1.2 Биологиялық зерттеу әдістері
Экспериментальдық әдісті Уильям Гарвей ғылымға енгізген.
Эксперимент кезекпен табиғи байланыстарды құру үшін белгілі бір
шарттарды алып тастауы мүмкін. Эксперимент жағдайында үлестін
әр түрлі болуы және математикалық өндеу жүзеге асыруға мүмкіндік
береді. Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі- бақылау. Ол
айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы
ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық
үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының
сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті
қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді.
Әдетте, ойша әрекет бағдарламасын жоспарлайды және алынған
айғақтарға, демек, реалдылық туралы білімдерге сәйкес келетін
түсінік береді.
Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операция-
ларын қолданады. Зерттеуші объектіні белгілі бір белгісі бойынша
салыстырады, сонан кейін оны өлшейді. Өлшеу барысында субъек-
тивтілікті мейлінше азайтады.
Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып
табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау
зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін
айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз
(жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте
отырып, табиғи үдеріс барысына енеді.
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
-бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
- суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды
түрдің көмегімен бекіту;
-өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша
салыстыру;
-тәжірибе жасау – құбылысқаталанған кезде қажетті жағдайлар
қайталанғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орын-
дар арқылы бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |