Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет125/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Түр критерийлеріТүр критерийлері: 
морфологиялық; 
биохимиялық; 
генетикалық; 
географиялық; 
физиологиялық; 
экологиялық   деп бөлінеді. 
 
Морфологиялық критерий - бір түрдегі даралардың сыртқы және 
ішкі  белгілерінің  ұқсастығы.  Дегенмен  табиғатта  морфологиялық 
жағынан  ұқсас,  бір  түрге  жатпайтын,  хромосомалар  жиынтығы  әр 
түрлі  болғандықтан,  бір  -  бірімен  шағылыса  алмайтын  түр  «қосар-
лары»  кездеседі.  Безгек  масасы,  егеуқұйрықтың  бірнеше  түр  қосары 
бар. Әр жерде таралған егеуқұйрықтардың хромосома саны әр түрлі. 
 
Генетикалық критерий - әр түрдің өзіне тән хромосомаларының 
саны, пішіні, мөлшері түрліше болғандықтан, бір түр мен екінші түр 
даралары  бір  -  бірімен  шағылыспайды.  Егер  түраралық  шағылысу 
бола  қалған  жағдайда,  олардан  тіршілік  етуге  қабілетсіз  гаметалар, 
зиготалар, ұрықтар және ұрпақтар түзіледі. Түраралық шағылысудан 
туған ұрпақтар бедеу болады. Әрбір түрдің  генотипі  –  эволюциялық 
жолмен  дамитын  және  биологиялық  бейімделушілікті  көрсететін 
күрделі жүйе. 
 
Физиологиялық  критерий-бір  түрдің  зат  алмасу,  көбею, 
тітіркену және т.б.ұқсастығын сипаттайды. 
 
Биохимиялық  критерий  -  әр  түрдің  жеке  топтарында  жоғары 
молекулалық  органикалық  қосылыстар  синтезделетінің  анықтайды.
 
Географиялық  критерий  -  түрдің  таралу  аймағын  анықтайды. 
Түрдің  таралу  аймағы  болады.Бір  таралу  аймағында  пайда  болған 
түрлер эволюция процесінде кеңейеді және өзгереді. Мысалы, мамонт 
ағашы  мен  мәңгі  жасыл  секвоя  -  мезозой  заманының  бор  кезеңінде 
дамыған  көне  замандық  түр.  Кайнозой  заманының  үштік  кезеңінде 
Солтүстік  жарты  шарға  кеңінен  таралған.  Солтүстік  Америка, 
Калифорния  жағалауларында  осы  кезде  жергілікті  түр  болып  сақта-


112 
 
лып қалған. Түрдің белгілі таралу аймағын анықтау үшін география-
лық критерий жеткіліксіз. 
 
Экологиялық  критерий  -  әр  түрдің  нақты  алып  жатқан  орнына 
нықтайды.  Мысалы,  орқоян  (далалы  аймақта  мекендейді),  аққоян 
(орманда),  құмқоян  (шөлді,  шөлейтті  жерлерді  мекендейді).  Түрлер-
дің  айырмашылығы  қоректену  мен  тіршілік  ету  ортасына  байланыс-
ты.  Бір  түрге  жатса  да  қасқырлардың  тундрада  және  орманды  дала 
аймағында  мекендейтіндерінің  тіршілік  жағдайында  айырмашылық-
тар бар. 
 
Этологиялық  критерий 
-  организмдердің  бір-бірінен  мінез- 
қылығының  айырмашылығымен  айқындалады
.  Бұл  критерий  көбіне 
жануарларға  байланысты  айтылады.  Әрбір  жануар  түрінің  өзіне  тән 
ерекшеліктері болады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет