайдаланады. Ал жануарлар да ылғалдылықты
үнемдеуге түрліше бейімделген. Мысалы, жазда сарышұнақтар біраз
май қорын жинап, ұйқыға көшеді, ол кезде жалпы зат алмасу
баяулайды, жүрегінің соғуы да минутына 1-2 ретке дейін төмендейді.
Ал шөлейтті жерде тіршілік ететін бұлдырықтар балапандарына суды
жемсауымен тасып береді.
Қуаңшылық аймақтардағы көпжылдық өсімдіктердің көпшілігі
жазда жапырақтарын түсіреді немесе жер үстіндегі мүшелерін жою
арқылы тыныштық қалыпқа көшеді. Бұл көптеген шөлді жерлердің
өсімдіктеріне тән құбылыс болып саналады.
168
Достарыңызбен бөлісу: |