38
5 Жасуша биологиясына кіріспе.
Жасуша құрылымдық бірлік
5.1 Цитология - жасуша туралы ғылым
Жасушаны зерттейтін ғылымды
цитология деп атайды. (грекше,
«цитос» - жасуша, «логос» - ғылым). Цитология ғылымы бір жасу-
шалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын, құрамы және
қызметін зерттейді. Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым
құрылысын, қызметін және дамуын сипаттайды. Сондықтан да цито-
логияның зерттейтін құбылыстары мен заңдылықтары цитология,
тәнтану, эмбриология, физиология, генетика, биохимия, молекулалық
биология және т.б. ғылым негіздерінің қалануына жол ашты. Цито-
логия бөлімі - цитохимия пәні жасушаның химиялық құрамының
құрылысын, олардың түзілуін, жасушадағы таралуы мен белсенді-
лігін және оның қызметінің өзгеруіне байланысты химиялық қосы-
лыстардың өзгеріп отыруын зерттейді. Цитохимияның негізгі жетіс-
тіктерінің бірі - нуклеин қышқылдарыныңақуыз молекуласын синтез-
деудегі генетикалық рөлін анықтау. Жасушаның белсендіқызметіне
байланысты ақуыздың өзгеріске ұшырау себептерін және олардың зат
айналымындағы рөлін зерттеу де цитохимияның үлесіне тиеді. Бұдан
біз цитология ғылымының көп саланы қамтитының байқаймыз.
Өзінің даму бағытында цитология тек биологиямен ғана емес, соны-
мен қатар медицина, ауылшаруашылық, химия, физика, математика
және т.б. ғылымдармен де тығыз байланысты. Бұл ғылымдардың
жетістіктері мен әдістері цитологиялық зерттеулерде кең көлемде
қолданылады. Сондай-ақ цитологияның жетістіктері көптеген ғылым-
ның негізін салуда маңызды рөл атқарады.
Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының жасалуы алдында ағза-
ның жасушалы құрылысты екендігі туралы өте маңызды жаңалық
ашылған болатын. Осы ашылған жаңалық органикалық дүние бірлігі-
нің өте танымды дәлелініің бірі болды. Осындай дәлелді өсімдітер
мен жануарлардың жасуша құрылымының ұқсастықтарынан да көру-
ге болады.
Достарыңызбен бөлісу: