Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет51/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Митохондрияның  қызметтері.  Митохоңдрияда,  негізінен  энер-
гия  қоры  АТФ  түзіледі.  Жануарлар  жасушалары  митохондриядан 
энергияның  95%-ін,  өсімдіктер  мен  саңырауқұлақтар  одан  азырақ 
бөлігін  алады.  Энергия  қорының  алғашқы  пішіні  -  ішкі  жарғақшада 
пайда  болатын  электрохимиялық  потенциал  түріңде  сақталып,  оның 
негізгі бөлігі АТФ синтезіне жұмсалады, калғандары кальций, калий, 
магний иондары, т. б. жарғақша арқылы белсенді тасымалдауға және 
жылытуға жұмсалады.  
 
АТФ - барлық тірі ағзалардың митохондрияларында синтезделе-
тін тіршілік үшін маңызы бар энергия көзі. Сондықтан митохондрия-
ны жасушаның күш беретін станциясыдеп атайды. Митохондриадағы  
энергия көзі - пирожүзім қышқылының гликолизді кезіндегі 


48 
 
тотығуынан  басталып,  СО
2
  және  Н
2
О  пайда  болуымен  аяқталатын 
биологиялық (ұлпалық немесе жасушалық дем алу) тотығу әрекеті. 
 
Бірінші сатысы - пируваттың ыдырауы мен трикарбон қышқылы 
циклінің  реакциясы  түпнегізінде  жүреді,  екінші  сатысы–  электрон-
дарды дем алу ферменттері арқылы сутегінен оттегіне тасу және АТФ 
синтезі,  яғни  фосфорлардың  тотығу  реакциясы  ішкі  жарғақшада 
жүреді.  Электрохимиялық  потенциал  электрондар  тасу  жүйесінің 
кызметі  нәтижесінде  пайда  болады.  Ішкі  жарғақшадағы  белсенді 
тасымалдау  жүйесі  митохондрияның  түпнегізіне  К
+
  ,  Са
+
  ,  Mg
+
  иоң-
дар тасымалдауды камтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет