1 сурет. Осы заманғы жарық арқылы көрсететін (сол жақта) және
электрондық (оң жақта) микроскоптар.
Биологияның арнаулы саласы - биохимия, жасушаның химия-
лық құрамын молекулалық денгейде зерттеу үшін центрифуга деп
аталатын күрделі құралды пайдаланады. Ол өте жылдам (минутына
бірнеше мыңдаған айналым жасайтын) айналып, жасушаның кұры-
лымдық бөліктерін бір-бірінен бөліп алады, себебі оның бөліктерінің
тығыздықтары әр түрлі болады. Жасушаның аса нәзік құрылысы мен
қызметін зерттеу тек цитологтардың, биохимиктердін, физиолог-
тардың, генетиктер мен биофизиктердің күш-жігерін ұштастырудың
нәтижесінде ғана мүмкін екені өзінен-өзі түсінікті. Жасуша теориясы
негізінің қалануы және жетілдірілген техникалық құралдардың
шығуы жасушаның құрылысы мен химиялық құрамын, атқаратын
қызметін зерттеуге кең жол ашты.
Достарыңызбен бөлісу: |