118
Популяцияның бастапқы аталық және аналық дарақтарында
аллельдер жиілігі бірдей болса, онда кездейсоқ шағылысуда кез
келген генотиптерінің тепе-теңдік жиілігі бір ұрпақ көлеміңде іске
асады. Оқшаулану - қарапайым эволюциялық фактор ретінде
құбылыстарының жіктелуі, оның эволюциялық рөлі. Оқшаулану -
панмиксияны бұзатын кез келген тосқауылдың пайда болуы.
Эволюция процесіндегі оқшауланудың маңызы-еркін шағылыса
алмау, ол популяция мен түрдің мекендеуші жеке бөліктерінің
арасында айырмашылықтың бекуіне әкелді. Эволюциялық айырма-
шылықтың осындай бекітілуінсіз ешқандай форма түзіліс мүмкін
емес. Оқшаулану кеңістіктік және биологиялық деп жіктеледі.
Кеңістіктік оқшаулану әртүрлі формада болады: су тосқауылдары
құрғақты мекендейтін түрлерді бөлсе, құрлық тосқауылдары
гидробионт түрлерді оқшаулайды. Осындай оқшаулану мысалына-
салыстырмалы түрде аз жылжитын жануарлар-жербетілік моллюска-
лар, Гавай аралдарындағы кішкентай жазықшамен тіршілік етуге
жарамды басқа жазықшамен оқшауланған; әрбір жазықтықта
спецификалық ерекшеліктері бар өзіндік жеке популяциялар пайда
болады. Осы сияқты территориялды-механикалық оқшауланудың
пайда болуы түрлердің белгілі бір территорияда тарихи дамуына
байланысты. Осы жағдайды оқшауланудың ең басты себебі мұз басу
болып табылады. Қазіргі уақытта биосфераға адам әсер етуімен
осындай кеңістік оқшаулану жиі болуда. Мысалға құндыз (Martes
zibellina) ХХ ғасырдың басында Еуропада ажыраған ареалы пайда
болған. Әдетте, осындай ажыраған ареалдың пайда болуы-түрдің
біртіндеп жоғалуының қауіпті белгісі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: