163
Биотикалық факторларға ағзалардың тіршілік әрекетіне
байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады. Оған
ағзалардың өзара селбесу арқылы тіршілік етуі, арамтамақтық
тіршілікке көшуі, жыртқыш пен жемтігі, т. б. жағдайлар жатады,
Биотикалық факторлар бір популяция ішіндегі даралар арасында да
және жеке популяциялар арасында да байқалады. Мысалы,
бөкендердің жайылымдардағы өсімдіктерге әсері, бөкендердің
тіршілік үшін бір-біріне өзара әсері немесе қасқырдың бөкенге
шабуылы, т. б. әсерлерді атауға болады.
Антропогендік факторларды биотикалық факторлар қатарына
жатқызып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс-әрекетінің
табиғатқа қарқынды, әрі жан-жақты ықпал етуіне байланысты ол
жеке қарастырылады. Антропогендік факторлар тікелей ағзаларға
және айналадағы орта жағдайларына да әсер ете алады. Қазіргі кезде
адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі
жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Оған мысал
ретінде Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий
алқабының экологиялық апатты аймақтарға айналғандығына
антропогендік факторлар негіз болғанын атап айтуға болады.
Әрбір ағзаға бір мезгілде осы айтылған факторлар жиынтығы да
ықпалын тигізеді. Бұл жағдайлардың қалыпты жағдайдан ерекше
ауытқуы сол ағзаның тарихи дәуірлерде қалыптасқан тіршілігіне
әсерін тигізбей қоймайды, соның нәтижесінде табиғи тепе-теңдік
бұзылады да, өз кезегінде сол бірлестіктегі басқа да ағзаларға нұқсан
келтіреді. Кез келген ағзаның тіршілік жағдайына өте қолайлы
әсерлер жиынтығын
қолайлы немесе
оптимум факторлар деп
атайды.Әр түр үшін белгілі бір факторлардың қолайлы мәні түрліше
болады. Бір түрге қолайлы әсер, екінші бір түрге керісінше зияңды
болуы мүмкін. Сондықтан да қазіргі кездегі жер бетіндегі және су
айдындарындағы барлық ағзалар белгілі бір заңдылықтар бойынша
экологиялық факторларға байланысты таралған.
Достарыңызбен бөлісу: