110
Бейімделушіліктің түрлер:
1. Бүркеніш рең (жасырушы) және оның түрлері.
2. Түйсік-сезімдік бейімделу.
3. Ұрпағына қамқорлық.
4. Физологиялық бейімделу
Бүркеніш рең - жауы тез байқайтын ашық жерде тіршілік ететін
организмдердің жауынан қорғануы үшін қажет болып табылтың
бейімделушілік. Басқа орта жағдайында бейімделу үшін жануарлар-
дың тез арада реңдерін өзгерте қою құбылысы тұқым қуалайды.
Организмдердің тіршілік ортасына түрліше бейімделуіне негізгі
себепші - сұрыпталу.
1. Бүркеніш рең - ашық жерде тіршілік ететін организмдердің
жауынан қорғануы үшін қажетті бейімделушілік.
2. Сақтандырушы рең - улы, шағатын, күйдіретін жәндіктерге тән
бүркеніш реңнің түрі.
3. Қызықтырушы рең - организмдердің көбею кезіндегі бүркеніш
реңнің түрі.
4. Қауіп төндіруші рең - жауынан қорғану үшін айбар шегіп
құтылу тәсілі.
5. Еліктеуші рең (мимикрия) - табиғаттың өлі заттарына және тірі
организмдердің еліктеуі - өздігінен қорғана алмайтын, баяу қозғала-
тың дәрменсіз организмдердің бейімделушілігі.
Достарыңызбен бөлісу: