Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет99/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Хемосинтез.  Фотосинтезден  басқа  кейбір  бактериялардың  іс- 
әрекетіне  байланысты  жүретін  синтез  реакциялары  болады.  Ол 
хемосинтез (грекше, Сһеmlіа - химия, Synthesis - қосылу). 
 
Хемосинтездің  фотосинтезден  айырмашылығы,  онда  күн  сәулесі 
энергиясы емес, бейорганикалық заттардың тотыға отырып ыдырауы 
кезіндегі энергияны пайдаланады. Хемосинтез де, фотосинтез сияқты 
энергияны  затқа  алмастырады.  Яғни,  хлорофилі  жоқ  бактериялар 
бейорганикалық  заттардан  органикалық  заттарды  синтездеуге 
қабілетті  болады.  Осындай  хемосинтез  әрекеттері  жүретін  бактерия-
лар  мыналар:  күкірт,  нитрит,  нитрат,  темір,  марганец  пен  көмір 
оксидін  пайдаланатын  бактериялар.  Мәселен,  хемосинтетиктердің 
ішіндегі  құндысы  азотфиксациялаушы  және  нитрификсациялаушы 
бактериялар  болып  табылады.  Бұл  бактериялардың  бір  тобы 
энергияны  аммиактың  азотты  қышқылға  тотығу  реакциясынан  алса, 


89 
 
бактериялардың  екінші  тобы  азотты  қышқылдың  азот  қышқылына 
дейін тотығуы кезінде бөлініп шығатын энергияны пайдаланады.  
2NH
3
 + ЗО
2
 →2HNO
2
 + 2Н
2
О 
2HNO
2
 + О
2
 - 2HNO
3
 
 
Темір  бактериялары  мен  күкірт  бактерияларының  да  алатын 
орны ерекше. Бұлардың біріншілері екі валентті темірді үш валентті 
темірге  тотыктыру  кезіндегі  энергияны  пайдаланса,  4ҒеО  +  О2  → 
2Ғе
2
О
3
  ал,  екіншілері  күкіртті  сутекті  күкірт  қышкылына  дейін 
тотыктыру кезіндегі энергияны пайдаланады.  
H
2
S + 2О
2
→ H
2
SO
4

 
Көптеген  хемосинтезді  бактериялардың  халық  шаруашы-
лығында  маңызы  зор.  Мысалы,  күкіртті  бактериялар  тоқтау  суларда 
ондағы  күкірт  қосылыстарынан  тазартады,  нитритті  және  нитратты 
бактериялар  топырақ  шірігенде  бөлінетін  аммиактың  азотын  тұтып 
қалады;  темірлі  бактериялар  теңізде  кеңдердің  қалыптасуына  және 
жер бетінде темірдің пайда болуына катысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет