50
2) қуыстармен байланыса орналасқан ірі түтікшелер;
3) майдакөпіршіктер.
Қызметі. 1) Гольджи жиынтығында полисахаридтер мен липид-
тердің синтезіне қатысатын ферменттер болады, олар биосинтез
реакцияларының жүрісін жеңілдетеді; 2) Гольджи жиынтығы жасуша
бөлінетін кездегі пайда болатын жарғақшалардың синтезіне қатыса-
ды. Гольджи жиынтығының әсерінен плазмалық жарғақша жаңарып
отырады; 3) эндоплазмалық торда синтезделген ақуыз, липид
,
көмірсу
молекулалары оның өзекшелері арқылы гольджи жиынтығына жеткі-
зіледі; 4) сонымен қатар бұл органоид жасушаның тіршілігіне зияңды
улы заттарды сыртқы ортаға бөліп шығара алатыны анықталды.
Жасуша бөлінер алдындағы протоплазма қимылының күшейе түсу
себебі осы мүшеге байланысты болу керек деген ғылыми жорамал
бар. Бірақ Гольджи мүшесінің қызметі осы күнге дейін толық зерт-
телген жок.
Достарыңызбен бөлісу: