128
- ағзадан төмен - молекулярлық, клеткалық, ұлпалық және мүше-
лер жүйесіндегі деңгейлерді біріктіреді.
- ағзалық – ағзалық жүйені құрайды.
- ағзадан жоғары – популяциялық түр жүйесін, экологиялық
жүйені және биосфераны қамтиды.
Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосфера мен
экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің үш үлкен
бұтағы тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді. Биоалуантүр-
ліліктің әр деңгейі бөлімдерге бөлінеді. Бұл бөлімдерде биоалуан-
түрлілік әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы ерекше туындысы
ескеріледі. Олардың арқасында көрсеткіші құрылады, қоршаған
ортаға төзімділікті қамтамасыз етеді. Биоалуантүрліліктің жоғары
деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ландшафтар орналасады.
Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды.
Табиғатта жануарлардың биоалуантүрлілігі көптеген белгілерге
тәуелді болады. Кез келген түрде немесе экожүйеде
үш негізгі
әртүрлілікті көрсетуге болады. 1. генетикалық; 2. экологиялық; 3.
ландшафтық. Кейбір түрдегі жануарлардың түрлері басқа даралар
түрлерімен еркін шағылысып ұрпақ береді. Бірақ кейбір жағдайларда
мұндай құбылыс байқалмайды. Осыған байланыстыбұл жануарларды
топтарға бөліп алуантүрлілігін анықтаған. Ғылымдардағы жаңа
түрлерді сипаттау барысында қиындықтардың болуы бағалау кезінде
сақтықпен айналысу қажет екендігін көрсетті. Ғылымға белгілі
жануарлар саны К. Линнейдің көрсетуі бойынша11 мыңнан астам
болса, қазіргі уақытта 1 млн-ға дейін жетті. Ғалымдар әрдайым жаңа
жануарлардың
түрлерін
сипаттап
жаңа
түрін
анықтауда.
Біздің планетамыздың түрлерініңсанын ешкім нақты мәніменкелтіріп
бере алмайды. Бірақ жануарлардың түрлерінің саны өсімдіктер
мен саңырауқұлақ- тарының санынан әлдеқайда басым. Соның ішінде
жануарлардың арасында бунақденелілердің түрлері өте көп. Олардың
саны өсімдіктер мен микрофлораның санынан басым түседі. Түрдің
қалыптасуы олардың құрылымы мен өсімтал ұрпақ беру мүмкіндігіне
байланысты. Әр түрге жататын даралар бір бірінен сыртқы пішіні,
мінез-құлқы, физиологиясы бойынша бір біріне мүлдем ұқсамайды.
Достарыңызбен бөлісу: