Протоантроп сатысы. Есептеулер бойынша 1 млн.750 мың жыл
алдын өмір сүрген. Олар тік жүрген, ми көлемі 530 см кубтай болған.
Олар дәл қазіргі адамдар тегі ме, жоқ па, ол әлі белгісіз.
Археантроп сатысы. Бұл питекантроптар бұдан 1-1,3 млн. жыл
алдын өмір сүрген. Ми көлемі 800-1200 см кубтай болған. Тек
анатомиялық белгілерін зерттеу адамның пайда болуын түсіндіре
алмайды. Адам пайда болуда олардың еңбек қызметінің, топ аралық
қарым-қатынаста тілінің шығуы сияқты прогрессивті дамуында аса
маңызды рөл атқарды. Тік жүру адам эволюциясында ірі екі арамор-
фозға әкеп соқтырды. Ол біріншіден, оның алдыңғы екі қолын еңбек
етуге босатты. Екіншіден, тік жүрудің арқасында олар қабылдайтын
ақпараттары молайды. Информация еңбекпен қоса олардың миының
күшті дамуына себеп болды. Ми көлемінің артуы олардың еңбек
150
қызметінің де, сөйлеу қызметінің де жақсы дамуына әсер етті. Гомо еректус әр түрлі ағаштан, тастан құралдар жасай алды. Отты
пайдаланып, тамақта пісіре бастады.