43
өтетін ортамен үздіксіз зат алмасады. Жарғақша арқылы жасушаға су
молекулалары, суда еріген заттар, мысалы, оттегі (О
2
), азот (N
2
),
көмірқышкыл газы (СО
2
), т. б. өтеді;
3. Ыдырау өнімінің зиянды қалдықтары жарғакша арқылы сырт-
қы ортаға
шығарылады;
4. Плазмалык жарғақшаның негізгі қызметінің бірі - заттарды
тасымалдау. Екі жасушаның жарғақшасы қатпарлары немесе өсінді-
лері аркылы берік байланысады. Яғни, жасушаның жарғақшасы тегіс
болмайды, бірінің ойығына екіншісінің өсіндісі кіріп жатады және екі
жасушаның жарғакшалары өзекшелер аркылы байланысқан. Осы
өзекшелердің бойымен бір жасушадан екінші жасушаға қоректі зат-
тар, иондар, кемірсулар және басқа қосылыстар жеткізіледі.
Көптеген металдардың, хлоридтердің және басқа да молеку-
лалардың мөлшері жағынан су молекуласынан кіші болса да олардың
жасушаға өтуі баяу және нашар болады. Алайда көптеген физиоло-
гиялық және биохимиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде зат-
тардың жасушаға өтуі белсенді әрекет екендігі делелденді. Сондай-ақ
соңғы жылдары молекулаларды жарғақша аркылы тасымалдайтын
ерекше ферменттердің болатындығы анықталды. Бұл ферменттерді
тасымалдаушы ақуыздар деп атайды.
Фагоцитоз. Жасуша жарғақшасы шала өткізгіштік қасиетке ие.
Кейбір заттар жасуша ішіне тез өтеді де, ал екінші біреулері өте
алмайды. Мысалы ақуыз бен полисахаридтердің ірі молекулалары,
тағамның ірілеу түйіршіктері, бактериялар жасушаға фагоцитоз
жолымен өтеді (грекше.
«фагео»- жебір). Фагоцитоз әрекетіне плаз-
малық жарғақша тікелей қатысады. Ірірек келген түйіршіктер мен
молекулалар жасушаның жарғақшасымен жанасқан бетінде жарғақша
майысып, шұңқырланады да, бөлшекті қоршап алып, сіңіреді. Түйір-
шік тердің сіңірілуі әртүрлі ферменттер аркылы орындалады. Амеба
және басқа қарапайымдар фагоцитоз жолымен қоректенеді. Лейко-
циттер де фагоцитозға қабілетті.
Достарыңызбен бөлісу: