Лизосоманың құрылысы. Лизосома негізінен, эукариотты
жасушаларда, соның ішінде фагоцитозға қабілетті жануарлар жасу-
шаларында көп кездеседі. Лизосомалар (грекше. “лизео”- ерітемін,
“сома”- дене) - электрондық микроскоп арқылы зерттелген кішкене
денешіктер. Олардың пішіні домалақ, ал диаметрі 0,2—0,5 мкм.
Лизосомалардың ішінде гидролиздеуші ферменттердің жиынтығы
болады. Лизосомалардағы нуклеаза, липаза, фосфатаза, ДНК-аза
жәнеРНҚ-аза берік бір қабатты жарғақшамен қоршалған. Мұның
ферменттеріне рН-тың төменгі мәндері тән болғандықтан, лизосомада
қышқылдық орта сақталады. Сондықтан да ферменттер жасушалар-
дың органоидтары мен құрылымдарынан алшақ тұру керек, әйтпесе
жасушаны бұзады. Лизосоманың ферменттері, ақуыз сияқты цито-
плазманың рибосомаларында синтезделеді. Синтезделген ферменттер
эңдоплазмалық тордың өзекшелері арқылы Гольджи мүшесіне барып,
оның қуысында лизосома қалыптасады да одан цитоплазмаға өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |