Ақуыз-органикалық дүниенің материалдық негізі. Ақуыз
молекуласыныңашылу тарихы. Я. Беккори 1736 жылы тұңғыш рет
бидай ұнынан желімтіктелген ақуыз алды. Бірақ ақуыздың құрамы
тек жүз жылдан кейін ғана басқа ғалымдардың тәжірибелері негізінде
анықталды. Оны анықтау үшін жасалған алғашқы қадам ақуызды
ыдырату болды. Егер ақуызды күшті қышқылмен (тұз қышқылымен)
араластыра отырып қыздырса, ол өте кішкене бөлшектерге ыдырай-
ды. Бұл бөлшектерді мұқият зерттегенде олардың құрамында карбок-
сил (СООН) тобынын қышқылдық және амин (NH
2
) тобының негіздік
қасиет көрсететіндігі дәлелденді.
Кейіннен осы топтарды «аминқышқылдары» деп атады. Ақуыз
молекуласының құрамына кіретін аминқышқылдарының саны- 20,
олар молекуласының құрылымы жөнінен әр текті болып келеді.
Мысалы, 1806 жылы Р. Воклен мен К. Робике ақуыздың ыдырауынан
пайда болған аминкышқылын аспарагус өсімдігінің сөлінен бөліп
алып, оған аспарагин деген ат берді.1820 жылы француз ғалымы
А.Браконно ақуызды ыдырату арқылы аминкышкылы - глицинді
алды, осыдан кейін аминқышқылдарын жүйелі түрде зерттеу бастал-
ды. Ең соңғы жиырмасыншы аминқышқылы- треонин 1935 жылы
фибрин ақуызының құрамынан алынған болатын. Сөйтіп, ақуыз құра-
мына кіретін 20 түрлі аминқышқылын ашуға 130 жыл уақыт кетті
|