Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


Ағзалардың  жеке  дамуы.  Онтогенез



Pdf көрінісі
бет110/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Ағзалардың  жеке  дамуы.  Онтогенез.  Ұрықтанғаннан  кейінгі 
жасушаны  зигота  деп  атайтындығы  баршамызға  белгілі.  Ағзаның 
жеке  дамуы  немесе  онтогенез  -  ұрықтанудың  сонынан  жүретін 
күрделі  әрекет.Онтогенез  екі  кезеңнен  тұрады:  эмбриондық 
(ұрықтық)  даму  және  постэмбриондық  (ұрықтан  кейінгі)  даму,  яғни 


99 
 
ағзаның  жұмыртқа  қабығын  жарып  шыққаннан  кейінгі  кезеңі.
 
Бөлшектенудің нәтижесінде бір қабатты ұрық - бластуланың 
түзілуі.  Сары  уызы  мол  жұмыртқа  жасушаларының  тек  цитоплаз-
маның ядро орналасқан үстіңгі жақ бөлігі ғана бөлшектенеді, ал сары 
уызы  бөлшектенбейді.  Бұған  құс  жұмыртқасының  жасушасы  мысал 
бола  алады  Сары  уызы  аз  жұмыртқа  жасушалары  толық  бөлшек-
тенеді,  оны  қандауыршаның  жұмыртқа  жасушалары  мысалында 
қарастырайық. Зигота митоз жолымен бөліне отырып, бірінен сон бірі 
үлкендіктері  бірдей  бөлшектерге  айналады  -  осы  әрекетті 
бөлшектену деп атайды. 
Ұрықтанған  жасуша,  яғни  зигота  одан  кейін  осылардың 
әрқайсысы бойлай бөлініп төрт жасуша түзіледі. Бұдан кейінгі бөліну 
көлденен бағытта жүріп сегіз жасуша қалыптасады. Одан әрі бойлай 
бөліну  мен  көлденең  бөліну  кезектесіп,  нәтижесінде  16,  32,  64,  128, 
т.б.  бластомерлерге  айналады.  Осындай  митоз  жолымен  бөлінудің 
нәтижесінде пайда болған бөлшектерді бластомерлер деп атайды. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет