Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет9/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

3 Тірі жүйенің ұйымдастырушылық 
деңгейі туралы түсінік 
 
3.1 Тірі жүйенің ұйымдастық деңгейлері 
 
 
Тіршілік  ұғымындағы  негізгі  орында  -  нәруыздар  мен  нуклеин 
қышқылдары  тұрады.  Өйткені  бұл  қосылыстар  барлық  тірі 
организмдер  жасушаларының  түрлі  құрылымдық  түзілістерінің 
құрамында кездеседі. Табиғаттағы барлық тірі организмдер бір-біріне 
ұқсас  біркелкі  құрылымдық  деңгейлерден  тұрады.  Бұл,  жалпы,  тірі 
организмдердің  бәріне  тән  биологиялық  заңдылық  болып  саналады. 
 
Тіршілік деңгейлері: 
 
Молекулалық  деңгей.  Бұл  -  тіршілікке  тән  бастапқы  ең  қара-
пайым деңгей. Кез келген тірі организм құрылысының қарапайымды-
лығына  немесе  күрделілігіне  қарамай,  оның  бәрі  де  біркелкі  моле-
кулалық  қосылыстардан  тұрады.  Оған  мысал  ретінде  нуклеин  қыш-
қылдарын,  нәруыздардың,  көмірсулардың,  т.б.  органикалық  және 
бейорганикалық  заттардың  күрделі  молекулалар  жиынтығын  атауға 
болады.  Оларды  кейде  биологиялық  макромолекулалы  заттар  деп  те 
атайды. Молекулалық деңгейде тірі организмдер денесінде зат алма-
су,  энергияның  бір  түрден  екінші  түрге  айналуы  айқын  байқалады. 
Молекулалық деңгей арқылы тұқым қуалайтын ақпараттар ұрпақтар-
ға  беріледі,  жеке  органоидтер  түзіледі,  т.б.  процестер  үздіксіз  жүріп 
отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет