Митохондрияның құрылысы. Митохоңдрияның (грекше. mitos
- жіп) және
chondrion - дән, түйіршік) жасушадағы саны бірден 100
мыңға дейін ауытқып отырады. Митохоңдрияның пішіндері, негізінен
таяқша және дән тәрізді болып келеді. Олар кейбір жасушаларда
пішінін өзгертіп, үнемі қозғалып жүреді. Орташа ұзындығы - 10 мкм,
ал диаметрі 0,2—1,0 мкм.Жасушаның белсеңділігіне байланысты
митохондрияның саны өзгеріп отырады. Митохондрия:
1) жарғақшамен капталған түпнегізден;
2) жарғақша аралық кеністіктен (ішкі жарғақшасы қыртысты
болып келеді);
3) сыртқы жарғақшадан тұрады.
Түпнегізіңде сақина тәрізді митохондрияның ДНҚ-сы мен РНҚ-
лар және рибосомалар болады. Онда кальций және магний тұздары да
кездеседі. Сол сияқты түпнегізде митохондрия жарғақшасының ішкі
қабатын құрайтын ақуыздың синтезі және май қышқылы тотығып,
синтезделеді. Ішкі жарғақша негізінен 70% ақуыздан, 20% фосфоли-
пидтен және т.б. тұрады. Сонымен қатар ішкі жарғақша белсеңді
тасымалдау жүйесін қамтамасыз ететін түтікшелер мен тарамдардан
тұрады.
Сыртқы жарғақша жұмсақ, қалыңдығы 6-7 нм, оның құрамында
15% ақуыз, ал 85% фосфолипидтер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |