137
құрылған. Осындай шаралардың бірі Халықаралық табиғат қорғау
ұйымы (ХТҚҰ) еді,
ол 1948 жылы құрылды. Ұйымның мақсаты-дүние
жүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және
өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін
халықаралық «Қара кітаптың»тізімі жасалды.Оған жер бетінен бір
жола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді.
«Қызыл кітап» туралы пікірді ағылшын табиғат зерттеушісі
Питер Скотт айтқан болатын. 1963 жылы халықаралық «Қызыл кітап-
тың» алғашқы
басылымы, одан соң 1966 – 1975 жылдар аралығында 5
томы жарық көрді. 1978 жылы КСРО – ның «Қызыл кітабы» шықты.
Қазақ КСР – ның алғашқы «Қызыл кітабының» жануарларға арналған
бөлігі 1978 жылы, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық
көрді. Қазақстанның «Қызыл кітабы» содан бері 1991 және 1996
жылдары өңделіп, қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.
«Қызыл кітапты» ұйымдастыру үшін Қазақстан Республика-
сының Ұлттық Ғылым академиясының бірнеше ғылыми – зерттеу
институттарының ғалымдары
ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ғылыми –
практикалық конференциялар ұйымдастырды. «Қызыл кітапқа»
енетін әрбір түрге ғылыми түрде сипаттама беріліп, талқыға салынды.
Одан соң жануарлар туралы қарар қабылданып отырды.
«Қызыл кітапқа» белгілі бір түрде енгізу үшін ғалымдар әр
жануарлардың не өсімдіктің 5 санатын анықтаған. Осы санатқа
сәйкес келген жағдай да ғана ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілген. Ол
санаттар төмендегідей:
Достарыңызбен бөлісу: