Цитоплазманың қызметі:
1. Цитоплазма; эндоплазмалық тор, рибосомалар, митохондрия-
лар, пластидтер, гольджи жиынтығы, лизосомалар, жасуша орталығы,
вакуольдер және қосындылардың жұмысын реттеп отырады.
2. Цитоплазма жасушаның жұмысын реттеп тұратын фермент-
терге, ферменттер жүйесіне бай, олар зат алмасуды тездетеді.
Эндоплазмалық тордың құрылысы. Бұл - органоид цитоплаз-
маның ішінде бір-бірімен тығыз байланысқан түтікшелердің (канал-
шалар), вакуольдердің, цистерналардың жиынтығынан тұратын
күрделі жарғақшалар жүйесі. Эндоплазмалық тордың:
) түйіршікті;
2) тегіс бетті екі түрі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |